Өлең, жыр, ақындар

Түсті көрушіден емес, жорушыдан сұра

Қызылорды облысы Шиелі ауданы Н. Бекежанов ауылы
№156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің
оқушысы Әлішер Айгерім Бағланқызы

Әдетте түс түлкінің боғы деп жатады. Төрт минуттың ішінде адам баласы алуан түрлі оқиғаларға тап болған жағдайда таңырқап, оны жақсыға балап жатамыз. Мысалы: көптеген жылан сіздің табалдырығыңызда жатса — сіздер үйге несібе келді дейсіздер,  ал қызыл көйлек киіп, құлпырып жүрсеңіз қып-қызыл ақша екеніне сенеміз. Әрине! Сенім сені әрдайым биікке жетелейді. Түсті әр адам баласы жақсы жаққа қарай жори білуі керек.Сонда сенің өмірің жарық жолға бағытталады.

— Күндердің бір күнінде Ақтоты есімді келіншек түнімен дөңбекшіп шығады. Таң ата  ұйқысынан шошып оянып, түсжорушыға баруды ойлайды. Оның ойында  түсінің сыры неде екенін білу еді. Ауылдан алысырақ орналасқан қасиетті Қасиет есімді түс жорушының үйін ұзақ іздейді. Түс ауар уақытта дөптеген үйіне де келеді.

— Сәлем бердік! — деп үйді оң аяғымен аттаған Ақтоты, қалың әрі мамық құрақ  көрпешенің үстінде отырған жирен шашты кейуананы көреді.

— Төрлет, келіншек! Дәмнен ауыз ти — деп өз асын ұсынған кейуана қасиетті түсжорушының әйелі екен.Ақтоты қыпылықтап, жан-жағына қарайлай берді.

Сонда кейуана;

— Қандай мәселемен келгеніңді көзіңнен көріп тұрмын айналайын! Бүгін ғана жолдасым Қасиет ауыл-аймақтарды аралауға  кеткен еді.Жақын арада қайта қоймас.Сондықтан сенің көрген түсіңді мен жорып көрейін —, дейді де  тысқарыда тұрған өзінің қамшысын қолына алады.

Ақтоты не айтарын білмей сасып қалады.

— Түсжорушының әйеліде менің көрген түсімді баян етер,— деп өз түсін айта бастайды.

— Айналайын! апау, түнімен  дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Түсімде екі омырауымды екі қасқыр талап жатыр екен.Мен байғұстың екі көзім  көл боп ағып жерде ақ уыздың төгіліп жатқанын көрдім.

— Еее, қарағым, сенің көрген күніңнен көрер күнің санаулы.Саған аян беруде.Жақын арада өміріңмен қош айтысасың.Туған—туысқандарыңа алғысыңды жаудырып,кешірімдерін ал Айналайын! Көрген түсің айна қатесіз орындалады— дегенде Ақтотының көзінен жас ағып, жылай бастады. Арқасынан қағып, маңдайынан сүйіп Ақтотыны кейуана шығарып салады.Жол бойы өзінің өмірінің қысқа уақытта қиылатынына сенбей,ұзақ жылайды.

Жұма күні Қасиет өз үйіне келіп, кейуана екеуі арқа—жарқа болып отырғанда ентігіп келген келген жас бала:

— Ассалаумағааллейкум! Көрші ауылда жас келіншек қайтыс болыпты.Жұрттың айтуы бойынша қасқыр талап өлтірген көрінеді – деп қаралы хабарды жеткізеді. Кейуана ұзақ ойланып

— Отағасы-ау, осыдан екі күн бұрын сол келіншек келген еді.Өзінің түсінде екі омырауын екі қасқыр талап жатқанын,жерде ақ уыздың төгіліп жатқанын айтқан болатын. Мен болсам оған өмірінің осы жерден қиылатынын баян еттім —, деп айтқан кейуанаға түсжорушы ашуланып

— Ейй, қатын! Түс саған ойыншық емес. Өрімдей жас келіншектің өмірін қалай ғана  бір ауыз сөзіңмен қиясың. Шекесі торсықтай екі ұл баланың дүниеге келтіні. Өмірге ақ ниеттің, бейбітшіліктің келетінінің белгісі  емес пе?! — деп түсжорушы қатты қапаланады.

Демек, түс адам өмірінің айнасы. Сенің бойыңдағы жақсы қасиеттерге бастаушы. Яғни сен оны жақсы жаққа қарай жорысаң, сол жаққа қарай қылдилайды. Өз өміріміз өз қолымызда. Қарапайым түске қарапайым көзқараспен қарамайық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз