Ағылшын тілінің жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымды меңгерудегі орны мен рөлі

​​​​​Жезқазған қаласы             
​​​​​Қ. И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі            
​​​​​А. Б. Копабаева, математика пәнінің мұғалімі       

Бүгінгі күннің ең маңыздысы – білім ғана. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздарының қолында. 

Н. Назарбаев

Елбасымыздың «Тілдердің үштұғырлы мәдени жобасын кезеңдеп деп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамыз. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. 

Қазіргі замандағы саяси және қоғамдық өмірге көптеген өзгерістер енуде. Еларалық байланыстар, сауда, туризм мәдениет салалары ағылшын тілін қажет етеді. Сондықтан көптеген Еуропа және Азия елдерінде ағылшын тілін міндетті пән ретінде оқытылады.

Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек. 

Ұсынылған баяндаманың өзектілігі Ағылшын тілі және математика пәнінің пән аралық байланысын мектеп-лицейімізде бірнеше жыл бойы қарастырылып келе жаткан мәселелердің бірі. Сондықтан 2016-2019 оқу жылы даму бағдарламамызда, НЗМ тәжірбие алмасудың жоспарында да басты мәселе етіп отырған жайымыз бар.

Сонымен математика пәнінде ағылшын пәнаралық байланысын қажетті заман талабына керек болуын дәлелдеу үшін, осы баяндамамды дайындап отырмын.

Талқыланатын осы салада негізгі пән аралық мәселелерді анықтай отыра және проблемаларды шешу үшін, алғашқы қадамымызды 5-6 сыныптарға вариативті бөлімнен «Математикалық терминдері» атты бағдарлама дайындап, осы бағдарламамен мектеп-лицейіміз 3 жыл жұмыс істеп келеді. Бұл бағдарлама ағылшын тілінде математика, техника саясында пайдаланатын грамматикалық конструкциялар, терминдер дағдылары толықтырылады. Оқушылар тілдік құбылыстардың мәнін түсінеді, ағылшын тілі өз ана тілі және қазақ тілімен салыстырады.

Зерттеулердің мақсаты: Оқушыларға ағылшын тілін теория және практика жүзінде меңгеріп, қазіргі заман талабына сай кәсіби бағыт-бағдар беру.

Міндеті: 

- Коммуникативті білікті дамыту, математикалық терминдер бойынша сөздік қорын кеңейту, өзара сөйлеу әрекетін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже: Оқушы және тұлға ретінде өз-өзін дамыту қабілеті, өз бетінше ойлау және ақпарат құралдармен өз бетінше жұмыс істеу қабілетті қалыптастыру.

Тәжірибеде іске асыру.

UNIT 1.

Look through the table and try to memorize it. /Кестені қараңыз және оны есте сақтауға тырысыңыз.

sings

reading

examples

1.

Firstly; or: in the first place

 

2.

Secondly; or in the second place

 

.

Point; or: decimal point

 

And so on to

1,2,3… 25 ( read: one, two, three and so on to twenty five

X1

X one, or: x sub one

 

=

Is equal to, or: does not equal

a=b a equals b or: a is equal to; or: a is b

Is not equal 

to; or: does not equal

a≠b adoes not equals b or: a is not equal to; or: a is not b

Approximately equals or: is approximately equal to

a=b a approximately equals b

( )

Parentheses; or: round brackets

 

[ ]

Brackets; or: square brackets

 

<

(is) less than

p<q; p (is) less than q

>

(is) greater  than

p<q; p (is) greater than q

(is) not greater than

p, q stands for p=x=q

(is) not greater than of  equals

a≥b a (is) greater than of equals b

+

Addition (plus)

a+b =c a plus b equal to s

 

-

Subtraction (minus)

L-1 =a capital L minus small 1 is equal to a

× (*)

Multiplication ( multiplied by)

A×b= a*b=ab =c atimes b is equal c; or: a multiplied by b is  equal to c; or: ab equals c

/

Division (Divided by; or: over

a:b==a/b=c a divided by b equals c; or: a over b is equal to c

 

Қолдану  

Аssignments / тапсырмалар

Task 1. Read the following signs: /оқу және атау:

Мақсаты: (ЖЖ) Төмендегі берілген таңбалар мен белігерді  ажырату арқылы атау, еске сақтау.

• [ ]

• ( )

• <

• .

• =

• +

• ≥

• ≠

• -

 

Task 2. Say whether the following expressions and signs are true or false: / Келесі өрнектер мен белгілер шын немесе жалған екендігін айтыңыз:

Мақсаты: «Иә», «жоқ» әдісі қолдана отырып берілген өрнектер шын немесе жалған  екенін анықтау.

a2+b2=c2    a plus b is equal c

p>q; p is greater than q

a≠b;     a does not equal b; or: a is not equal to 

a≥b a (is) greater than or equals b

a≈b; a approximately equals b,

1,2,3,…10 one, two, three and so on to ten

 

​UNIT 2.

​Look through the table and try to memorize it 

/Кестені қараңыз және оны есте сақтауға тырысыңыз

​½ -  one second; or: a half

​1/3 – one third; a trird

​2/3- two thirds

​¼ - one fourth; or: a fourth; or: a quarter

​1/100- a hundredth

​5/16- five sixteenths

​3 three and five sevenths 

​23/6- twenty three six Nine nin

​Осы тақырыпты толық менгерту мақсатында: «Жай бөлшектер» ұғымын түсіндіру үшін жұмысыма АКТ технологиясын пайдалануды жөн көрдім. Сонын ішінде bilimland.kz сайттын пайдаланамыз. Келесі 

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/5-synyp/zhaj-bolshekterdi-oqu-zhane-zhazu қолдану арқылы үш тілде мәліметтер береміз. 

​Вilimland.kz платформасы – барлық жастағы балаларды оқытуға арналған курстардың жиынтығы ғана емес, жаңа заман мұғалімі мен оқушыға арналған көмекші.

Task 3. Write these operations / жазумен жазылған мәліміеттерді цифрмен жазыңдар

Мақсаты: Берілген мәліметтерді түсініп оқып, мағынасын жазу.

• Add 5 times c 2 times d

• Multiply the sum of x and y by z

• Subtraction 0.5 times d 0.5 times l

• Divide v-w by r times s

Осы тапсырмалар арқылы оқушыларға кереті мәліметтер беруге болады. 

 

Қорытынды

Мектеп-лицейімізде қойылып отырған басты мақсаттардың бірі, жалпы білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп.Ағылшын тілі және математика пәнінің кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен тәсілдері осы жасап отырған баяндамамда педагогикалық кіріктіру теориясының кейбір ғылыми ережелерін /әзірлемелерді қарастыруды жөн көрдік, оқытудағы кіріктіру деген ең жалпылама түрінде келесі түсініктерді қарастырады: 

– ғылымдардың арасындағы байланысты жүзеге асыратын пәнаралық байланыстарды дамыту және тереңдету; 

– әртүрлі пәндерді келісе оқытудан оларды өзара терең байланыста оқытуға көшу. Алдымен кіріктіріп оқыту, кіріктірілген сабақ ұғымдарын қарастырайық. Кіріктіріп оқыту дегеніміз: 

– біріншіден, сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды және тереңдетуді, олардың ғылымаралық байланысының түпнұсқасы, яғни түрлі пәндерді оқытуды қиыстырудан, олардың өзара терең байланысуына өтуді қарастыру болып табылады; 

– екіншідер, жекелеген пәндер бойынша білімді біріктіретін, ұштастыратын жүйе, осының негізінде балалардың әлемді тұтастықта қабылдау қалыптасады; 

– үшіншіден, оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендендіруге, танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарын, өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ықпал етеді, түрлі ғылым слаларына қатысты білімді қорытындылауға бағыттайды. Пәнаралық байланысты жұмыстың мақсаты, мазмұны, әдістері және тәсілдері бойынша пайдаланы кіріктіріп оқытудың негізі болып табылады. Кіріктіріп оқыту барысында идеялар мен ұстанымдардың ұқсастығы айқын байқалады, сонымен бірге алынған білімді түрлі салаларда пайдалану мүмкіндігі пайда болады. 

 

Әдебиеттер:

1. English-Russian Polytechnical Dictionary, Ed. AE Chernukhina. M., 1971.

2.  Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007

3. English newspapers: The Times; The Times. Higher Education; The Financial Times, 1996-1998.

4. И.И. Прокошева. Основные математические понятия в английском языке. - Оренбург, 2003





Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)