Өлең-жыр байқауы

Тастанбеков Құман Нұрмағанұлы

Тастанбеков Құман Нұрмағанұлы (10 наурызда 1945 жылы, Қазақ КСР Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылы — 17 желтоқсанда 2017 жылы Қазақстан Алматы) — кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі. 1969 жылы Алматы өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін бітірген соң Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.

Оның алғаш ойнаған рөлі — «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген. Бұдан кейінгі кинодағы рөлдері: Мұхамедов («Қыс — мазасыз маусым», ), Ғани («Ағам менің»), Бақыт («Ерекше күн»), Семетей («Аққулар ұшып келеді»), Нұрбек («Махаббат жаңғырығы»), Сәкен («Ағама арналған қалыңдык»), Мұрат («Қараша қаздар қайтқанда»), Еркін («Провинциялық хикая»), Болат («Өрнек), т.б. Сезім шынайылығы, психологиялық бояуға ден қою — оның актерлік өнеріне тән қасиет. Ол театр сахнасында Қасым, Құлбек (Ш. Айтматовтың «Ана — Жер-анасы» мен «Ақ кемесі» бойынша), Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезовтың «Айман — Шолпан», «Қарагөз» және «Еңлік — Кебегі» бойынша), Тәңірберген (Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тері» бойынша), Жан (О.Бөкеевтің «Құлыным меніңінде»,) т.б. секілді әр алуан рөлдерді сомдап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады. Ол — 1976 жылдан Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты. Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз