Өлең, жыр, ақындар

Мектеп оқушыларына олимпиадалық есептерді шығару дағдысын қалыптастыру

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
«5В010900» - математика мамандығының студенттері
Нурланова Эльнара, Абдисаматова Гулдана   
Ғылыми жетекшісі – Қ. Р. Тайболдина

Аннотация

Мақала мектеп математика курсында олимпиадалық есептерді шығарып оқытудың ерекшеліктеріне арналған. Арнайы олимпиадалық есептердің шығару жолдарының көмегімен және осы тақырыпты оқытудың ерекшеліктерімен  танысуға ерекше көңіл бөлінеді.
Кілт сөздер: зияткерлік (интеллектуалды), мектептік және аудандық олимпиадалар, олимпиадалық тапсырмалар.

Егеменді елдің ертеңі оның білімінің тереңдігімен өлшенеді. Қазір — ғылым мен білімнің, техниканың дамыған кезеңі. Сондықтан да қазіргі қоғам әр оқушының сапалы терең білім алуын, жаңаша ойлау қабілетінің жоғары болуын талап етеді. Осы мақсатта әрбір оқушы үшін мектепте өткізілетін әр деңгейдегі пәндік олимпиадалардың маңызы зор.

Олимпиада — бұл ең алдымен, дайындығы неғұрлым жоғары, қабілетті оқушылармен жүргізілетін зияткерлік (интеллектуалды) жарыс.

Олимпиадалық есептерді шығара білу, әрқашан оқушының математикалық дарындылығының көрсеткішінің бірі болып табылады.
Олимпиадаға қатысу оқушының отбасында және мұғалімдер ортасында ғана емес, сыныптастар арасында да беделінің көтерілуіне мүмкіншілік береді.Олимпиада тапсырмаларын таңдап алу ұйымдастырудың өте маңызды кезеңі. Онда күрделі тапсырмалар ғана емес, сонымен қатар қызықты да, практикалық қолданысы бар болатын әр түрлі шығармашылық сипаттағы тапсырмалар болуы қажет.

Олимпиадалық есеп термині есепті классификациялау нәтижесінде емес, олимпиадалық жұмыстың мәтінін құру үшін есептің ерекше түрлерін қолдану практикасы нәтижесінде пайда болған.

Математикада олимпиадалық есеп деп құрылымы немесе оларды шығару әдістері бойынша стандартты емес, қиындығы жоғары деңгейдегі есептерді түсінеді. Мектеп оқушылары олимпиадаларының негізгі мақсаты осы облыста барлық қатысушылардың ішінен қабілетті, талантты және дарындыларды анықтаудан тұрады. Негізінен, олимпиадалық тапсырмалар шығармашылық сипатымен ерекшеленеді.

Олимпиадалық есептердің басты ерекшелігі оның тұжырымы мен шығару жолы мектеп бағдарламасы шеңберінен шықпайтыны және бұл есептерді шығару әдістері оқушыларды біртіндеп жоғары математиканың ұғымдары мен әдістеріне бейімдейтіндігінде.

Олимпиадаға қатысушыларға мектеп оқушысы үшін ерекше болып табылатын сұрақтар ұсынылады. Мұндай жағдайларда берілген тапсырманы орындауда дайын формуланы пайдалану мүмкін емес және қатысушыға өз бетімен жол тауып, есеп шешімін құруға тура келеді.
Қабілетті бала олимпиадаға қатыса отырып, өзімен тең дәрежелі оқушылар қатарынан табылады. Ол өзінің басымдылығын дәлелдеу үшін басқамен жарысқа түсіп, жеңіске ұмтылады. Олимпиададағы ерекше жағдай, жарысқа еркін қатысу (өз еркімен) мүмкіндіктері қызықтырады. Сондықтан басты назарды оқушыларды интеллектуалды сайыстарға дайындауға аударған дұрыс.

Олимпиаданың ең басты құңдылығы жеңімпаздарды анықтаудан ғана емес, оқушылардың математикалық мәдениеті, интеллектуалды деңгейінің жоғарылауын бағалаудан тұрады. Сондықтан осы мәдениет пен интеллектуалды деңгейді көтеру үшін оқушыларды математикалық олимпиадаға дайындау қажет. Бүгінгі күні олимпиада нәтижесі бойынша мектепте, ауданда математикадан сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың қорытындылары бағаланады. Математикадан мектептік, аудандық олимпиадалар математикалық дайындық сапасын салыстыруға, мектептерде математиканы оқыту жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. «Білім — инемен құдық қазғандай», сондықтан ұстаз - оқушыны жан-жақты дайындайтын тұлға болғандықтан, ол оқушының білім деңгейіне тереңірек үңіледі.

Олимпиадаға қатысу оқушының интеллектуалды потенциалының ашылуына мүмкіндік туғызады, ал нәтиже көрсеткіштері оқушының өзіндік сана сезімін нығайтады. Олимпиадаға дайындауға мұғалім өте үлкен үлес қосады.Олимпиаданың мектептік кезеңінде тандалған оқушыларды келесі күрделі кезеңдерге дайындайды. Бұл мұғалімнен өзінің пәні бойынша терең білімді, олимпиадалық тапсырмаларды шебер орындауды және оқушыларды осы ерекше жұмыс формасына дайындаудың әдістемесін меңгеруді талап етеді. Мұғалім тарапынан олимпиада — өзін-өзі танытудың жолы екенін мектеп оқушыларына көрсетуі өте маңызды. Оқушыларды олимпиадаға дайындап жүрген математика мұғалімінен күрделі әрі қиын есептерді шешудегі тәжірибенің бар болуы талап етіледі.

Мұғалім жұмысының нәтижесі — олимпиаданың әр түрінен қандай және қанша оқушы жүлделі болғанымен анықталады. Математика мұғалімі оқушыларды олимпиадаға дайындап, олардың математикалық дамуына барлық жағдай жасайды.
Сабақ үстінде де тақырыппен тығыз байланысты олимпиадалық есептерді шығартуға болады. Осындай есептердің бірнеше мысалдарын қарастырайық.

Мысалдар:

1. Алмас жұмысқа келген әріптесінен жасын сұрады. Сонда әріптесі: «менің 4 жылдан кейінгі жасымды 4 еселеп одан 4 жыл бұрынғы жасымды 4 еселеп шегеріңіз»- деді. Жаңа әріптестің жасы нешеде?
Шешуі: 4(x+4)-4(x-4)=4x+16-4x+16=32
Жауабы: 32 жаста

2. Барлық бағандар мен қатарлардағы сандардың қосындылары тең болса, А+В+D+C неге тең?

А В С
4 9 6
D 7 4


Шешуі: 4+9+6=19                          D=19-(7+4)=8
С=19-(6+4)=9                                  В=19-(9+7)=3
А=19-(4+D)=19-(4+8)=7
А+В+D-С=7+3+8-9=9
Жауабы: 9

3. 2а санының 4%-ның  9%-ы а санының 5%-інің неше пайызын құрайды?

Шешуі: 2a∙4%=2a∙4/100=2a/25;   2a/25∙9%=2a/25∙9/100=9a/1250;     a∙5%=a∙5/100=1/20 a-100%
9/1250 a-x%    x=9/1250 a∙100%÷1/20 a=14,4%
Жауабы: 14,4%

4. Кестеде мұражайға кіретін билеттер құны мен жеңілдіктер көрсетілген

Адамдар Бір билет құны (теңге) Жеңілдіктер
Үлкендерге 450 теңге 5-10 адам аралығында 10 адамнан артық
Балаларға 250 теңге 5% 10%

 

 Мұражайға келген 2 үлкен және 6 баладан тұратын топ билеттерге қанша төлейді?

Шешуі:  2∙450+6∙250=2400;   2+6=8(адам);
5% жеңілдікпен: 2400-2400∙5%=2400-120=2280;

Жауабы: 2280 теңге

Осындай қызықты есептерді шығару оқушыларды логикалық дамуға, практикалық икемділікке баулуға септігін тигізеді, өз бетінше жұмыс істей алуға, қиындықты жеңе білуге дағдыланады.

Мұндай практикалық есептер олимпиадалық есептерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдап алуға тәрбиелейді.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1. Безрукова О.Л. «Олимпиадние задачи по математике.5-11 класс»
2. Бейсеков Ж. «Математикалық олимпиадаға даярланайық: 5-11 сыныптар»
3. М.И.Сканави «Сборник  задач по математике»
4. А.В.Фарков «Математические олимпиады в школе.5-11классы»
5. «Математикалық олимпиада есептері: 5-7 сыныптарға арналған» С.А.Рахимбердинова; К.Н.Байдовлетова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз