Балаларға эстетикалық тәрбие беру құралының бірі — хореографиялық өнер

«№26 мектеп-балабақша» КММ
Торебекова Дамегуль Сейпатталқызы — педагог-хореограф

Тұлғаның эстетикалық көркем мәдениеттілігін қалыптастыруда хореографиялық өнер эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды аспекті болып табылады. Хореография бұл — әсем қимыл, әуен, әдемі киімдер дүниесі. Осы сұлулықты балалар балет спектакльдерінен, бейне фильмдерден көруге тырысады. Осыған орай пайда болған олардың пікірлері, ойлары кейде құрметпен қарауды талап етеді.

Көптеген Қазақстанның білім беру мекемелерінде хореография сабақтарын жүргізу кеңінен таралған.

Түрлі жанрдағы билерді орындау көркем дағдыларын тәрбиелеп, дамытып қана қоймайды, сонымен қатар сұлулық заңынын мәнін түсінуге сәйкес баланың дағды мен тәртіп нормасын қалыптастыруына ықпалын тигізеді.

Хореографиялық өнер сабақтары баланың дене бітімінің және рухани дамуына әсер етеді. Бұл үндестік сабақтары балаларға да, ата-аналарға тартымды. Балетпен айналысатын баланың дене сымбаттылығы таңдандырады. Бірақ оны қалыптастыру процесі өте ұзақ уақытты және баланың көп қасиеттерін талап етеді.

Тәртіптілік, еңбекқорлық және шыдамдық қасиеттері тек хореографиялық сыныпта емес, сонымен қатар тұрмыста да қажет. Көп істердің сәтті болуын анықтайтын бұл қасиеттер бірнеше жылдар бойы педагог-хореограф арқылы қалыптасады.

Хореографиямен айналысатын балаларды алға жетелейтіні, өмірде қажетті, жауапкершілік сезімі. Өйткені, қасындағы биші саған сену керек, қалып қоюға болмайды, биде басқалар сенен тәуелді болады, әр қимылды жақсы менгеру тиіс.

Хореографиялық орындауда ұқыптылық, хореография сыныбындағы мұнтаздай киімі мектепте жүргенде де белгілі. Олар өздерінің сымбаттылығын ғана емес, сонымен қатар сәнделген шашымен, қарапайым киім кигендегі тазалығы және сырбаздығымен ерекшеленеді.

Хореография сабақтарының тағы бір ерекшелігі — әдепті тәрбиелеу. Хореография сыныбының балалары ешқашан үлкеннің алдын кеспейді, ұл балалар автобустан шыққанда қыздарға қолын ұсынып, сөмкесін алады. Бұның барлығы адам көңілін сүйсіндіретін жағдайлар. Басқаларға көңіл бөліп, қорғау — бала мінезіндегі қажетті қасиеттер, хореография сабақтары осы мәселелерді шешеді.

Хореографиялық өнер баланың шынайы өмірін құнарландыратын жалғасы болып келеді. Осы өнермен шұғылданудың өзі оған толғаныстар және жақсы сезімдер ұялатады.

Бүкіл оқыту процесінің және эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты— шығармашылық тұлға тәрбиелеу.

Педагог-хореограф балалардың өнер тілін түсінуін дамытып, қалыптастыру керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Жиенкулова Ш. Тайна танца.-Алма-Ата.: Мектеп, 1989. 

2. М.С.Боголюбская. Музыкально-хореографическое искусство в системе эстетического и нравственного воспитания.Москва, 1986.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

Назгүл

Өте жақсы мақала. Шын мәнінде бала тәрбиесінде бидің орны зор. Оның денесінің дамуына да, жан сұлулығына әсері мол.

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)