Өлең, жыр, ақындар

Шағыл мысығы

Шағыл мысығы — кішірек жабайы мысық (денесінің ұзындығы 40-50 см, құйрығы 20-30 см, салмағы 1,5-3 кг). Аравия мен Синай түбектерінде, Сахараның солтүстігінде, Пәкістанда, Орта Азия мен Қазақстанда мекендейді. Біздің республикада шағыл мысығы Қызылқұм шөлі мен Каспий теңізі маңында үйілген құм төбелерді мекендейді. Жемтігін түнде, суық кезде күндіз аулайды. Ақпан-наурызда күйлейді. Сәуірдің аяғы мен мамырда 8 марқауға дейін туылады, жыл аяғында олардың салмағы үлкен мысықтың салмағымен бірдей болады. Тышқантәрізді кеміргіштер мен ұсақ құстар, сирек бауырымен жорғалаушылар және жәндіктермен қоректенеді. Негізгі жемтігі — құмтышқандар. Мысықтың санының артуы мен таралуы — құмтышқанның көп болуымен тығыз байланысты. Шағыл мысығы сирек кездесетін түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1978, 1991, 1995). Үстірт қорығы мен Ақтау-Бозашы қорықшасында қорғалады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз