Өлең-жыр байқауы

Үй жануарлары

Үй жануарлары, доместикация — жануарлардың қолға үйретілген түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады.

Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал ара мен жібек көбелегі), құстардың 10—12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Лабораториялық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, тағыда басқа, аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету зерттеу нәтижесінде, бұдан 15—10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады. Қазіргі кезде 170 млн-ға жуық қой — Австралияда; 197 млн-нан астам ірі қара мал — Үндістанда; 7 млн-дай түйелер — Сомалиде өсіріледі деп саналады. Үй жануарларын тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит — чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, тағыда басқа, мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)