Өлең, жыр, ақындар

Ғабит Мүсірепов

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов — қазақ жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Ғ.Мүсірепов атындағы ауылда дүниеге келген. 1985 жылы 31 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеден өткен.

Ғ.Мүсірепов «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Шұғыла», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима», «Өмір жорығы», «Қыран жыры» сияқты әңгімелері арқылы қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Сондай-ақ жазушы «Жапон балладасы», «Арқаның әңгімесі», «Көздің әңгімесі», «Тастың әңгімесі» атты шығармаларымен халықаралық тақырыпта қазақ қаламгерлерінің арасынан бірінші болып қалам тартты. Мүсіреповтің «Тулаған толқында», «Көк үйдегі көршілер», «Өмір ертегісі», «Алғашқы адымдар», «Үздіксіз өсу», «Туннель», «Жайлау жолында», «Тұтқын кыз», «Кездеспей кеткен бір бейне» сияқты повестері мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына арналған «Қазақ солдаты», тарихи тақырыптағы «Оянған өлке» мен «Жат қолында», «Ұлпан» атты романдары — шығармашылық жолындағы белесті туындылары.

Классик жазушының «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», тарихтағы белгілі адамдарға арналған «Ақан сері — Ақтоқты», «Аманкелді», «Болашаққа аманат», «Қыпшақ қызы Аппақ» атты драмалық шығармаларының да орны ерекше.

Оқуға кеңес береміз:

Ғабит Мүсірепов шығармалары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз