Өлең, жыр, ақындар

«Кіші футбол» жарысы

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің дене шынықтыру
пәні мұғалімі Қайырбекова Меруерт

№39 «Қызылөзек» орта мектебінде 29 қазан мен 3 қараша аралығында «Қызылорда қаласына-200 жыл, Астана қаласына-20 жыл толуына орай» күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған «Кіші футбол» жарысынан мектепішілік жарыс өткізілді. Мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту және өскелең ұрпақты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектепішілік спортты кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа барлық мектеп оқушылары белсене қатысты. Ұл және қыз балалар арасында кіші футбол жарысы өткізілді.

D:\каникул футбол сурет\IMG20181031104720.jpg       D:\каникул футбол сурет\IMG20181105161804.jpg

Жарыс әрі қиын, әрі қызық, өте тартымды өтті. Жарысқа мектебіміздің қыздары мен ұлдары жоғары дайындықпен белсенділікпен қатысты. Жарыста жақсы, белсенді қатысқаны үшін бірінші орынды 11 "а" сыныбы иеленді. Екінші орынды 9 "а" сыныбы иеленді. Үшінші орынды 8 "а" сыныбы  иеленді. Жарыста жақсы белсенді қатысқан командалардан оқушыларға жекелей орындар берілді. Соның ішінде 11а сынып оқушысы Қуаныш Әділет «Үздік ойыншы» атағымен марапатталды. 10 "а" сынып оқушысы Қуаныш Қабілет «Үздік шабуылшы» атағын иеленді. 11 "а" сынып оқушысы Мұстафа Біржан «Үздік қақпашы» атағымен марапатталды. Жарысқа қатысқан оқушылар мақтау қағаздары мен марапатталды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз