Өлең-жыр байқауы

Шәміл Серіков

Серіков Шәміл — грек-рим күресінен Әлем және Олимпиада чемпионы болған Қазақстандық балуан. Ол 1956 жылы 5 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1979 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірген. Жаттықтырушылары — А. Алдабергенов, Ж. Жарков.

1978 жылы Украинадағы Запорожьеде, 1979 жылы Бухарестте өткен жарыста КСРО чемпионы атанды. 1978 жылы Мексикадағы Мехико қаласында және 1979 жылы АҚШ-тағы Сан-Диегода өткен жарыста Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ресейдің Мәскеу қаласындағы 1980 жылы өткен XXII Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері болды. Қазақстанның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1989 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)