Өлең, жыр, ақындар

Илья Ильин (ауыр атлетика)

Ильин Илья Александрович — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Ол 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1996 жылы 8 жасында облыстық арнайы балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтер мектебіне ауыр атлетика бөліміне қабылданады. Оны Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бапкер Пак Вилорий Викторович жаттықтырады.

Илья 1997 жылы 9 жасында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанды. 2001 жылы 13 жасында ауыр атлетикадан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болып, Қазақстан ауыр атлетикасының тарихындағы ең жас спорт шебері ретінде танылды. 2003 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатыса жүріп, Илья жастар арасында екі дүркін Әлем чемпионы болды. Ол 2005 жылы Дохада (Катар) өткен ересектер арасындағы Әлем чемпионатында 85 кг салмақ дәрежесінде бірінші орын алады. Келесі жылы Санто-Домингода өткен Әлем чемпионатында 94 кг салмақ дәрежесінде өз жетістігін қайталайды. Осылайша екі рет әлемдік рекорд жасайды. Дәл осындай балғын шағында дүние жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес.

Дүниежүзілік спорт ареналарында жүлделі нәтижелерге қол жеткізгені үшін 2005 жылы мемлекеттік «Құрмет» орденіне лайықталынған болатын. Ал оның ең ірі жеңісі — Қытай елінің Пекин қаласында өткен XXIX жазғы Олимпиада ойындарындағы алтын жүлдесі. Ол 94 кг салмақта алтын медальді жеңіп алып, небары 20 жасында олимпиада чемпионы атанды. Осы жетістігі үшін мемлекеттік I дәрежелі «Барыс» орденіне ие болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз