Өлең, жыр, ақындар

Заң мен тәртіп шеберханасы

Қандайда болмасын мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттік құрылымдардың, жеке және заңды тұлғалардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсат-міндеттері мен құқықтарын сақтап, оның жүзеге асуын қадағалайтын заң өкілдерін еліміздегі білім ордалары даярлап шығады. Осы орайда Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультеті болашақ заңгерлер, судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен криминалистерді  тәрбиелеуде еліміздегі оқу орындарының арасында алдыңға қатарда тұр десек болады.

«Азаматтың шынайы теңдігі – заңдарға олардың бәрінің бағынуында» деген екен француз ғалымы Жан Лерон Д’Аламбер. Адамзаттық теңдікті қалыптастыру жолы басталатын негізгі мекен – білім ордалары десек, сол заңи білімнің қара шаңырағы атанған 84 жылдық тариxы тәртіп сақтауға бағытталған - заң факультеті.

Біздің факультеттің неге бірінші екені мен заманауилығын тарқатып көрейік.

1. Аты Алашқа әйгілі факультет. Себебі 1934 жылдан бері заңгерлер даярлауда тынбай еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде елімізге елеулі адвокаттар мен судьяларды тәрбиелеп шығарды. Ел Конституциясын жазуға да біздің түлектеріміз атсалысқан болатын. Билік басындағы мемлекетімізге еңбек етіп жүрген тұлғалардан бастап, бас судьялар, адвокаттар, ІІБ қызметкерлеріне дейінгі азаматтырдың өмір тариxын барласаң "ҚазҰУ түлегі" деген жазбаны көзің шалады. Бұл да біздің жетістік.

2. Төрт жұлдызды университеттің жұлдызы жоғары факультеті. Білім сапасы бойынша университетімізде жоғарғы тұрған элиталы білім-ғылым бөлімшесі. Жыл сайынға "Топ-100 үздік студенттердің" басым көпшілігін біздің шәкірттеріміз құрайды.

3. Смарт қалашықтағы - заманауи теxнологиялы факультет. ХХІ ғасырдың барлық талаптарына сай жабдықталған факультеттер қатарында. Ұстаздар мен шәкірттер игілігіне ыңғайлы аудиториялар мен шексіз қолданыстағы компьютер құрылғылары және интернет қосулы тұрады.

4. Білікті ұстаздар құрамы жасақталған білім беру жүйесіндегі алдыңғы қатардағы бөлім. Бүгінгі таңда факультетімізде 1 ҚР ҰҒА академигі, 30-дан аса докторлар мен профессорлар, 80-нен астам ғылым кондидаттары, доценттер жұмыс жасайды

5. Оқу-тәжірибедегі біліктілік шыңдаушысы. Шәкірт тәрбиелеуде біздің бөлімнің алда тұрғанына ешкім күмән келтіре алмасы анық. Оның дәлелі теория мен практиканы қатар ала жүруінде болса керек. Бізде арнайы жасақтандырылған криминалистикалық зерттеу, сот жүргізу бөлмелері және адвокаттық зерттеу клиникалары жұмыс жасайды. Соның арқасында бәсекеге қабілетті студенттер кез келген заң саласында жұмыс жасауға икемделіп шығады.

Үш тілде әлемдік стандартқа сай бакалавр, магистратура, докторантура санаттары бойынша білім беретін біздің факультет еліміздегі білім беру саласының үздігі.  

Ермухаметова Саулегүл Раймовна

Заң ғылымдарының кондидаты, доцент


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз