Өлең, жыр, ақындар

Өзін-өзі басқаратын электромобильдер ұшаққа балама бола алады ма?

Болашақтағы жүргізушісі жоқ көлікті қалай елестетесіз? Ойлағаныңыз Tesla Model 3-ке немесе жаңа Mercedes EQC–ке ұқсас болар? Мүмкін... бірақ Volvo мамандары біздің болашағымызды мүлдем басқаша елестетеді. Компания біздің автокөліктер туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертетін Volvo 360c бірегей концепт-карын назарымызға ұсынды.

Ұшақтың баламасы

Бұл жүргізушісіз электромобиль тек қозғалыс құралы ғана емес. Компанияның пайымдауынша, ол қысқа қашықтыққа ұшу қызметінің баламасы бола алады. Volvo деректеріне сәйкес, өткен жылы тек АҚШ-тың өзінде 740 миллион адам ішкі рейстермен саяхаттаған. Ең танымал бағыттар «Лос-Анджелес — Сан-Диего», «Нью-Йорк — Вашингтон» және «Хьюстон — Даллас». Бұндай қысқа қашықтықтағы саяхаттарға ұшақпен жұмсалған уақытқа қарағанда дәл осы аралықтағы автомобильмен жасаған әлдеқайда жылдам әрі тиімді болады. Әуежайға жету, рейсті күту, кезек-мұның бәрі тым көп уақыт алады. Міне, сол себептен Volvo 360с сияқты автомобиль саяхаттың тиімді баламасы болуы мүмкін. Оның үстіне, 360с ұшақтың бірінші классындағыдай ұшу жайлылығын ұсынады. Бұл электрокарда меңгерік те, педаль де жоқ, ол толығымен автономды, ал ішкі кеңістігі автокөлікті кеңсеге, жатын не ыңғайлы қонақ бөлмеге айналдыруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі рейсті күтусіз және түрлі кезексіз жайлы саяхатқа бағытталған. Ыңғайлы әрі қауіпсіз. Тіпті ұйқы кезінде саяхатшы ерекше көрпемен сенімді қорғалады, ал автомобильдің өзі маршрутты таңдаудан және жолды қадағалаудан басқа, қозғалыстың басқа қатысушыларына өзінің қозғалыс бағыты туралы белгі бере алады.

Әрине, Volvo 360c бұл тек мүмкіндіктердің декларациясы және өз идеяларын жеткізудің тәсілі ғана. Алдағы уақытта мұндай технологиялар серияға шығуы екіталай. Компания басшылығы Volvo дөңгелекті авиакомпания бола алмайды деп санайды, бірақ мұндай технология Boeing немесе Airbus сияқты өндірушілерге, сондай-ақ авиакомпаниялардың өздеріне көмектесе алады. Сонымен қатар, бізге, қарапайым саяхатшыларға керемет жәрдемші болар еді. Әрине, қазір бұл идеялардың барлығы қиял, бірақ егер сіз ұшақпен саяхаттап көрген болсаңыз, онда оның қандай стресс екенін де білетін боларсыз. Ал қысқа аралыққа ұшуларды басқа нәрсемен ауыстыруға мүмкіндік туып жатса, онда бұл тамаша болары хақ.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Аянат

Бізде ұшақ емес пойыздың баламасы бола алады, бәрақ біздің жолдардың сапасы...?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз