Өлеңдер бөлімі

Техникалық және кәсіптік білім беру — сенімді болашақтың кепілі

Талдықорған политехникалық колледжінің
Маркетинг және кәсіби бағдар беру орталығының меңгерушісі
Андасова Гулжан Касейновна

Бүгінде еліміздегі экономика және өндіріс салаларының дамуына байланысты жұмысшы мамандарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Қазіргі кезеңде елімізге өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандар қажеттілігі туындап отыр.

Осындай нақты қадам басып отырған Талдықорған политехникалық колледжі – білікті ұстаздар қызмет атқаратын, кәсіби маман даярлауда тәжірибесі мол, әлеуметтік серіктестік мәселесі жоғары деңгейден көрініс тапқан ілгері де үлгілі білім ордасы.

Колледжде Қазақстан Республикасының Кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес келетін материалдық-техникалық базасы құрылып, оқу кабинеттері мен шеберханалары талапқа сай жасақталған.

Оқу мекемесінде инновациялық талапқа сай IT-орталығы, цифрлық технологиялар және робототехника орталығы, StartUp – жас құрастырушылардың идеялары мен жобаларын ұйымдастыру,  қолдау мен коммерцияландыруға арналған бизнес-инкубатор, Cisсo Академия,  WorldSkills Kazakhstan қозғалысы, «Smart-колледжі» электрондық құжат айналымының инновациялық жобасы енгізілді.
Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұның жаңартуда негізгі инновациялық тәсілдердің бірі болып модульдік-құзіреттілік тәсілі табылады.

1. Модульдік-құзіреттілік тәсілі негізінде екі деңгейлік білім беру бағдарламасын енгізу аясында Колледж аталған бағдарламаларды апробациялау бойынша экспериментке қатысты. «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша колледждегі оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс берушімен бірігіп осы мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарын және бағдарламаларын жасап, жаңартты.

2. Қазақстан республикасының Білім және ғылым Министрлігінің бұйрығы негізінде Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қолданбалы бакалавриатты енгізу туралы эксперимент жұмысы инновациялық талаптарға сәйкес жоғары білімге теңестіре отырып, кәсіптік-техникалық білім беру мәртебесін көтеру болып табылады. Колледжде «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асыру жұмысы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ «Кәсіптік оқыту және техникалық пәндер» кафедрасымен және жұмыс берушілермен келісіп жүргізілуде.
 «Қолданбалы бакалавриат бойынша ағымдағы оқу жылында эксперимент ретінде  «Кәсіптік оқыту» мамандығына  1 топ жиналды.
1) «Ақпараттық жүйелер»;
2) «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» және т.б.

3. Коледжде бес мамандық бойынша дуалды оқыту енгізілген, бүгінгі күні аталған бағытта – 465 студент білім алуда.

4. Ағымдағы оқу жылында «Кәсіптік оқыту», «Ақпарттық жүйелер» мамандықтарына көптілді оқу тәсілімен оқитын екі оқу тобы құралды.

5. 2018 жылдың 1 қыркүйегінде Алматы облысының Білім басқармасының қолдауымен Инклюзивтік білім беру идеологиясына сәйкес «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар білім алуда.

Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту үдірісі бойынша мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуалдық жүйесін енгізу тапсырылған. Дуалды оқыту бағдарламасын Қазақстанның білім беру жүйесінде сынап көру туралы пікір 2012 жылдан бастап айтылып келді.

2013 жылдан бастап дуалды оқытудың элементтерімен оқыту жүзеге асырылды.

Оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №50 бұйрығы бойынша дуалды оқыту бойынша оқытудың нақты қағидалары бекітілді.

Қазіргі кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған келісім – шарт қайта қаралып,  үш жақты етіліп білім беру ұйымы, білім алушы, кәсіпорын ұйымдары арасында өзара келісімдер жасалынып, қайта бекітілу талап етілді.

Колледжде 5 мамандық 6 мамандандыру бойынша дуалды оқыту іске асырылуда. Мамандықтарды атап айтатын болсақ 1401000 - «Ғимараттар мен үйлерді салу» мамандығы, 0104000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы, оның ішінде «Автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» мамандандыру,  1405000 - «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығындағы, 1305000 - «Ақпараттық жүйелер қолдану саласы бойынша дизайнер» мамандандыруы,  0103000 - «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы қамтылған.
Колледждегі 14 мамандықтың 35,7% пайызы  дуалдық білім беру бойынша қамтылған. Жалпы студенттер контингенті бойынша дуалдық білім беру 29% құрайды. Колледжде 465 студент дуалды білім алуда, оның 364 студенті мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.
Колледж бойынша 2019-2020 оқу жылында  дуалды білім беруді 55 пайызға жеткізу мақсатқа қойылған.

2017 жылдың 27 – қарашасынан бастап өндірістіктегі оқыту жетекшісіне жұмыс орнында тәжірибе өткізу үшін ақы төлеу қарастырылған. Сол бағыт бойынша ағымдағы жылдың 29 – 30 қаңтарында Республикалық жол картасы бойынша дуалды оқытуға байланысты оқу семинары өтті. Семинар соңында өндірісте өткізген сағаттары үшін өндірістіктегі жетекшілерге ақы төлену туралы сертификат тапсырылды.

Оқу үрдісіне дуалды оқыту  келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:
1. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;
2. Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;
3. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;
4. Дуалды оқыту бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарлауы;
5. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;
6. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;
7. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.

Қорыта келгенде, дуалды оқыту колледж студенттері үшін таптырмас мүмкіндіктердің бірі. Дуалды оқыту кезінде студенттің өзіндік дүниетанымы қалыптасады, студенттің сабаққа деген ынтасы және жауапкершілігі артады, студенттің өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді.

Сондықтан да саналы ұрпақ, сапалы маман дайындауда дуалды оқытудың болашағы зор.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...