Өлең, жыр, ақындар

Ұлы күйші Құрманғазы

-Домбыра үйренемін

Маған тіпті түк емес күй дегенің,-

Деп ағаға

Әжемді сүйреледім.

Тек, әттеген,

Күй тілін қойдым ұқпай.

Тыңқылдатып тартқаным

Күй боп шықпай,

Екі ай өтті ештеңе қойдым ұқпай,

Шағым еді қиналып мазам кеткен.

-Қош, аға,-демек болып Балтабайға

Тағат таппай отырдым жалғыз тосып.

Тек кенеттен

Күй күмбірлей жөнелді.

Кеттім шошып.

Күй сөйлеп тұр,

Адамша тіл қатып тұр,

Жан дүниеме тұрғандай төгіліп нұр.

Күмбірлей төгілген күй кірді есіктен,

Мұғалімім Балтабай аға менің:

-Жаңа ғана күй дейді сен естіген

Құрманғазы күйі еді

Күйдің аты «Не кричи, не шуми»

Деді дағы сынайын қарымыңды,

Сен қайталап сол күйді берші қағып.

«Не кричи, не шуми»,

«Не кричи» , «не шуми».

Ызың қағып құлақта қалған тұнып,

Бірте-бірте он саусақ еркін жүзді.

Домбыра айдын төсінде сеңді бұзып,

Өз-өзіме ырза боп тұрдым күліп.

-Құрманғазы бабамыз салған бүлік

Астраханьда айдауда жүргенінде

Күй сыйлапты бейтаныс елге мүлде.

Сол осы күй «Не кричи, не шуми»

Арбалы қазақ паромға кірерінде.

Бір әйелдің сәлісін іле-міне,

Арбасының арысы жайпай-майпай,

Урядниктің әйелін абайламай...

-Құртайынба көзіңді, дикий малай?!

Урядник сол жерде салыпты айқай.

Тақсырлап қазақ байғұс жаны шығып,

Ұлыққа басын иіп тұрды бұғып.

Төзбейтін қорлыққа да, зорлыққа да,

Кетіпті Құрекеңнің даусы шығып.

«Не кричи, не шуми» деп

Жіберердей ақырды жерге тығып.

Жан серігі домбыра қасында еді,

Өршіл күйге жіберді басып енді,

Сол осы күй «Не кричи, не шуми».

Күйдің тілін ұғынған ұлық сасып,

Құрекеңнен кетіпті аулақ қашып.

-Мына күй ойнақы, күлкілі екен,

Мұң мен зарға құрылған күйі барма.

Онда мына күйді сен тыңдап барла.

«Аман бол шешем, аман бол»

«Аман бол шешем, аман бол»,-

Деп қос ішек күңіреніп басты зарға.

Қағып алып мендағы күңіренттім,

Қағып алмас айтшы өзің амал бар ма?

Күйдің тілін ұқтырған Сыздықовты

Мұғалімім дей тұра тіптен мықты.

Жан-тәніммен сүйем мен,

Құрманғазы секілді ұлылықты. 

 

Сүлеймен Баязитов

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз