Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Есек

Баяғы заманда бір балықшы болыпты. Ол аулаған балығын азық етіп өмір сүріпті. Көрші ауылдың сұлтаны келіп: Ау, балықшы, менің малымды  бақ, қарның тоқ болады. Мынадай бейнетке түсіп қайтесің ?" — деді. Балықшы: "Маған осы өмірім ұнайды, өзіме-өзім қожамын" — деп, балығын аулап қала береді. Бар аулаған балығын есегіне артып, жол-жөнекей келе жатып, бір ауылдың шетіне кеп тоқтайды.

Сәл тыныстап отырғанда, қора ішіндегі жылқы: "Сенің иең сені аямайды екен, бар тапқанын саған артып қойыпты. Мені қарашы, мен малдың патшасымын, жолға салса жорғасымын, жонға салса жүйрікпін, етімді жесе тісіне кіреді, жемесе түсіне кіремін" — деп тісін көрсетіп кісінеп алады. Есек екі құлағы салбырап, аяқ-қолы қалжырап, үстіндегі жүгін көтере алмай сол жерге жата кетеді. Жылқының сөзі жанына батып: "Менікі не жүріс, мен неге адам баласына көмектесуім қажет?" — деген ойға шомды. Үй иесі есектің жерде жатқанын көріп, балықшыға: "Есегің жолға жарамаса, менің атымды ала тұр" — дейді. Сонда балықшы: "Есек мінген ат сұрамайды, балық аулаған ет сұрамайды. "Менің есегімнің  еті арам болса да, күші адал. Жылдар бойы қызмет етіп келеді" — деді. Иесі сөзін сөйлеген соң есеккке жан бітеді. Есек жылқыға қарап, бар дауысымен ақырып кеп жібергенде, жылқы шошып кетіп, жібін үзіп шаба жөнеледі. Еңбегінің еш кетпегенін түсінген есек өз иесіне риза болады.

Берік Алтынай Айбекқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Іңкәр

Күшті ертегі

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...