Өлең, жыр, ақындар

Кәсіпкерлерге арналған «E-commerce Meet UP» өтті

16 қазан күні Астана қаласында «Қазпошта» АҚ-ның ұйымдастыруымен электронды саудамен айналысатын кәсіпкерлер үшін «E-commerce Meet UP» өткізілді.

Шараны өткізудегі басты көзделген мақсат еліміздегі электронды сауданы дамытып, маңызын жоғарылату.

«Қазпошта» АҚ электронды сауда департаментінің директоры Мұстафин Сұлтанның айтуынша негізгі міндет электронды саудамен айналысатын серіктестерді іске шақыру, осы арқылы электронды сауда нарығын алға шығару. Бұл орталықта электронды саудамен айналысқысы келетін кәсіпкерге барлық жағдай жасалған.

«Бұл жалпы айтқанда интернет бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге қызмет көрсету бөлімшесі. Қазпошта әрдайым бұл жүйені логистика ретінде ұсынып отырды. Енді біз нақты бизнесті дамытуға бел будық. Яғни өзіміз емес, керісінше осы салада жұмыс жасауға құлшыныс білдіретін кәсіпкерлерді тарту арқылы. Дәлірек айтсам  өзгелерді тарту арқылы Қазақстандағы электронды сауданың өркендеуіне үлес қосу», – деді Мұстафин Сұлтан.

Сонымен қатар шарада аталған орталықтың білікті мамандары кәсіпкерлерді өз қызметтерімен таныстырып, тереңдетілген кеңес алуға шақырды.

«E-commerce орталығының жұмысы кәсіпкерлерге бағытталған. Біз сіздерге келесі қызметтерді ұсынамыз: интернет маркитингті басқару, аутцортинг бухгалтері, CRM жүйесі, сату бөлімі, онлайн сату бойынша өз сайтын құру. Сізге ыңғайлы болу үшін көрші залда мамандар отырады және олар сізге кеңес беруге дайын», – деп хабарлап өтті Астана қаласы бойынша E-commerce жобасының жетекшісі Дүйсенбаев Еркебұлан. 

Спикерлер интернет маркетингке салыстырмалы талдау жасап, семинарға қатысушыларды негізгі ұғымдармен таныстырды. Сондай-ақ landing page, интернетте тауарларды сату қызметі, тиімді online сатуқұралдары, таргет жарнамаларының қыр-сыры туралы ақпаратымен бөлісті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар