Өлеңдер бөлімі

Үстел теннисі - насиxаттауға тұрарлық бұқаралық спорт

Үстел теннисі (Пинг-Понг) – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі.

Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Алғашында XIX ғасырда оны түстен кейінгі ойын ретінде ермек қылған. 

Ойыншылар ас үстелінің үстіне тордың орнына кітаптарды қойып, шылымның қорабымен шампанның тығынын соғып ойнаған.

Өз басым үстел теннисін адамзаттың ойлап тапқан үлкен жетістігі деп есептеймін.Және де қазіргі таңда жасқа да , кәрі ге пайдасы болмаса зияны жоқ таптырмас спорттың бір түрі дер едім.

Сіздермен дәл осы спорт түрінің пайдасы жайлы қысқаша бөлісе кетсем:

Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады. Бұл дегеніміз күні бойы компьютер алдында отыратын кеңсе қызметкерлері үшін таптырмас спорт деген сөз. Мәселен, компьютер алдында көп отыратын адамдар көзге арналған гимнастика жасауды әдетке айналдырғаны абзал. Ал үстел теннисін ойнағанда шапшаң қозғалған допты көру үшін көз қарашықтары еріксіз қозғалатыны айтпаса да түсінікті. Ал мұнымыз, өз кезегінде, көздеріміз үшін  керемет гимнастика.

Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады.  Себебі ойынның сипаты шапшаң ырғақты, қысқа қашықтықты болғандықтан ірі әрі ұсақ бұлшық еттердің қозғалысы жақсарады.

Бұл керемет спорт түрінің жоғарыда тізбектелген пайдалы жақтарымен қоса бұл спорт түрімен әр адам өзінің ғұмырыңның аяғына дейін шұғылдана алады, қыста да, жазда да, ғимарат ішінде кез келген ауа райы жағдайларында ойнаға болады, жарақат ықтималдылығы жоққа тақау спорт екендігін айтсақ, үстел теннисінің маңызы одан сайын арта түсетіні сөзсіз.

Біздің ойымызша, осындай пайдасы мол спорт түрін неге бұқаралық спортқа айналдырмасқа? Солай жасаудың жолдарын неге қарастырмасқа?

Шындығына келсек, үстел теннисі кеңінен насиxаттауға лайық спорт түрі.

Ол үшін үстел теннисін ойнауға қызығатындар санын арттырып, теннис үстелдерін көптеп орналастыру керек. Ол аса қиынға соқпас. Себебі, үстел теннисінің ережелері аса күрделі емес, үйренуге оңай, интернетте үйренем деушілерге арналған бейне материалдар көптеп кездеседі.

Салауатты өмір салтын басымдықтарының бірі етіп белгілеген елімізді өрге сүйрейтін үстел теннисі шеберлері шықпаса да, сондай шеберлердің ата-аналары шығып қалар деген үміттеміз.

Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің 2-курс студенті Анар Болатxан


Пікірлер (1)

Жақсы жаӡылған 87075954592 Өркен

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...