Өлең-жыр байқауы

Тараз

Орта Азия мен Қытай мемлекеттерін байланыстырған Ұлы Жібек жолы қазақ жерін басып өткен. Керуен жолын бойлай өлкемізде ірілі-ұсақты бекіністер мен қалалар пайда болған. Солардың бірі әлемге әйгілі көне қала — Тараз.

Тараз қаласының іргетасы біздің заманымыздың шамамен I ғасырында-ақ қаланған. Қазба жұмыстары барысында ерекше сәулетті қала екендігі белгілі болды. Түрлі ғимараттар мен сәулетті құрылыстар археологтарды таң қалдырды. Көне Тараз астынан су кұбырлары, сауда дүкендері, зергерлік шеберханалар мен монша ғимараты табылған. Бұлардың барлығы түрлі ою-өрнектермен әшекейленіп, зер тастармен қапталған.
Тараз X - XII ғасырларда Қарахан хандығы заманында гүлденіп дамыған. Сол кезден қалған Айша бибі, Бабажы қатын, Тектұрмас, Қарахан мазарлары, Шамансұр (Дәуітбек) кесенесі тарихи ескерткіштер болып саналады.

Көне ескерткіш — Тараз моншасы ерекше үлгімен салынған. Монша 5 бөлмеден тұрған. Ыстық, суық сулар қыш құбырлармен келген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)