Іш жарақаттарын нақтамалау және емдеу кезіндегі бейнелапароскопия

Жарақаттанулар құрылымында құрсақ қуысына енген жарақаттар қазірі уакытта 3-5 пайызды құрайды және олардың саны азаятын емес. Іш ағзаларының үйлескен жабық жарақаттарын алған науқастар саны анық көбеюге бейім және барлық зақымдар ішінде 22-45% құрайды.

Ішке енген жарақаттары бар емделушілердің 1%-дан 50%-ға дейінгі бөлігінде құрсақ куысы ағзалары зақымданбаған. Іштің оқшауланған және үйлескен жарақаттары кезіндегі нақтамалық («бекер») лапаротомиялар саны 24,3%-дан 52%-ға дейінгі жағдайларды құрап, қазіргі уақытқа дейін негізсіз жоғары болып отыр. Тағы 5-9% жағдайда құрсақ қуысы ағзаларының үстірт зақымдары анықталады.

Зерттеу мақсаты

Құрсақ қуысы ағзаларының жарақаттары бар науқастарды нақтамалау және хирургиялық ем нәтижелерін жақсарту.

Зерттеу материалдары мен әдістері

Жұмыстың негізі ретінде 1992 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде іш жарақаттарын (ІЖ) алған 371 науқасты емдеу тәжірибесі алынды. Олардың ішінде ер адамдар — 288 (77,6%), әйелдер — 83 (22,4%). Наукастардың жасы 16 мен 65 жас аралығында, орта жас — 29,1.

Науқастарды зерттеу екі бағытта жүргізілді: бірінші — клиникада 1992 жылдан бастап жатқан және дәстүрлі әдістермен емделген іш жарақаттарын (ІЖ) алған 194 (52,3%) зардап шегушінің сырқатнамаларын шола талдау, екінші — 1998 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде бейнелапароскопиялық (БЛС) технологиялар қолдана отырып емделген ІЖ бар 177 (47,7%) науқастың клиникалық бақылануын талдау.

Іштің жабық жарақаттары кезінде бейнелапароскопиялық нақтамалау үшін көрсеткіштер мыналар деп есептейміз:

— жарақат механизмі бойынша ішкі ағзалардың зақымдалуын жоққа шығаруға болмайтын іштің жабық жарақаты;

— «жалған жіті іш» клиникасы бар іштің жабық жарақаты;

— құрсақішілік қан кету клиникасы бар іштің жабық жарақаты.

Ішке енген жарақаттар кезінде бейнелапароскопиялық нақтамалауға көрсетімдер:

— алғашқы хирургиялық өңдеу (АХӨ) кезінде анықталған жарақаттын ішке ену сипаты;

— АХӨ кезінде жарақат арнасын қайта қарау нәтижелері күмәнді болған жағдайда, жарақат ішке енген деген қауіп болғанда;

— жарақатты қайта қарау аз ақпарат берген жағдайда, іштің тескен және көп жарақаттары;

— жарақаттың бел аумағына шоғырлануы.

Зақымдардың сипатына қарамастан, іштің жабық жарақаттары (ІЖЖ) кезінде дәстүрлі лапаротомия жасау кезінде жету жолы жарақатты, «қанды» (қан жоғалту 400,0 мл-ге дейін) болады. Және де құрсақ қуысына енуге жұмсалған уақыт 12-ден 25 минутқа (17+ 5,4) дейін созылды. Бақылау тобы бөлігінің 79 пациентіне жасалған лапаротомия барысында 12 (15,2%) науқаста құрсақ қуысы ағзаларының ешқандай зақымы анықталған жоқ, тағы 21-де (28%) ішкі ағзалардың бар жарақаттары қандай да бір хирургиялық араласуды талап еткен жоқ. 33 (43,2%) науқасқа лапаротомия жасау қажеттілігінің болмағандығы осыдан көрініп тұр.

Керісінше, бейнелапароскопия кезінде құрсақ қуысына жету үшін косымша жарақатсыз және қан жоғалтусыз 3-4 минут уақыт жұмсалды. Әдіс 34 минут ішінде 6 (7,1%) науқаста ішкі ағзалар зақымдарының жоқтығын анықтауға, 21 науқаста (24,7%) бар зақымдануларға қандай да бір араласуларды орындаудың қажетсіздігін дәлелдеуге, 17 (20%) науқаста құрсақ қуысы ағзаларының үстірт жарақаттарына БЛС түзету жүргізуге мүмкіндік берді. Басқаша айтқанда, негізгі топ бөлігіндегі 85 пациенттің 51,7 пайызында кен лапаротомия жасау қажеттігі жоққа шығарылды.

Ішке енген іш жарақаттары кезінде орындалатын лапаротомияның кемшіліктері дәл іштің жабық жарақаттары кезіндегімен бірдей, бірақ одан гөрі ұзақ (2 минутқа) және қан көбірек жоғалады (100,0 мл-ге). Бақылау тобы бөлігіндегі 115 зардап шегушінің 17-сінде (14,8%) жарақаттар ішке енбеген, 30-да (26,1%) іштің ішке енген жарақаттары ішкі ағзаларды зақымдамаған, бауыры (5) және ұйқы безі (1) үстірт жарақаттанған тағы 6 пациентте (5,2%) қандай да бір хирургиялық араласу қажетсіз болды. Негізінде бақылау тобы бөлігіндегі 115 зардап шегушінің 53-і (46,1%) лапаротомия жасауды қажет еткен жоқ.

БЛС орындау нәтижесінде негізгі топ бөлігіндегі 92 науқастың 11-де (12%) жарақаттың ішке енбеген түрі, 31-де (33,7%) — құрсақ қуысы ағзаларын зақымдамаған іштің ішке енген жарақаты, 11-де (12%) бауырдың (8), асказанның (2) және ұйкы безінің (1) ешқандай шараларды қажет етпейтін үстірт жарақаттары анықталады. Яғни БЛС 53 жағдайда (57,7%) жарақатты лапаротомия орындаудан бас тартуға мүмкіндік берді.

Бейнелапароскопияның жоғары нақтамалық және шұғыл мүмкіндіктері іш жарақаттары бар науқастарға толық көлемдегі мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Шұғыл лапароскопиянын ұсынылып отырған принциптері отадан кейінгі кезеңнің жағымды және асқынусыз өтуіне, іш жарақатын алған науқастардың ерте функционалдық оңалуына, олардың емделу мерзімінің қыскаруына, пациенттердің отадан кейінгі өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.

С. Б. Серғазиев

Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)