Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Үстірт арқары

Үстірт арқары — дене пішіні орташа, ұзын аяқты жабайы қой (аталығының денесінің ұзындығы 160 см, салмағы — 70 кг; аналығы — 140 см, салмағы — 40 кг). Ол үстірттің ойпатқа бағытталған жыраларында — Қарынжарық құмы мен Кендірлісор шөлді жазықтығында, сонымен қатар, Маңқыстау түбегінің ойпаты мен түбегінде мекендейді.

Аталықтарының қыста басына дейін жететін, мойны мен кеудесіндегі ұзын (30 см), қалың жүндері жақсы жетілген, оны «жағасы» деп атайды. Жоғарғы жағы ақ түсті, ал төменгі жағы қара түске боялған. Басын еңкейткенде осы «жағасы» жерге тиеді. Кәрі аталықтарының мүйізі толық бұрама құрайды, ал аналықтарында кішілеу доғатәрізді мүйіз. Үстірт арқары — өте елгезек, ол тік жардан тез түсіп, тез шығады, биік жерден төменге оңай секіреді, жоғарыға 1 метр биіктікке секіре алады. Мардымсыз шөл өсімдіктерімен қоректенеді, ащы және тұщы суларды ішеді. Таңертең және кешке белсенді. Қазаннан желтоқсанға деін күйлейді, осы кезде аталықтары мен аналықтары аралас үйір құрайды. Қозылары әдетте сәуірде туылады, аналықтары оларды қазанға дейін сүтімен қоректендіреді. Жылдың көп маусымында үйір болып жүреді, басшысы жауынан қорғайды. Негізгі жаулары — қасқырлар және браконьерлер. Қазақстандағы сирек кездесетін бұл түрді қорғау үшін үстірт қорығы және екі зоологиялық қорықша құрылды, ал үстірт арқары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...