Өлең-жыр байқауы

Отырар қорғанысы

1218 жылы жазда Отырар қаласына Шыңғыс хан жіберген 500 түйе, 450 адамнан тұратын сауда керуені келеді. Қайыр хан саудагерлердің арасында тыңшылар бар деген күдікпен керуенді тонап, адамдарын өлтіреді. Керуен құрамынан тек бір адам аман қалып, Отырардағы қырғын туралы Шыңғыс ханға жеткізеді. Бұл Шыңғыс ханның Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Шыңғыс ханның Мұхаммед Хорезмшахқа кінәлі адамды ұстап берсе бейбітшілік сақталатынын айтып жіберген елшілері де өлтіріледі. Осыдан кейін екі жақ та соғысқа әзірленеді.

1219 жылы Шағатай мен Үгедей бірнеше түменмен Отырарды қоршауға алады. Қайыр хан ақырына дейін қорғануға бел буады. Қайыр ханның 20 мың әскері болған, Хорезм шахы оған 50 мың әскер қосады. Отырар бес ай бойы қорғанады. Алайда бесінші айдың соңында өзінің он мың әскерімен көмекке келген Қараша-хажиб қала қақпасын моңғолдарға ашып береді. Шағатай мен Үгедей оны алғашқыда жақсы қарсы алып, содан соң олардың өз билеушісіне істеген сатқындығы үшін әскерімен қосып түгел өлтіреді. Қайыр хан қалған әскерімен ішкі қамалға бекініп, тағы бір ай соғысады. Ақырында, моңғолдар ең соңғы жауынгері өліп, қарсыласатын қаруы да қалмаған Қайыр ханды көмейіне күміс құйып өлтірген. Отырарды жермен-жексен етіп қиратып, халқын соңғы адамына дейін қырған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

Ақбота

Маған ұнады

Пікір қалдырыңыз