Өлең, жыр, ақындар

Өз-өзіне қол жұмсау — психологиялық дерт

Сіз осы соңғы күндері кешіп жүрген өміріңізде "өлім" жайында ойланып көрдіңіз бе?

Орташа есепте, әр күн сайын дүниежүзінде 3000-ға жуық адам өздеріне қол салады. Сонымен қатар, өзін-өзі өмірден айыру әрекеттері суицидтан гөрі 20 есе көп ұшырасады.

Қазіргі таңда суицид бойынша — Литва, Ресей және Белоруссия алдыңғы қатарда тұр.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен ғаламторда балалар және жасөспірімдердің миын улап, қорқынышқа бөлеп, суицидқа шақыратын ойын мен топтар баршылық, онымен қоса олардың ізі қала береді. Мәселен, 2017 жылы әлемдік деңгейде өз-өзін өлтіруді уағыздаған "Синий кит " ойыны қаншама жас балалардың өмірін алып кетті.

Г.Блэйннің айтуынша, жастардың арасындағы жүгенсіздік бейбастықтық,имансыздық пен бүлікшіл көңіл күйдің өсуі отбасындағы тәрбиенің кемшіліктерінен болады.Жастардың өмірдің әлеуметтік құбылыстарын барынша өткір сезеді және соған орай әрекет жасайды.

Ал өрімдей бала өз өмірінее неге күдер үзуі мүмкін?

Иә, әр адамның өмірінде қиыншылықтар мен проблемалар кезігеді. Алайда, ол өмірден бас тартуға себеп емес. Бұл-шешім емес. Өмірден бас тарту — эгоизм.

Және суицид жасаушылар да — эгоисттер. Себебі , олар өздерінің мәселесінен айырылу мақсатында өз жақындарының кеудесінде орны толмас үлкен іспеттес жара жасап , оларға одан да артық проблема туғызады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметке сүйенсек, көбіне 13 және 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру әрекеттері көп кездесетіндігін байқаймыз. Биологиялық көзқараста 13-17 жас — өтпелі кезең мерзімі. Бұл уақытта адам организмі өседі, өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, ішкі жан дүниесі мен психологиялық жақтан өзгерістерге ұшырайды. Тіпті, адамның өмірге деген көзқарасы да өзгереді.

Мектеп оқушылары арасында 30 бала арасынан кемінде 5-6 бала өз- өзіне қол салу туралы ойа батқан болып шығады. 90% өзіне қол салудың себебі - бұл психологиялық ауытқу болып табылады. Ал оған қоласқы себептер : кедейлік, жұмыссыздық, асқынған аурулар, тұрмыстағы мәселелер мен қаражаттың жетіспеушілігі жатады.

Көптеген психологтар бұның алдын алу үшін қоғамдағы адамдардың бір-біріне түсіністікпен қарап, жақындарына адал болып, айтылған әр сөзге құлақ салып тыңдап, тереңірек ұғыну керек. Бұл — суицидтің алдын алу шараларының бірі.

Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады. Мысалы:

  1. Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп беретін, бірақ кінәсыз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);
  2. Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз , ажырасу т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);
  3. Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, не жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу);
  4. Ауырған кезде өзін-өзі өлтіру.

Өз-өзіне қол жұмсау - проблемадан арылудың шешімі емес. Өмір - үлкенді жауапкершілік. Әрі одан әртүрлі эмоция жетегінде айырылып қалуға болмайды. Әр адамның өмірге деген көзқарасы жәнк де санасының жетік жетілуі, психологиялық дертке шалдықпауы, өмірге, күллі адамзат құбылысына позитивті қарау — өзіне қол жұмсаудан аулақ болуының бірінші баспалдағы.

Жақсыбай Нұрай


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз