Өлең, жыр, ақындар

Сералиев Насреддин

Серәлиев Насреддин (25.10.1930, Қармақша ауданы Қашқансу ауылы – 1984 Шымкент қаласы) — жазушы. Қызылорда педагогикалық училищесін, пед. Институттың (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филология факультетін бітірген (1952). 1952 — 58 ж. облыстық «Ленин жолы» газетінде, «Үгітші блокнотында», «Пионер» және «Балдырған» журналдарында қызмет істеген. 1962 — 65 ж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде кеңесші, ал 1968 жылдан осы бөлімшенің жауапты хатшысы болды. И. Котляровскийдің, А. Гайдардың, С. Баруздиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Еңлікгүл» көркем фильмі сценарийінің авторы. КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз