Өлең, жыр, ақындар

Хакерлік, покер ойыны һәм 20 миллион доллар

Бүгінгі даму мен мәдениеттің қалыптасуына мыңдаған ғасыр қажет болды. Миллиондаған жылдан тұратын аралық пен соңғы 30 жылды салыстырсақ — соңғысының қарқыны тиімдірек болған. Ширек ғасырдан астам уақыт аралығында адам баласы қарқынды дамып отырғаны анық. Сондықтан «ХХІ ғасыр — технология дәуірі» деген тіркес пайда болды. Ал осы тұжырымның қалыптасуына Билл Гейтс, Стив Джобс секілді әлемнің өзгеруіне өз ықпалын қосқан тұлғалардың үлесі аз емес.

Билл Гейтс жайлы қызықты мәлімет

Биллдің компьютерге деген қызығушылығы мектеп кезеңінен бастап қалыптасқан. Тіпті бір топ сыныптастарымен мектеп компьютерін бұзып, кішігірім хакерлік іспен де айналысқан.

Ол алғашқы табысын оқушы шағында тапқан. Сабақ кестесінің электронды нұсқасын жасап, мектеп басшылығына 4200 АҚШ долларына сатқан.

Емтиханда жоғарғы балл жинап (1600 ұпайдың 1590-ын жинаған) Гарвард университетіне түскен. Дегенмен дәріс тыңдау оны жалықтырып, оқуды тастап кетеді. Содан соң компьютерлік программаларды жасай жүріп, покер ойынымен де әуестенген.

Университетте сабақ беретін профессорлардың біріне «30 жасында миллионер болатындығын» айтқан. Билл Гейтс 31 жасында миллиардер атанып үлгерді.

Егер Билл Гейтс басқаратын Microsoft компаниясын тұтастай бір мемлекет түрінде қарастырсақ, онда ол ұйым табысы жөнінен әлемдегі 37 -ші ел болар еді.

Кей күндері Гейтстің күндік табысы 20 миллион АҚШ долларына дейін жетеді.

Билл Гейтс оқуға кеңес берген кітаптар тізімі

«Жақсы идеялар қайдан алынады» Авторы: Стивен Джонсон.

«Эйнштейннің ай серуені: өнер мен ғылым бәрін есте ұстайды» Авторы: Джошуа Фоер.

«Әлемдегі ең мықты идея» Авторы: Уильям Розен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Олжас

Microsoft 37 орын болса біздің мемлекет нешінші орында екен?

Саят

2017 жылы табыс жағынан 61 орында болған екен, сонда біздің білдей мемлекетіміз Билл Гейтс басқарған Microsoft компаниясынан екі есе төмен болғаны ма? Оның себебі неде екен?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер