Өлең, жыр, ақындар

"Қозғалтқыштың майлау жүйесін диагностикалау және техникалық баптау" зертханалық жұмысы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы
М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі
Студент: Жұмабеков Рамазан Жомартұлы
Жетекші: Шамаханова Улмекен Ерлановна

Жұмыстың мақсаты: ГАЗ және ЗИЛ қозғалтқыштарының майлау жүйелерінің бөлшек-тері мен тораптарының орналасуымен танысып, олардың өзара әсерлесуін оқып үйрену. 

Қажетті құрал-жабдықтар: ГАЗ және ЗИЛ қозғалтқыштарының май айдаушы насос-тары, майды тұндырып тазарту центрифуга жинағы, кілттер, майлау жүйесінің плакат-тары.

Жалпы мәліметтер

Қозғалтқыштың басқа жүйелеріне қарағанда оның жақсы жұмыс істеуі майлау жүйесінің ақауларына байланысты болады және де ұзақ мерзімділігі мен сенімділігі де осыған көбірек байланысты болады. Қозғалтқышқа аз ғана уақыт майлаушы майдың берілмеуі оның бұзылуына әкеліп соқтырады.

Майлау жүйесінің ақауларының негізгі белгілеріне жүйедегі май қысымы және сүзгіштердің кедергілері, центрифуганың айналуы мен сүзгішінің кедергілері жатады.  Орташа айналу жиілігіндегі қоздырылған қозғалтқыштың майлау жүйесіндегі (ЗИЛ-130 1000 айн/мин) қысым 2,5-3 кг*с/см2 қысым болуы тиіс.

Майлау жүйесіндегі жиі кездесетін ақаулар түрлері 4.1-кестеде келтірілген. Майдың қысымы мен температуоасына майлау жүйесі агрегаттарының күйімен қоса, иінді-білікті механизмнің қосылыстарының тозу дәрежесіне, салқындату жүйесінің күйіне, қозғалтқыштың жылулық және жүктемелік режиміне пайдаланатын майдың сорты мен сапасы да әсер етеді.

Майлау жүйесінің негізгі ақаулары

4.1-кесте

Ақаулар түрлері

Белгілері

Датчик немесе қысымды көрсеткіш бұзылған

Ақаусыз қозғалтқышта май қысымының көрсеткіштік мәні шектік мәнінен асып кетеді

Май насосының тозуы

Майдың қысымы төмен

Редукциялық клапан тозған (реттеу бұзылған)

Майдың қысымы төмен

Раективтік май центрифугасы бұзылған

Қозғалтқыш тоқттағаннан кейін центрифу-ганың жұмыс істеу дыбысы естілмейді немесе ротор тез тоқтап қалады, ротордағы тұлғаның май қалдығы қалың болады

 

Жұмысты орындау тәртібі

1. ГАЗ және ЗИЛ қозғалтқыштарының майлау жүйелері элементтерінің орналасуының бір-бірімен әсерлерін оқып үйрену.

2. Май айдаушы насосты бұзып, оның жұмыс істеу принципімен және оларда болуы мүмкін ақаулармен танысу, шестерня мен оларды бөлгіштер арасындағы тқсеніштердің күйлерін тексеру. Төсеніштің қалыңдығы 0,4-0,1 мм болуы тиіс. Егер де одан көп болған жағдайда насостың өнімділігі төмендейді, ал аз болған жағдайда тозуы артады. Редукциялық клапаннның және ортадан тепкіш магистральдық май тазартқышының құрылысымен танысу. Клапан насостың төменгі секциясында орналасқан, ол қысым шамасы 3,5-4 кг*с/см2 болған кезде реттеледі.

3. Басты май магистралындағы (ГАЗ-53) редукциялық клапан мен май қысымының датчигі орналасатын орнымен танысу. Қысымды тексеру кезінде бақылаушы монометрді бұрап алынған датчиктің орнына бұрайды.

4. Ортадан тепкіш май тазарту сүзгісінің құрылысымен, жұмыс істеу принципімен танысу.

Центрифуганың негізгі қызметі – май картерінен келген жағармайды сапалы тазартып, орталық майлау жүйесіне жіберу болып табылады. Центрифугаға май насостың төменгі секциясы, төменгі блоктағы каналы мен арнайы тікше арқылы беріледі. Центрифуганың осіндегі қуыс арқылы май қалпаққа келеді, содан кейін ротордағы торлы тесік арқылы ішке беріліп, одан лақтырылады. Жоғарылаған ағыстың әсерінен ротор айналады, онымен бірге қалпақ ішіндегі май да айналады және май қалдықтары қалпаққа жасырылады. Таза май картерге ағып кетеді. Майдың қысымы 6-7 кг*с/см2 болған кезде майларды тазарту қалпақшасы 5000-6000 айн/мин жиілікпен айналады. Центрифуганың жұмысын дыбыс арқылы тексереді. Қозғалтқышты өшірген кезде ақаусыз центрифуганың роторы 2-3 минуттай айналып тұрады.

4.1-сурет. Центрифуганың сұлбасы

Центрифуганы келесідей тәртіппен бұзады:

— кожух қаңқасымен бірге жасалған гайканы бұрап босатқан кезде кожух бірге алынады;

— қаңқаның бүйіріндегі тығынды бұрап алып, оған бородок тығып қаңқаның бұралып кетуінен ұстап тұрады;

— ортадағы гайканы бұрап алып, қақпағын ағытады;

— сүзгіштің ішкі бөлшектерін қарап шығу;

— центрифуганы жинап, ротордың айналуын қолмен тексеру (оның гайкасын босатып осін алуға болмайды);

—  майды тазартқышты ішінара бұзу. Бақылау монометрлерінің біреуін сүзгіштің енгізу насосына, ал екіншісін шығару каналына бекітеді. Қысым көрсеткіштерінің ауытқу дәрежесі сүзгіштің тозу дәрежесін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Майлау жүйесінің негізгі ақауларын атаңыз.

2. Орташа айналу жиілігіндегі қоздырылған қозғалтқыштың майлау жүйесіндегі қысым мөлшері қандай болады?

3. Центрифуганың негізгі қызметі қандай?

4. Центрифуганың жұмысын қалай тексереді?

5. Майдың қысымы 6-7 кг*с/см2 болған кезде майларды тазарту қалпақшасы қанша айн/мин жиілікпен айналады?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз