Өлең, жыр, ақындар

Ғазиза Жұбанова

Жұбанова Ғазиза Ахметқызы (2.12.1927, Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, — 13.12.1993, Алматы қаласы) — композитор, ҚазКСР-інің (1973) және КСРО (1981) халық артисі. 1949 жылы Гнесиндер  атындағы музыаклық училищені (Москва қаласы), 1954 жылы Москва мемлекеттік консерваториясын (Ю.А.Шапориннің композиция класы бойынша), ал 1957 жылы аспирантурасын бітірді. 1958 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етеді; 1975-87 жылдары осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан профессор). 1962-68 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы. 1974 жылдан КСРО Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болған. Жұбанованың шығармашылығына әкесі А. Қ. Жұбанов зор ықпал етті. Оның аяқталмай қалған "Құрманғазы" радио-операсын (1970) Жұбанова бітірді. Ол "Еңлік — Кебек" (1975), "Жиырма сегіз" (1981) операларының; "Аққұс туралы аңыз" балетінің (1966; ҚазКСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1970); "Жігер" (1971) симфониялық поэмасының; "Мұхтар Әуезов туралы аңыз" (1965) т.б. кантаталарының, "Татьянаның хаты" (1982) ораториясының, ән, романс, хор, фантазия т.б. көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Қазақстан КП ОК мүшесі (1966), СОКП 23-съезінің делегаты болды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1964). Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

каншер

накты операларн корсетип жиберсениз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз