Өлең, жыр, ақындар

Салмақбайдың өлеңі

Ел аралайтын тоғай бақташы «бәле шік» ен елге өздері бек, «жандарал» болып өкім жүргізген. Қазаққа адам қылмағанды қылған, істемегенді істеген. Ретсіз шығын салатын, қасындағы елдің тап-табынан бір-бір «ашты» «мекентай» (пенетай) алатын. Қонған аулынан қара қозы соймаса, қара сеңсең таптырып алатын. Қара сеңсенді бос атқа артып жүрген «бөлешікті» көретінбіз.

Осындай мейманасы асқан «бөлешікті» ызаға шыдамаған ел өлтіре бастаған. Сарқан «бәлешігін» өлтіріп, абақтыға түскен Шоқпар руынан Салмақбайдың абақтыда жатып шығарған өлеңін ел тегіс айтып жүретін:

Мен қалдым қу шекпеннің жаласына.
Салмақбай қайғырады анасына.
Құдайым мұндай іске жолықтырды,
Сәлем де бес Шоқпардың баласына.
Бойында Үшбасқанның қонысымыз.
Сарыбай, Әбдірахман болысымыз.
Қорғамай, қорықтың ба, ұстап бердің,
Тарттырды-ау мехнатты орысыңыз.
Біздің ел Үшбасқанның арасында,
Жігітті бейнет қуар аларында.
Ел елдігін қылмай ма, жұрт жұрттығын,
Қайран ел қатын болып қалады ма?
Құдай-ау, құдіретіңе таң қаламын,
Ішінде тар қапастың зарланамын.
Кәпірге кәр қылатын құдай қайда?
Қамы үшін қара қазан, cap баланың..
Басылмай өсіп кетті сақал-мұртым,
Сағындым құрбы-құрдас, елі-жұртым.
Ел тозды. Ерді мендей зарықтырды,
Жек көріп орысыңның тұрмын сұрқын...

(Қолжазба араб қарпінде. ҚР Орталық мемлекеттік архиві. Қор — Р-1368; тізбе—1; іс—16).


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз