Өлеңдер бөлімі

Астана — Н.Ә. Назарбаев туындысы

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
«№51 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: "Астана Н.Ә.Назарбаев туындысы"

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секция: Өлкетану

Сыныбы: 10 «Ә »

Мектебі: №51

Автор: Байжан Дамира

Ғылыми жетекшісі: Сулейменова Гулмария Туралиевна

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Н.Ә. Назарбаев көшбасшы

1.1 Астана — Н.Ә. Назарбаев туындысы

1.2  Астана қаласы туралы деректер

1.3  ЭКСПО-2017

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Ғылыми зерттеу күнделігі

Аннотация

Ғылыми жоба"Астана — Н.Ә. Назарбаевтың туындысы". Біз бүгінгі жобамызда осы тарихы айтылған жас Астананың бастамашысы елбасымыз жайлы және әсем қала жайлы сөз қозғаймыз. Н. Назарбаев — түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары — еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы. Ол ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау — Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады.

 

Annotation

Scientific project "Astana-N.A.Nazarbaev creation of" capital project in the history of this young, we talk about the initiator of the President and beautiful city. President heroic grandfather original ancestors, unbroken rule in the history of the Kazakh command, figures left an indelible mark on generations of eloquence. Fathers - to keep the flag of eñsegey height Esimkhan commander on Karasay St., Qarasayulı Koshek, taking into account the dance. For his father and mother Alzhan painful Abish's firstborn son was begging God Saints were going to spend the night. Almağayıp the reins of the country, troublesome, the most difficult period of his hands. The advantage stood the test of history and destiny, and people make the bridge of his burning fire. Citizen unprecedented heroism, wisdom, there is no doubt get to the next generation of future legend. Thinking about the fate of the people who today make amends for the history associated with the president's thinking. Kazakh revenge for departing from the garden, walls, and talk about how the President who has made such a powerful wisdom in the face.

Кіріспе

Жұмыстың мақсаты:

1. Оқушылардың ғылыми жобаға қызықтырушылығын арттыру

2. Шығармашылық қабілетін таныту және дамыту

3. Ғылыми ізденудің әдістерін оқыту

Зерттеу жұмыстарының міндеттері:

1. Н.Ә. Назарбаев көшбасшы 

2. Астана Н.Ә. Назарбаевтың туындысы   

3. Астана қаласы туралы деректер

4. ЭКСПО-2017жыл

Ғылыми жұмыстың мәселесі: Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде әлемге таныту.

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: "Астана — Н.Ә. Назарбаевтың туындысы"

Ғылыми жұмыстың гипотезасы: Астана жөнінде толық мағлұмат беретін дерек көздеріне сүйеніп, терең зерттеулер жүргізілгенде, ол туралы сізге осы күнге дейін белгісіз болып келген қырлары жөнінде ой қорытуға болады.

Бұл ғылыми жұмыстың гипотезасы мынандай міндеттерді қояды.

Зерттеу жұмыстарының міндеттері

1. Астананың әлемдегі алатын орынын анықтау

2. Астананың даму тұтастығын ескеру

3. Елбасы қызметі

Зерттеу әдісі: 

1. Астана туралы мәлімет беретін зерттеулерге ғылыми жұмыстарға шолу жасау.

2. Ізденіс денгейіне түсінік беру.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Астананың құрылуы, көркейіп өсуі, аз уақыт аралығында дүниежүзіне әйгілі болуы, жаңа құрылыстардың күнсайын бой көтеруі.

Зерттеу жүргізу кезі: Ғылыми оқулықтар, мақалалар, қазіргі зерттеу еңбектері.

Бозоқ — Дешті Қыпшақ астанасы: Ата Түріктің ортаншы ұлы Бозоқ Ұлы Даланың орталық бөлігі саналатын Сарыарқаға ордасын тікті. Бозоқ қаласы X-XІ ғасырларда тұрғызылған және Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларынан шыққан әміршінің тұрағы, ордасы болған дейді. Қаланың тарихында екінші кезең Қыпшақ хандығының (Х-ХІғ.) далада күшею кезеңіне келеді. Осы орынды мекендеген қыпшақтар орларды тазартты, қыш кірпіштерден және ағаштан үйлер салды. Алаңдар ортасында киіз үйлер тұрды. Осы орынды игерудің үшінші кезеңі алтын орда дәуірінде (XIII-XIVғ) басталды және жаңа мерзімге дейін жалғасты.Ақмола бекінісін құру туралы шешім: 1822 жылы Александр Бірінші Сібір қырғыздары туралы жарғы қабылдайды. Жақын арада Ақмола бекінісін салу туралы мәселе шешіледі. Атауды өзгертпей, патшаәкімшілігінің барлық қағаздарында орын Ақмола аталып кетті. Онда бекініс тұрғындары небәрі 313 адам болатын.

Ақмола Ресейді Орталық Азиямен байланыстыратын транзиттік тармақ ретінде сауданы, өнеркәсіп пен мәдениетті дамыту үшін өте ыңғайлы болды. Осы жерге Сібір, Орал, Орта Азиядан көпестер келіп қоныстанды. Уақыт өте келе шағын әскери бекініс шағын қалаға айналды. Қазіргі заман тілімен айтсақ, Ақмола инвестициялық тартымдылыққа ие болды. Қала мәртебесі Ақмола станицасына Ресей империясының Ішкі істер министрлігінің 1862 жылғы 7 мамырдағы шешімімен берілді.1868 жылы жоғары жарлық бойынша бес уезден тұратын ауқымды Ақмола облысы құрылды: Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар. Сол уақыттың талабына сәйкес облыс елтаңбасы бекітілді. 1939 жылы қазан айында Ақмола облыс орталығы болып анықталады. Бұл кездейсоқ бола салған жоқ: Ұлы Отан соғысының басталар алдында индустриясы кеңінен дамыған жеткілікті түрде үлкен қала болды. Бұл жерде 6 кәсіпорын болды. Бұл уақытта Ақмолада 32,5 мың адам тұрды. Ақмолаға жаңа мәртебе берілуімен жаңа орындар ашыла бастады.Тың игеру: Тың жерлерді игеруге орай Ақмола облысы елдің ең басты астықты аймағына және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың ірі орталығына айналды. 1953-1956 жылдар ішінде облыста 3,5 млн.га тың жер көтерілді. Қала өркендеп дами бастады және 1960 жылы 26 желтоқсанда Астықты өңірді құру туралы жарлық шықты. Ал 1961 жылдан бастап қала Целиноград атала бастады.Жаңаастана: 1992 жылы Целиноград қайта Ақмола атана бастады. Ал 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысы қабылданады. 1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

Астана —  Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 880 191 адамтұрады 2016. Қазір қаланың аумағы 710км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Бүгінгі таңда Астана — мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін, Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны.Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 мың адамнан 2005 жылы 5,2 мың адамға дейін көбейді.

Халқы

1989

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

281252[4]

275100[4]

275300[4]

326900[4]

381000[4]

446200[4]

493100[4]

501998[5]

510533[5]

529335[5]

550438[5]

 

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

574448[5]

602684[5]

605254[5]

649139[5]

697129[5]

742918[5]

778083[6]

814401[7]

852985[8]

872655[9]

 

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Н.Ә. Назарбаев көшбасшы

Біз бүгінгі жобамызда осы тарихы айтылған жас Астананың бастамашысы елбасымыз жайлы және әсем қала жайлы сөз қозғаймыз. Н.Назарбаев – түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары – еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы. Ол ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау – Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады. Елбасын көп ретте Абылай ханмен салыстырып та жатады. Сөз жоқ, Алаштың айбыны болған Абылай халық жадында, ел тарихында мәңгілік қалады. Дана қайраткер, кемел тұлғаның: “Үш жүздің басын қоссам, қала салсам, сөйтіп көшіп-қонған жұртымды ел етсем” деген арманы асқақ болатын. Абылайдың да сол арманын жүзеге асырған, аманатқа адал болған адам — тағы да сол Нұрсұлтан Назарбаев. “Тымақ — төбесінен, ел төресінен тозады” дейді халық. Құдайға шүкір, қазақтың тымағы бүтін, төресі төрінде. Н. Назарбаев ешқашан халқына жалған уәде берге нжоқ, ақиқаттан айныған емес. Оны халқы бағалады. Астананы көшіргенде де халқы қолдады, қазір де қолдап отыр. Енді осы жаңа Астанаға қалай жеткеніміз туралы шолу айтып кетейік. [1, 335]

2. Астана Н.Ә. Назарбаевт уындысы.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдайды. Ол қаланың ел ортасында тиімді геосаяси орналасуымен, ірі көлік жолдарының қиылысында орналасуымен, қажетті көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың болуымен, астананы дамыту үшін бос жерлердің болуымен негізделді. Қалада ол кезде 319 мың адам болды. Қала аумағы 1997 жылы 258 км.м болды, ал бүгінде Астана 710,2 км  құрайды.1998 жылы алтыншы мамырда ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Ақмола Астана болып аталатын болды. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Қазақстан астанасына медаль беріліп «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді.Тарихқа сәл шегініс жасап, елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске түседі. Иә, сол жылдың қара күзінде Мемлекет басшысы жаңа астана төрінде республикамыздың мемлекеттік нышандарын орталық алаңда салтанатпен қарсы алған болатын. Міне, осы сәттен бастап, Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда қоныстанған Астана.Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті. 1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті. [2, 337]

Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда.Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жаса уүшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іскеқ осылмақ.

Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді. [1, 335]

Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.

Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиа жоспарларға сәйкес іске асырылады.

Биліктің үш тармағы: Үкімет, Сенат, Парламент.

Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген жұмыс кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталды. Астанада 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 6,2 мың теңгені құрады. Кірісі кедейлік шегімен бірдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе кем. Қалада зейнеткерлердің саны 2000 жылғы 32,3 мың адамнан 2005 жылы 34,7 мың адамға өсті. Мүгедектердің саны 7,7 мың адам болды.Жергілікті бюджеттен төленетін есебінен әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2005 жылы 678,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде тұрғын үй көмегі — 23,5 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмек — 35,4 млн. теңге. 2005 жылы Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің орташа мөлшері 2,4 мың теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2,3 мың адам болды. [3, 26]

14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі түрінде түрлі материалдық көмек алдыҚалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-і жеке меншік), 22 колледж жұмыс істейді. Оқудың барлық түрлері бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің жалпы саны 58,3 мың адам. Оқушылар саны 1,9 мың адам болатын небәрі 5 мемлекеттік кәсіптік мектеп бастауыш және орта кәсіптік даярлықты жүзеге асырады.Астанада 54 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректері бойынша жалпы саны 60,1 мың оқушысы бар кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесінде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бес-алты жастағы балалардың мектеп алды дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.Қалада білім беру кеңістігі құрылды. Білімге ынталы дарынды балалар үшін мектептер ашылды. 26 мектепте жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын сыныптар ашылды. Қалада ғылым салыстырмалы түрде төмен деңгейде, ғылыми қызметкерлер санының күрт төмендегені байқалады.2005 жылы Астана қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3,6 мың дәрігер және 4,2 мың орта медицина қызметкерлері еңбек ететін, жергілікті басқару органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттік медицина ұйымы және 100-ден астам мемлекеттік емес медицина ұйымдары қызмет көрсетті. Ал 1998 жлдың 10 маусымында әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті.Дегенмен, 2006 жылдан бастап елорда күні 10 маусым емес 6 шілде күні кеңінен аталып өтуде. Әрине, Астана Елбасымыздың төлтумасы десек те, бұл Елбасымыздың туған күніне орайластырған шара емес. Кейде, кейбіреулердің дәл осындай ойға берілетіндігін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, олар еліміздің жаңа тарихы бастау алатын тұстағы еліміздің елордасын ауыстыру туралы маңызды шешімнің дәл 6 шілде күні осыдан тура 21 жыл бұрын қабылданғанын білмесе керек.

Шынымен де, 1994 жылдың 6 шілдесі күні Қазақстан Респубилкасы Жоғарғы кеңесінің жалпы отырысына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға қазақ елінің елордасын Алматыдан Ақмола көшіру туралы идеясын ұсынып, оны нақты әрі мығым фактілермен депутаттардың алдында дәлелдеп шықты. Бұл жайында Елбасы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «1994 жылдың 6 маусымында Парламент Мәжiлiсiнде мен астананы көшiру туралы идеяны жария еттiм. Сол кезде жұрттың бәрi11 менi қолдаған жоқ. Көп адамдар мұны ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi, елдiң жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақылар уақытында төленбей жатты. Ал ендi бiреулер астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 2030 жылсыз жүзеге аспайды деген ойда болды. Дегенмен, осыдан үш жыл өткенде депутаттардың өзi пойызбен жаңа астанаға көшiп келдi. Ендi шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды» - деп жазады. Осы туралы үзіндіден көрейік.Елбасымыз жаңа астананы таңдауды 32 өлшем бойынша жүрізген еді. Соның ішінде аса    маңыздылары: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмологиялық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көліктік  инфрақұрылымның болуы, оның болашағы, коммуникациялар, құрылыс кешені және еңбек ресурстарының болуы. Ал сол барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше инфрақұрылымның болуы, оның болашағы, коммуникациялар, құрылыс кешені және еңбек ресурстарының болуы. Ал сол барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққан еді. Бүгінде бұл шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды. Мемлекет басшысы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазуынша, бұл бiрiншiден, Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан нығайту үшiн қажет едi. Астана Еуропа мен Азияның шектескен тұсында, яғни Еуразия құрлығының қақ ортасында, мұхиттардан бiрдей қашықтықта орналасқан. Еуропалық және азиялық дәстүрлердi бойына тоғыстырған бұл қала Батыс пен Шығысқа да, Оңтүстiк пен Солтүстiкке де ашық бола алады.

Екiншiден, бұл шешiмде қауiпсiздiк мәселесi де елеулi рөл атқарды. Тәуелсiз елдiң астанасы сыртқы шекаралардан мейлiнше қашық және елдiң орталығында болуы тиiс едi. Үшiншiден, астананы өзгерту Қазақстан экономикасын сауықтыру үшiн де қажет болды. «Төртiншiден, Астананы құрамы жағынан көп ұлтты өңiрге көшiре отырып, бiз тұрақты саяси-этностық мемлекет құру, Қазақстанды мекендеген этностар арасындағы достықты сақтау мен байыту, дiндер мен конфессиялардың қақтығыссыз тату өмiр сүруiн қамтамасыз ету жөнiдегi бағытымызға адал екенiмiздi тағы бiр дәлелдедiк», — деп жазады Елбасы аталған кітабында.Жалпы, Қазақстан көшбасшысына елордамызды Алматыдан Ақмолаға көшіру идеясы тосыннан келмеген еді. Оны Елбасымыз өзінің жоғарыда аталған кітабында жан-жақты жазған болатын. Ол жайында Мемлекет басшысы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былай еске түсіреді: «Баяғы бір уақытта Қазақстан Компартиясы Орталы комитетінің бірінші хатшысы кезімде менің қолыма академик Қаныш Сәтбаевтың баянхатының түскені бар. Ол анау-мынау емес, Қазақ КСР-нің астанасын Қазақстанның географиялық орталығы Қарағандығы не Целиноградқа көшіруді ұсыныпты. Ардақты ғалым, ардагер қайраткер өз дәлелдерінің бірі ретінде осындай байтақ республиканың астанасы елдің әлдебір түкпірінде болмауы тиістігін келтірген.Мәселен, кеңестік диссидент Александр Солжиницын өзінің «Ресейді қалай жайластырамыз?» деген мақаласында қазақтардың ежелгі ата қонысы Қазақстанның солтүстік аумағын Ресейге қосып алу қажет дегені бар.Сондықтан Қазақстанның астанасын республиканың солтүстігіне қарай, орталыққа қоныстандыру тәуелсіздіктің елең-алаңында күнтәртібінде тұрған ең өзекті мәселе еді. Мұны Елбасымыз анық байқап, аз ғана уақыттың ішінде елордамызды Сарыарқа төріне қоныстандырды. Міне, осылайша әлем картасында орын алған Астанамыз бүгінде әлем жұртшылығын ауызына қаратқан айшықты қалаға айналды. Сөзіміздің дәлелі ретінде кішігірім бейнежазба көрсеткіміз келеді.Міне бұл жазбадан біздің Астанамыздың алғашқы бастамашысы елбасы Н.Ә.Назарбаев екенін көреміз. Астана – қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы-жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да  Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын  жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде,  тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік.  Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді  әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала - жас қаламыз -өнер,  білім  мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда; Астанамемлекетіміздің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала. Өзі бүкіл ғимараттардың салынуына өте үлкен жауапкершілікпен қарап күнделікті аралап, тексеріс жүргізіп отырған. 

Осыдан Астана елбасының туындысы екенін көреміз. Жас Астана болса, жыл сайын жайнап көркейе түсуде. Бас аяғы он жылдың ішінде әлем жұртшылығы таныған айбыны аскақ шаһарлардың қатарына қосылды. Елордамыз ел кіндігі Арқа төрінде ту тіккелі бері тәуелсіз республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің басты нышанына айналды. Ол еліміздің ірі саяси және 12 экономикалық, мәдени орталығына айналып отыр. Мен  өз Отанымды, Астанамды мақтан тұтамын! Ғажайып шаһар тек біздің ғана емес, дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабыңдағы Еуразияның сәулетті  қаласына айналып отыр. Сәулетшілерді де елбасы өзі таңдаған. Бүгінгі Астана — мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Елорда құрылысы — жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. [4, 122]

2. Астана қаласы туралы деректер

Әлем жұртшылығы біздің еліміздің айшықты қадамдарына, Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатына сүйсініспен қарап отыр. Осы жерден Астана жайлыдеректергесөзберейік (деректервидио)

— Қазақстан Республикасының елордасы Астанаға 18 жыл толды. Осынау қысқа уақыт аралығында Астана әлемге танылып үлгерді

— «Думан» ойын-сауықкешеніндегі океанариум мұхиттан ең алыс орын тепкендіктен Гиннес рекордтар кітабына енген. Окенариумнан ең жақын мұхитқа дейінгі ара қашықтық үш мың шақырымға жуықтайды.

— Астанадағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатырлы ғимарат болып саналады.

— Астана қаласының халқы 860 368 адамды құрайды. Соңғы 15 жыл ішінде елордадағы халық саны 300,5 мың адамнан 860 мың адамға дейін өскен (2015 жылдың 1 мамырындағы жағдайға сәйкес) [4,122]

— Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Халық арасында «Пирамида» деп аталып кеткен ғимаратта бес лифт бар. Оның біреуі — Президентке арналған.

— Көп жылдар бойы кубрин саябағы болып аталып келген Астана саябағында ғасырдан артық жасаған қара терек өсіп тұр. 120 жастағы терек саябақ ашылған уақыттан бүгінгі күнге дейін жайқалып өсіп тұрған жалғыз ағаш

— Білебілсеңз, біздің бас қаламыз Астана мен Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулдің ортақ ұқсастығы бар. 1998 жылы Ақмола атауын өзгертіліп, Сарыарқаның жүрегінде орналасқан шаһарға Астана атауы беріледі. Яғни, Қазақстанның астанасы Астана деп аталатын болды.

— Ал бұған дейін әлемде мемлекет астанасы жай ғана «астана» деп аталатын бір ғана қала болған. Ол — Оңтүстік Кореяның бас қаласы Сеул. Корей тіліндегі «соуль» сөзі «астана» деп аударылады.

— «Изумрудный квартал» тұрғын үй кешені Астананың ең биік ғимараты саналады. Кешен әртүрлі қабатты үш мұнарадан тұрады (37, 40, 53 қабат). Ең биік мұнарасының биіктігі — 210 метр

— Әлемдегi он алты ұлттық мешiттің бірі «Хазірет Сұлтан» 2012 жылы 6 шілдеде ашылды. Мешітті «Хазiрет сұлтан» деп атауды мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. «Хазірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйы — күмiс Құран орналасқан.

— Мұндай бірегей жоба ТМД елдерінің ешбірінде жоқ және Қазақстан Республикасының ең негізгі архитектуралық туындысы әрі мәдени орталығы болып табылады.

— Астананың көгалдандырылмаған аудандарында тікелей күн сәулесі түскен жер дәл +70 градус температураға дейін қызады. Үйлердің іргелері мен тротуарлар бұданда жоғары ысып кетеді.

— «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ ғимараты. Ол 2002 жылы пайдалануға берілді.

— Астанадағы Ұлттық кітапханада 2,5 млн кітап бар.

— Астанада 45 тарихи және мәдени ескерткіш бар. Астананың монументтік безендіруінде тарихи есімдерге арнап қойылған ескерткіштердің орны бөлек. Оның бәрі онсыз да әсем Астанамыздың көлбетіне көрік қосып қоймай, жастардың патриоттық сезімін арттырып, Отанына деген махаббатын нығайта түсуде

— «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылыашылған. Театр тоғыз гектар жер көлемін алып жатыр.

— Аспан ме нталасқан «Абу-Даби Плаза». «Абу Даби Плаза» кешенінің орталық нысаны — биіктігі 388 метр (88 қабат) болатынмұнара-ғимарат, ал соның айналасында біріккен тағы бірнеше ғимарат бой көтеретін болады. «Абу-Даби Плаза» тек Қазақстанда емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы ең биік теңдесі жоқ ғимаратқа айналады. [4,122]

C:\Users\User\Desktop\200911131726.jpg

Астананың зәулім ғимараттар тізімі.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған жиында елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап бергені есте. «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық - Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар», - деген еді Елбасы мерейтойлық жиында. Елбасы үшін Астана қала ғана емес, өзі өсірген баласындай болып кеткен. «Астананың көшелерінен өтіп бара жатып, оған сүйсіне қарайм   21 Көптеген астаналықтар сияқты, мені де бұл жерде, ештеңемен шатастырып алмайтындай, өз үйімді тапқандай айтып жеткізуге болмайтын сезім баурады. Кісі оны басқа еш нєрсемен шатастырып алмайды ғой. Бұл ќуаныш пен тылсым тыныштықты қатар сезіну болатын. Тіпті көше шамдарының өзі саған нұр шашқандай, ал ағаш жапырақтары сенің басыңнан сипағандай сезімге оранасың»- деген елбасы Қазақстан жолы кітабында. [3, 26]

Астана ЭКСПО-2017

Экспо-2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Парижқаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтті.  Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. ЕХРО-2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.Көрменің ең басты нысаны - әлемдегі биіктігі 100 метрге жететін, ең үлкен сфера тәрізді ғимарат "Нұр — Әлем" болды. Елдігімізді танытқан ерекше көрме. Н.Ә.Назарбаев көрменің Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін ерекше атап өтті. -Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды.Туристік сектор жандана түсті.Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты.Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді.Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті.Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды,-деді Елбасы. Мемлекет басшысы көрме аясында өткен мәдени және халықаралық шараларға тоқталды. -Күн сайын елордамыз төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен жеткен түрлі мәдениеттің әуені мен нақышына бөлініп тұрды.Бүгінгі салтанатты рәсім Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитімен тұспа-тұс келіп отыр.Онда ислам әлеміндегі ғылыми-технологиялық дамудың маңызды мәселелері талқылануда. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті еліміздің Еуразия өңіріндегі қауіпсіз әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін нығайта түскенін атап өтті. Мемлекет басшысы ”Болашақтың энергиясы” аясында озық идеялар мен технологиялардың дамуына түрткі болған және әлемде ғылымның өзара ықпалдастығын нығайтуға септігін тигізген көрменің бірқатар жағымды аспектілеріне тоқталды.

ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік берді. Мұнда жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсыныды, — деді Президент. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ЭКСПО аясында қазіргі заманғы энергетикалық саясаттың басымдылықтары жөнінде жаһандық диалог ұйымдастырылғанын және энергетика мен экология саласындағы заманауи проблемаларды шешуге арналған ұсынымдар әзірленгенін атап өтті. -ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел “жасыл” технологияларды дамыту идеясына берік екенін тағы да дәлелдей түсті.Жалпы,біздің көрме “таза энергетиканы” жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін,-деді мемлекет басшысы. Сонымен бірге, Н. Назарбаев ЭКСПО инфрақұрылымын көрмеден кейін пайдалану жоспары жөнінде ой бөлісті. -“Нұр Әлем” және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар “ЭКСПО мұрасы” ретінде сақаталады.Көрменің аяқталуы бірнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік береді.Ең алдымен,мұнда “Астана” халықаралық қаржы орталығы орналасады.Ол қаржы хабына,инвестиция тартатын орталыққа айналып,халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға тиіс, — деді ҚР Президенті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы “жасыл” технологиялар мен инвестициядарды дамыту жөніндегі халықаралық орталықты және IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруға арналған жобаларға тоқталды. — “ЭКСПО” көрме кешені толығымен тнновациялық және орнықты дамудың мақсаттарына одан әрі қызмет етеін болады.Баршаңызды жаңа орталықтардың жұмысына белсенді атсалысуға шақырамын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Қазақстан Президенті көрмені өткізуге үлекс қосқандардың бәріне алғыс айтып, келген қонақтарға ерекше ризашылыған білдірді. — Осымен халықаралық “ЭКСПО-2017” мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын!Оның идеясының толығымен жүзеге асуына қолдау көрсеткен Қазақстан халқына ризашылығымды білідремін.Көрменің сәтті өтуіне мыңдаған адам атсалысып,еңбек етті. Баршаңызға Қазақ жеріндегі айтулы шараға белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын,-деді Мемлекет басшысы. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы«ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. [5]

3. Қорытынды

Нұрсұлтан Әбішұлы — ұлттың көшбасшысы. Көріпкелі. Ұлт намысының қамшыгері.Қазір әлемдік саясатты игеруде, экономиканы еңсеруде, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін білуде Президентке тең келетін адам жоқ. Еуразия кіндігінде ұлт пен ұлысты сүттей ұйытып, күнбе-күн келісім мен жарасым шамшырағын жағып отырған қарқарадай Президентіміздің еңбегі. Н.Назарбаев — адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.Назарбаев — әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі. Көк түрктің кіндігінен жаралғандардың ішінен озып туғаны да, түрк тектес халықтардың лидері де – Н.Назарбаев. Күні кеше ғана Түркияның Премьер-министрі Т.Ердоғанның Назарбаевты “түрік әлемінің лидері” дегені — сол мойындаудың келісті көрінісі.Бәріміз жақсы білетін Назарбаев, міне, осындай адам.Қысқа мерзімнің ішінде Астана ел танымастай өзгеріп,дүниежүзіне әйгілі болды.Бұны елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі.Сондай-ақ елбасымызды қолдап, күш жігер беріп,сілтеген бағыт-бағдарымен жүріп,еш қарсылық танытпай,ұйымшыл болып,бірлік туын көтерген қазақ халқының  арқасы арқасы деп білемін.«Астанада бүкіләлемдік көрме өтетін болды» деп дүрлігіп жатырмыз. Бірақ, ЭКСПО деген не? Мақсаты мен мұраты нешік? Ауқымы қандай? Оның бізге берері бар ма? Осындай ауқымды шараны өткізу қолымыздан келе ме?-деген көкейімізде сұрақ туындауы мүмкін.Олай болса бұл сұраққа мен жауап берейін.ЭКСПО – бүкіләлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. «Уикипедияның» тілімен айтсақ, «индустрияландырудың белгісі және техникалық һәм технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. Экспо-2017 өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетінін бағалаған. Бұл қомақты қаржыны ғана емес, кәсіби біліктілік пен үлкен қажырлылықты да талап ететін шара.ЭКСПО-2017 – біз үшін үлкен мүмкіндік.Аллаға шүкір аталмыш көрмені абыроймен атқардық.Бұл да елбасымыздың жетістігі.Қаншама мемлекеттің ішінен шолпан жұлдыздай жарқырап әйгілі көрмені өткізуді жеңіп алды.Айта берсек ЭКСПО-ның бізге берері өте көп.Осы бетімізден таймай көптеген жетістіктерге жете берейік!Болашағымыз-бірлікте!

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.

1. Н.Ә Назарбаев  «Қазақстан жолы» кітабынан «Жаңа дәуірдің Жаңа Астанасы» 2007 ж, 335 бет.
2. Н.Ә Назарбаев  «Қазақстан жолы» кітабынан «Қазақстанның астанасын ауыстыру туралы шешімнің қабылдануы» , 2009 ж, 337 бет.
3. Н.Ә Назарбаев  «Еуразия жүрегінде» кітабынан, 2009 ж 26 бет
4. Н.Ә Назарбаев  «Еуразия жүрегінде» кітабынан, 2009 ж 122 бет
5. Интернет желісі.
6. Суреттер интернет желісінен алынды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...