Өлеңдер бөлімі

Тағамның тұзын көп салып жіберсеңіз не істеу керек? Қарапайым кеңестер

Егер байқаусызда тамаққа тұзды көп салып жіберсеңіз не істеу керек? Оны қоқысқа тастауға асықпаңыз. Осындай жағдайда көмекке келетін бірнеше қарапайым лайфхакпен бөлісеміз.

Қыз-келіншектердің барлығы тағамды дұрыс тұздауды біле бермейді. Ал дәмді кешкі ас дайындауға қыруар күш пен уақытты жұмсағанда ол тұзы көп, жеуге жарамсыз болып шықса, қандай өкінішті. Алайда, тамақты қоқыс шелегіне тастауға асықпаңыз. Тұзы көп салынған түскі немесе кешкі асты құтқарып қалуға көмектесетін бірнеше айла тәсілдер бар.

Сорпа

Сорпа тұзды болса, оған су араластыра салу оңай көрінеді. Есіңізде болсын: бұлай жасасаңыз тағамның дәмін міндетті түрде бұзып аласыз. Тұзды бейтараптандырудың басқа да тиімді жолдары бар.

Ең қарапайымы — оған тұзсыз сорпаны қосу. Егер ол болмаса, күріш немесе қарақұмық сияқты кез келген жарма көмектесе алады. Жарманы жақсылап жуып, дәкеге орап, сорпаға салып қайнатыңыз — жарманың керемет сіңіргіш қасиеттерінің арқасында ол артық тұзды сіңіріп алады. Айтпақшы, сорпаны тұзсыздандырып қана қоймай, дәмді гарнир дайындап аласыз. Жарманың орнына картоп немесе макаронды қолдана аласыз: олар да тұздың бір бөлігін сіңіріп алады. Алайда олардың қатты пісіп кетпеуін қадағалаңыз, әйтпесе сорпа бұлдыр тартып кетеді.

Кеуекті құрылымы бар рафинад қанты — тағы бір тамаша абсорбент. Бірнеше кесегін қасыққа қойып, сорпаға салыңыз. Қант ерігенде, оны мұқият алып, жаңасына ауыстырыңыз. Осылайша, тағамдағы артық тұз жойылғанға дейін жалғастыра беріңіз. Қанттың орнына кептірілген нанды немесе қара нанның қыртысын пайдалануға да болады. Көпсітілген жұмыртқаның ақуызы да көмектесе алады: оны сорпаға құйып, бірнеше минуттан кейін ожаумен қалқып алыңыз.

Тағы бір дәлелденген тұз бейтараптандырғыштары — лимон шырыны мен бал, сондықтан еш алаңсыз оларды сорпаға қоса берсеңіз болады.

Көкөністер

Егер сіз тұтас пісірілген көкөністерді көбірек тұздап жіберсеңіз, оларға таза су құйып, бірнеше минут қайнатыңыз, тұз суға сіңіп кетуі керек. Бұл әдістің бір кемшілігі — қайта термоөңдеуден өткен көкөністедің пайдасы едәуір азаяды.

Көкөністерден жасалған рагуды "қалпына келтіру" расында қиын емес. Оған қызанақтардың бірнеше кесегін салып, біраз уақыт бұқтырыңыз. Егер тұзы тым күшті болмаса, тағаммен бірге тұщы ірімшік, мысалы, моцарелла немесе рикотта ұсыныңыз. 

Балғын көкөністерден жасалған салатты сумен шайыңыз немесе тұзсыз ингредиенттермен немесе тұздықтарды көбірек қосып, араластырыңыз. Ал картоп пюресінің тұздылығын шикі жұмыртқаның көмегімен жоюға болады.

Егер сіз қуырылған саңырауқұлақтарды артық тұздап жіберсеніз, оған күріш, ұн, картоп пюресі немесе пияз қосып, араластырыңыз — олар артық тұзды сіңіреді және саңырауқұлақтардың дәмін үйлесімді етіп толықтырады. Тағы бір әдісм — тағамға аз мөлшерде лимон шырыны мен су қосыңыз. Саңырауқұлақтарға тұздалмаған қаймақ соусын құйыңыз — дәмді әрі тойымды болары сөзсіз!

Ет, құс еті және балық

Тұзы басым бұқтырылған ет — гуляш, азу, чахохбилиге де дәл көкөністердегідей балғын қызанақ қосыңыз. Сондай-ақ артық тұзды, балғын аскөк, кинза, жасыл пияз, ақжелкен де жоя алады.

Қуырылған ет немесе балық үшін қаймақ тұздығын әзірлеуге кеңес береміз. Суық қаймақты шұңғыл ыдысқа құйыңыз да, оған етті салып  — 10-15 минут маринадтаңыз. Содан кейін мұның бәрін су моншасында қыздырыңыз, сонымен тағам дайын. Өте дәмді әрі нәрлі болып шығады! Құс етін 15-20 минутқа сүтке салып қойсаңыз, ол артық тұзын өзіне сіңіріп алады.

Қатты тұздалған ет немесе тауықты түскі немесе кешкі асқа орай жылы салатқа айналдырып жіберуге болады.

Фаршқа тұзды артық салып қойсаңыз, оны күріш, туралған кәді, картоппен немесе сәбізбен араластырыңыз. Олар тұздың артығын бейтараптандырып қана қоймай, фаршты нәзік және шырынды етеді.

Еттің, құстың немесе балықтың тұздылығын реттеудің балама әдісі — тұщы тұздықтармен немесе гарнирлермен: жаңа піскен немесе бұқтырылған көкөністердің  едәуір порциясымен, картоп пюресі, жарма немесе макарондармен (әрине тұздалмаған) қосып әзірлеу.

Макарон және жармалар

Егер сіз жарма, макарон немесе паста дайындау кезінде тұзын артық қосып қойсаңыз, онда қайнатып жатқан сұйықтығын төгіп, қайтадан тұзсыз ыстық су құйыңыз. Сосын қайнатыңыз, тек ұзақ қайнамауын қадағалаңыз, әйтпесе гарнир дәмсіз болып қалуы мүмкін.

Тұзды палауға тұзсыз суда пісірілген бір порция күріш қосуға болады. Макаронның тұзын томат пастасы немесе балғын қызанақтар жоя алады.

Өздеріңізге белгілі кереғарлық әдіс те жақсы жұмыс істейді: тұздалған гарнирді тұщы топпингтермен — ірімшікпен немесе соустармен толықтыруға болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...