Өлең, жыр, ақындар

Колледждің бірінші курс студенттерінің бейімделуі

Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы
«Өскемен медициналық колледжі» ШЖҚ КМҚК
Педагог-психологы Амиренова Эльмира Кенжикановна

Бейімделу — бұл оқу үрдісін ұйымдастыру мен студенттің оған деген қарым–қатынасының өзгерісі.

Колледжде бірінші курс студентінің бейімделуінің әлеуметтік деңгейі көптеген факторларды анықтайды: адамның жекелеген тұлғалық-психологиялық ерекшелігі, тұлғасы, іскерлік қабілеттілігі мен тәртібі, құндылықтары, академиялық белсенділігі, денсаулық жағдайы, әлеуметтік ортасы, отбасылық деңгейі, т.с.с.

Жастардың студенттік өмірге қалыптасуы әлеуметтік және биологиялық өзгерістердің толықтай жетілмегендігінен, қиын әрі көпжақтылы үрдіс деп қарастырылады. Сондықтан, бірінші курс студентінің колледж жағдайына бейімделу мәселесі жалпы теориялық мәселелердің бірі және бүгінгі таңға дейін пікірталастың дәстүрлі пәні болып табылады. [1]

Кешегі мектеп оқушысының студенттік өмірге «енуі» мәселе міндеттерінің өзектілгін анықтап береді. Бірінші курс студенттерінің студенттік өмірге тез бейімделу үрдісі олардың өмір сүру үрдісінде жаңа кезең болып саналады. Оқу кезеңінің алғашқы баспалдағында олардың оқу– іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктері мен өзгерістерін, психологиялық жағдайын зерттеуді қажет етеді. Бірақ, бірінші курстағы оқу–іс әрекетін ұйымдастыру ісі колледж жағдайына орай студенттің бейімделуіне бағытталған.

Орта кәсіби маман даярлау оқу ісінде бірінші курс студенттерінің бейімделу үрдісі мәселелерін шешуге қатысты әдебиеттер мен зерттеулер сараптамасы ғылыми–теориялық жаңалықтарды ашып берді.

Бейімделуді зерттеу И.П.Павловтың. И.М. Сеченовтың, Ч,Дарвиннің, Ж.Пиажeның еңбектерінде тірі организмге қажетті жағдай ретінде қарастырылады. Жеке тұлғаның эмоционалдық мінез–құлықтық өзгерісін зерттеу Г.С.Дуниннің, И.А.Милованованың, И.А.Георгиевтің ғылыми – педагогикалық еңбектерінде көрініс тапқан. [2]

Адамның қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларына орай бейімделуінің психологиялық аспектілері Б.Г.Ананьевтің, В.В.Антиповтың, Ж.Годфруаның, В.В.Гриценконың, Э.Ф.Зеердің, В.В.Константиновтың, В.В.Пархомчуктің, т.б. еңбектерінде орын алды.

Әлеуметтік қалыптасудың әлеуметтік тұрғыдағы сұрақтары Р.Ф.Ихсановтың, Н.Смелзердің, О.С.Советованың, Н.С.Южанинаның еңбектерінде қарастырылған.

Бейімделу мәселелері педагогика саласында В.М.Дугинцтің, В.Л.Бозаджиевтің, В.В.Лагеревтің, Р.Х.Махмутованың, Л.А.Носованың, М.Ф.Фатхуллиннің еңбектерінде көрінеді.

Тиімді оқу барысында студентке кәсіби білім алу ортасында өзін қолайлы сезінуі шарт.[3]

Студенттік өмір бірінші курстан басталады. Сондықтан да бірінші курс студентінің колледж өмірі мен оқу–іс әрекетіне тиімді бейімделуі тұлға ретінде болашағының жақсы дамуына, жақсы кәсіби маман болып қалыптасуына кепіл бола алады. Мұнымен оқытудың әртүрлілігі мен қалыптасудың қарама–қайшылық мәселелері  зерттеулік, және тәжірибелік қызығушылық туындайды және анықталады.

Кешегі мектеп оқушысының жаңа жағдайға нәтижелі қалыптасуын шешу үшін алғашқы оқу жылында студенттің көпшілігі кездесетін типологиялық мәселелерді себеп–салдарымен нақты анықтап алу керек.

Жас жеткіншектің студенттік өмірге қосылуы жолында тұрған кедергі оның колледжге қалыптасқан динамикалық стеоротиппен келуімен байланысты. Колледжге қабылдануымен қатар бұрынғы қалыптасқан стеоротип бұзылып, жаңа түрі қалыптасады.

Бірінші курсқа түскен студенттерге колледждің оқу–ісі үрдісі мен тәртібін қабылдау оңайға соқпайды. Бұл мектеп кезі мен үйде баланың үнемі мұғалім мен ата–ана қамқорлығында болуымен тікелей байланысты. Студенттер өздерін өзі бақылауға әлі қалыптаспаған, үйренбеген. Медициналық колледжге түсушілердің негізгі бөлігі аудандардан (облыс, ауылдардар) келеді. Қалаға келісімен олар ата–ана қамқорлығынан тысқары болып, өздерінің жеке өмірлерін бастайды. Сондықтан да ата–ана тарапынан үнемі бақылау мүмкін емес.

Студент тек колледжде ғана оқып қоймай, кітапханаларға барып, өз бетінше де ізденуі, білім алуы қажет. Ғаламтор мен басқа да құрылғыларды қолдануы керек. Оқу ісі үрдісінде студенттің өз бетінше ізденісі біршама рөл атқарады.

Студент пен оқытушының арасындағы баспалдақ колледждің оқу ісі үрдісінде оқытудың әдістері мен ұйымдастырылуы негізінде анықталады. Білім алудың мектепте игерілген әдіс – тәсілдері көбінесе жаңа дидактикалық жағдайларды бағалап жатады. Кей жағдайда бұл оң нәтиже де бермеуі мүмкін. Студент колледждің оқу ісі үрдістерінің талаптарына қалыптасуы үшін біршама уақыт кетеді. Көпшілігіне бұл үлкен еңбекпен келеді. Осыдан барып іс – әрекеттің түрлілігі, мектепте оқыған адамның колледже білім алуы барысында қорытындыланады. Бейімделу үрдісін комплексті түрде: оның әр түрлі деңгейде дамуы, яғни, жекелеген тұлғалық қарым–қатынас деңгейінде, жекелеген іс–әрекетінде, психофизиологиялық реттеу тұрғысынан қарастыру қажет. Қалыптасу үрдісіне белгілі бір деңгейде тікелей әсер ететін психикалық бейімделу бұл орайда маңызды рөл атқарады.

Студенттердің бейімделу мәселесін шешуге бағытталған педагогикалық үрдістерді ұйымдастырудың біркелкі емес әрекеттерінің: оқытушылардың келіспеушілік әрекеттері, жетекшілердің бұл мәселені шешуде аз көңіл бөлулері нәтижесінде студенттердің оқу–тәрбие үрдісіне қалыптасуы қиындайды. Орта кәсіби білім беру педагогикасында студенттердің оқу–ісі әрекетін қабылдауда қиындық тудыратын психологиялық–педагогикалық себептер әлі де жеткілікті анықталмаған. Сонымен қатар оқу–тәрбие үрдісінде студенттің әлеуметтік– психологиялық қалыптасуын қамтамасыз ететін психологиялық – педагогикалық жағдайлар да анықтауды қажет етеді. [4]
Психологиялық қолдау ең маңызды рөл атқарады. Мейірімділік, көңіл бөлу колледждегі оқу–тәрбие үрдісіне бейімделу уақытын азайтуға мүмкіндік тудырады. Топ жетекшісі студенттердің сабақ үлгерімі мен сабаққа қатысымын бақылап, ата-аналарын хабардар етіп отырады. Әркімге жекелей қарым-қатынас жасау – бұл біздің топ жетекшілері жұмысының негізгі мақсаты. Олар әркіммен ортақ тіл табысуға, ашық сөйлесіп, кеңестері мен ұсыныстарын білдіруге, студенттің мағлұматты өз бетінше игеруге көмек көрсетуге, өзінің білімі мен қабілеттілігін бағалай білуге үйретуге тырысады.

Психологтар студенттер арасында қолайлылық қалыптастыруға аз тер төкпейді, күш жұмсамайды. Мысалы, бейімделу кезінде бірінші курсқа түскен студенттерге комплексті диагностика өткізіп, қорытындысы бойынша консультацияға шақырады. Консультация барысында студенттердің әртүрлі проблемалары анықталып. Бақылауға алып, топ жетекшілеріне ұныстар береді. Өткізілген консультациядан кейін студенттің жеке бақылау картасы толтырылады. Сонымен қатар колледжде студенттердің бір–бірімен жақындастыруға, ортақ тіл табыстырып, достастыруға, курстастардың өзара және жоғарғы курс студенттерімен қарым–қатынас жасай білуге бағытталған әр түрлі мерекелік және тәрбилік іс–шаралары ұйымдастырылады.  Әсіресе психологтар емтихан алдындағы мазасыздықтарын басу мақсатында сынып сағаттарын, емтихан алдынға дайындалуға кеңес ақпарат парақшаларын таратады. Сонымен қатар мазасыздықтары жоғары әр студенттермен сессия уақытында психологиялық қолдау көрсетіледі.

Біздің бірінші курс студенттерінің көпшілігі колледждің белсенді студенттері қатарында. Олар үшін туындаған әр түрлі мәселелер мен сұрақтарды, мысалы үшін, мерекелік шараларға дайындалуға топ жетекшілері көмектеседі.

Әр адамның өзін–өзі бағалай білуі, тұлғалық даму құқығы бейімделудің психологиялық жағдайын құрудың негізгі мақсаты болып табылады. Егер біз студентке жаңа оқу ұжымына енуіне көмек көрсетсек, оны колледждің барлық орталықтарымен (оқу, ғылыми, қоғамдық) бірге жүзеге асыруымыз керек. Осылайша орта кәсіби білім жүйесіне енгелі тұрған бірінші курс студенті алдындағы туындаған қиындықтар мен оларды шешу жолдары студенттің академиялық белсенділігі мен білім үрдісіндегі жетістігін арттыра түседі.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Артемов, С.Д. Социальные проблемы адаптации [Текст] / С.Д. Артемов. – М., 1990.- 180с.
2. Емельянов В. Студенты об адаптации к колледжской жизни // Социс, 2001. № 9. С. 79.
3. Колесов, Д.В. Адаптация организма подростков к учебным нагрузкам [Текст] / Д.В. Колесов. – М.,1987. – 176с. Немов Р.С. Психология [Текст]: учеб. для студентов в высш. Пед. учеб. завед. / Р.С.Немов.- М.,1994.- 576с.
4. Воробьева О. А. Проблема адаптации студентов первокурсников из сельской местности к обучению в колледже [Текст] // Психология в . России и за рубежом: материалы междунар. науч. конф. (г. Санкт-Петербург, октябрь 2011 г.). — СПб.: Реноме, 2011. — С. 96-98.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз