Өлең, жыр, ақындар

Мен өмірді қалаймын!

«ҚЫЗЫЛОРДА ОIIД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН

ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА»

  «Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық»-, деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «нашақорлық және есірткі» егіз ұғым. Бұл адам баласының өзіне жасайтын ең өрескел қастандықтарының бірі. Осы сөздерді естігенде менің ойыма дүниежүзіндегі қаншама дерлік қасірет шегіп, қор болған тірі жан иелері көз алдыма келеді. ХХІ ғасырдың қасіретіне айналған бұл індетпен күресу әр адамның парызы деп есептеймін. Нашақорлық және есірткі ұғымдарын естіген кезде мен біздің болашағымыздың қандай болатынын елестетемін: айнала толған темекі қалдықтары, арақтың бөтелкелері, қылмыскерлер, тіпті адамдар арасында да сау адамды табу қиын. Көп адам  түбегейлі дұрыс жолдан тайып, өз денсаулықтарын құртқан, ауа да таза емес, қанша жерден ауа-райы таза болып тұрсын, бірақта нашақор адамдардың арасында өзіңді жақсы сезіне алмайсың. Біздің болашағымыз дәл осындай болуы мүмкін.

            Сау адамдар қалайша дұрыс жолдан таяды? Бұл сұрақтың бірнеше шешімі бар. Адамдардың дұрыс жолдан таюының бірінші себебі : жасөспірімдердің айналасындағы адамдар. Бала қанша жерден иманды болсын, бірақ-та оның айналасындағы адамдар оған кері әсерін тигізеді. Себебі, қоғамымызда қаншама адамдар осындай жолмен нашақорлық, есірткі сатушылық жолға түскен. Сол себепті де біздер айналамыздағы адамдардың салауатты дұрыстығына көз жеткізуіміз керек. Егер де біздің жақынымыз дұрыс жолдан тайған болса, оған көмек беруіміз керек немесе араны алыс ұстау қажет. Ал екінші себебі : адамдардың нашақорлыққа қызығушылығы, яғни, адамның темекі немесе есірткі заттарын тұтынып көргісі келетіндігі. Адам баласы есірткі заттарын қызығушылықпен бір рет қолданып көргеннен кейін оның құтылмас құрығына ілініп,темекі мен есірткі заттарына тәуелді болып қалады.

            Нашақорлық, есірткі және де осы істерге байланысты бизнестер тек біздің қоғамның ғана емес, бүкіл әлемнің ең өзекті проблемасы. Есірткі тұтынушы бар жерде қылмыстық істер де белең алады. Кез-келген нашақор адам қылмыс жасауға құштар болады. Есірткі адамның денсаулығын ғана емес психикасын да құртады. Егер де біз нашақорлық және есірткі бизнестерін жойсақ еліміздің қылмыстық істер азайып, жарқын болашағы қайта жанданады. Сонымен қатар, бұл ісіміз полиция қызметкерлеріне де жасаған үлкен көмек болары анық. Сол себепті біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы жұмыстар жүргізуіміз қажет. Бұл басты мақсат! Егер есірткі заттары сатылмайтын болса қоғамымызда нашақорлық та жойылады. Бұл жұмыстардың барлығы жарқын болашақты қалыптастыруға жақсы әсерін тигізеді деген ойдамын.Алдыңғы буын аға-әпкелерімнің сара жолымен жүріп, кейінгі буын ұрпақтарының дара жолға түсуіне өз септігімді тигізу басты азаматтық борышымның бірі деп есептеймін...

            Қорыта айтқанда, барлық адам өз болашағының жарқын болғанын қалайды. Сондықтан біз «есірткі, нашақорлық» ұғымдарын жоюымыз керек. Мен өмірді қалаймын!

Қызылорда облысы, Арал қаласы № 64 орта мектеп

7 «б» сынып оқушысы Алпамысова Айдана


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз