Өлең, жыр, ақындар

Марстағы су: Mars Express мұз басқан кратер суреттерін жіберді

Еуропа ғарыш агенттігінің Mars Express ғаламшараралық автоматты стансасы мұз қатып жатқан Королев кратерінің суреттерін Жерге жіберді.

Mars Express 2003 жылдың 2 маусымында ғарышқа ұшқан болатын. Алты айдан кейін аппарат Марсқа жетіп, оның орбитасына шыққан. Желтоқсан айында Еуропа ғарыш агенттігі миссияның 15 жылдығын тойлады, ал спутниктен алынған суреттер мерейтойға лайықты тарту болды. Фотосуреттер дәлдігі жоғары HRSC (High Resolution Stereo Camera) стереокамераларымен түсірілген. Суреттерден тыс, спутник ғалымдарға Королев атындағы кратердің топографиялық деректерін де жіберді.

Mars Express-тен түсірілген Королев кратері

Королев кратерінің топографиялық түрі

HRSC фотосуреттері

Кратердің диаметрі - 82 километр. Ол ғаламшардың солтүстік полярлық бөлігіндегі төбеліктердің оңтүстік жағында орналасқан. Судан қатқан мұздың тереңдігі 1,8 километрге жетеді. Мұз қабатының үстіндегі атмосфераның табиғи жолмен салқындауы кратердегі мұзды еріп кетуден сақтайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Асан

Илон Маск қуанып қалған шығар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз