Өлең-жыр байқауы

Қаламдас қарындас

Поэзияның адамзат тарихында алар орны сонау көне дәуірлерде-ақ белгіленіп талқыланған. Содан бері ол адамзатпен бірге жасап келеді, жасай да бермек. Заманға сай оның да құбылып түрленіп, жетіліп өсіп, өркендеп құлдыраған кездері болған. Билеушінің, көсемдердің сойылын соғып, негізгі бағыты халыққа қызмет етуден адасқан тұстары да жоқ емес. Тек қашанда болмасын өзінің алтын сағасына қайта таласа оралады. Бұған әріге ат сабылтпай-ақ кеңестік кезеңді еске алсақ та жеткілікті.

Бір қызығы, өздерін кеңестік кезеңнің көрер көзі, сөйлер сөзі деп есептеген. Мұндай ақындар сол кездегі кеңес одағын мекендеген ұлттар мен ұлыстардың арасында аз емес еді. Кеңестік дәуірді шабыттана жырлағандардың арасында асқан талант иелері де, жоққа барлары да көптеп кезігетін. Ал солардың арасында өзіңді жоғалтып алмау, мерзімді баспасөздің өзіңнің жан дүниеңді тебіренткен дүниелерді бастыруы  қиынның қиыны еді.

Өйткені кез келген өлеңнен коммунистік партияның ұлылығын, марксизм-ленинизм идеясын талап етіп, социалистік реализмді қолына шам алып іздейтін сол заманда ақынның жан тебіренісі өмірге, өзі өмір сүріп отырған кезеңге азаматтық көзқарасы олар үшін еріккеннің ермегі сынды көрінетін. Оған төтеп беруге күш-қайрат, төзім, өз талантыңа деген сенім, ең бастысы, өзің өмір сүріп отырған ортаңа, қала берді отаныңа деген шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді. Сондай жанның бірі – біздің әріптесіміз,  орыс ақыны Ольга Григорьева. Ол Новосібір қаласында  өмірге келген.

1971ж. Алматы облысына көшіп келген. 1974 ж. сол кездегі С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. 1979 ж. оқуды бітірген Ольга Николаевна «Тракторо строитель» газетінде жұмыс істей бастайды. Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінде қызмет етті. Өлең жазуды мектеп қабырғасынан бастаған оның 1985 жылы Алматыдағы «Жалын» баспасынан «Данилкин кораблик» атты балаларға арнаған алғашқы жыр жинағы жарық көрді.

Оның қаламынан туған балаларға арналған жинақты балалық бал дәурен қызығына тоймай есейіп келе жатқан сәби оқырмандар қызыға парақтады. Жаппай, ақын ретінде қалыптасуына қаламды, ең бастысы, әр сөзді орнымен қолданып, өлеңді қысқа да, нұсқа жазуына ізденіспен өткен сол жылдардың ізі сайрап жатқандай. Ол оның әр өлеңінен әсіресе Ертістің ақ айдыны аймалап жатқандай көрінетін Павлодар қаласына арнаған жырларында ерекше көрініс табатындай:

Влюбившись и этот город маленький-

Как оказалось, навсегда,

Люблю смотреть, как вечным странником

Течёт Иртышская вода.

Люблю бродить по старым улицам,

Где снова осень правит бал,

И верить – всё на свете сбудется,

Коль в Павлодаре загадал!

Осы екі шумақ өлеңде ұлы Ертістің ұлылығын айғақтайтын, не болмаса күннен-күнге, жылдан- жылға көркейіп келе жатқан Павлодар қаласының көз мерейін қандырып, келешегінен үлкен үміт күттіретіндей  асқан теңеу де, жылтыр сөз де жоқ.

Соған қарамастан «мәңгілік жиһанкездей ағып жатқан Ертіс суына қарауды ұнатамын, көне көшелерді кезуді ұнатамын» деген жолдар жарық дүниеде барлығы да Павлодарда тілеген тілек болғандықтан, орындалатына сенемін деп түйіндейді.

Ал жер бетінде өмір сүріп жатқан тағдырластарына, дәуірлестеріне ақын ана өзінің кішкентай қаласында отырып, кемел келешек, жарқын болашақ, бейбіт аспаннан басқа не тілеуі мүмкін?!

Тек осы адамға, анаға тән пәк тілегін қалай астарлап шеберлікпен жеткізе білген десеңші! Ал мұндай ойлы жолдар ақын өлеңдерінде көптеп кездеседі.

«Дайте землю повидать» атты өлеңінде:

Так обидно умирать,

Ничего не увидав:

Ни седого океана,

Ни Украинских дубрав.

Ни Парижа, ни тайги,

Ни пустыни Каракум,

Ни яранги, ни байги...

Что ещё придёт на ум?

Что успела посмотреть..

Мына жарық дүниеде жарқын өмір кешіп, ақ бас теңіздермен Украинаны не Парижді , не Тайганы, Қарақұмның шөлдерін көрмеу – орны толмас өкініш қой! Мұны сіз өлеңді оқу барысында  еріксіз мойындайсыз.

Чисто поле, степь да степь

К телевизору присяду-

Над планетой пролететь.

Эта мысль впилась клещом:

Мұның бәрі екі ақынның бірі жазған жырлардан кездестіруге болатыны және шындық.  Осылай дей тұра, өлеңнің соңғы жолдарын оқығанда сіз ақын Ольга Григорьеваның бұрын бірде-бір ақынның  аузынан шықпаған тосын ой байламын қанатты қағидасына тірелесіз.

«Дайте Землю повидать!»

Поживу-ка я ещё.

Рановато помирать! 

Сол сәт жерлесіміз әдебиеттанушы, музыка танушы, жазушы, композитор екі жоғарғы оқу орнының профессоры Наум Григорьевич Шафердің, Ольга Григорьеваның поэзиясына арналған «Доверчивые тетради» атты этюдтері ойға оралды.

Ол Ольга Григорьеваның өлеңдері түгелге дерлік өмірден арна тартады.  Содан да болар бір сәттік елеусіз шындық ғасырлық шындыққа ұласады. О. Григорьева ойлануға және күдіктенуге шақырады деген екен.

Оның бұл ойы мен ақынның жинақтарына енген өлеңмен жақын танысқан сайын толық келісемін.

Қазақстандағы орыс ақындарының жанына қаяу түсірген тақырыптардың бірі деп атап көрсетеді Наум Шафер. Қантамырларымен байланысты екі елдің бөлінуі осы тақырыпты сәл-пәл кеңінен қозғар болсақ, Кеңес одағының ыдырауы одақ құрамында болған Республикалардың қай- қайсысында болмасын тұратын халықтарға оңай соққан жоқ.

Оны сол Республикаларда тұратын ақындардың жырларынан аңғаруға болады.

Мәселен, Украинаның белгілі ақыны Олег Колоколов өзінің «Мария Петровна» атты өлеңінде сол бір келеңсіз кезеңнің сұрықсыз суретін Мария Петровнаның қасіретті тағдыры арқылы бейнелейді. Қырық жыл ұстаз болған жетпіс жастағы ол өзінің жаңа зейнетақысын тосып отыр.

И вот, наконец, дождалась...

Сидит у надорванной пачки,

Не сводит измученных глаз

С лихой пенсионной подачки.

Сөйтіп отырып, артымнан жаман сөз ермесін деп, барлық көршілеріне қарыздарын суға, газға, пәтерге төлеген тұста мұздатқышының үні өшіп, әмияны бос қалған еді . Сонан соң:

За чайкой над синим Днепром

Над серым асфальтом взлетела.

... Не выдержав. Кто-то заплакал

А мимо промчал «Мерседес».

С холодным сиянием лака.

Міне осы жолдарды оқығанда, Ольга Николаевнаның «Разводындағы» кейіпкерлердің тағдырына іштей тәуба етіп, ақын шеберлігіне тағы да бір тәнті боласың.

И мечусь я между матерью-Россией,

И любимым  Казахстаном, как отцом...

Көз жастары көлдей болған балалардың жандары жараланған-ақ болар. Ұлт аралық қантөгіссіз өткен ажырасуға тәуба делік. Өйткені әкесінің басына баруға, анасымен қатысуға толық мүмкіндіктері бар ғой.

Ал бейшара Мария Петровна ...

Тосын ой пікірі мен қанатты қағидасы жақын тіркестерімен оқырманның талғамын соны биіктерге бастаумен келе жатқан ақын Ольга Григорьева тек тамаша ақын ғана емес, білгір әдебиеттанушы да. Жыр әлемінде алар биігің биіктей берсін, қаламдас қарындас!

Сүлеймен Баязитов               



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз