Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Кітап — асыл қазына

Ақшұқыр мектеп-лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Джумагалиева Назира Сейткуловна

Панорамалық сабақ жоспары

Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластырып; сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.

Сабақтың мақсаты бағдарлама материалының мазмұны негізінде, материалдық базаның және оқушылардың белгілі бір оқу жағдайына сәйкес ұйымдастыруға болатындай етіп анықтап алдым. Олай дейтін себебім, менің «Кітап — асыл қазына» атты тәрбие сабағыма оқушыларымның «кітапты кім ойлап тапқан? Кітапты неге оқу керек?» деген сұрақтарынан туындап отыр. Осы сұрақтарына жауап беру менің парызым деп өз жоспарыма қосып өткіздім.

Осылайша, сабаққа дайындалудың бұл бөлімінде мен болашақ сабақтың өту барысын болжап, оқушылармен істелетін іс - әрекеттердің өзіндік сценарийін дайындайдым. Жаңа түсініктерді енгізудің жүйелілігін анықтап. Оқушылардың белсенділігін арттыратын қызықты материалдарды таңдап, сабақтың құрылысын анықтауға кірістім.яғни, сабаққа қызықтыру мақсатында балапан арнасында көрсетіліп жүрген, «томпақ» атты кейіпкер арқылы сабақтың әрбір тапсырмасын орындату арқылы кітап жөнінде біраз мағлұмат беруді көздедім.

Әуелі сабақтың маңыздысы мақсат бойынша жұмыстандым:

— Оқушыларға білімнің кітап арқылы  берілетінін ұғындыру.  

— Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру.

— Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын,  ой-өрісін дамыту.  

— Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.  

Осы мақсатты негізге ала отырып:

1. Томпақтың суретін көрсету арқылы «миға шабуыл» жасап сұрақ-жауап алдым. Бейнеүзік арқылы томпақтан сәлемдемені тыңдатып сабағымды бастадым!

2. Томпақтан хат келді деп хатты ашу үшін оның сұрағына жауап беруіміз керек екен деп, шағын тапсырма орындадық! Томпақ көбіне кіммен дос еді? — ол оқушымен дос. Оқушының қасында үнемі не болады? — оқушының қолында дәптері,қаламы, кітабы болады деп жауап алдым. Осылайша уәдеге сай хатты ашып, сабақтың тақырып анықтатып алдым.

3. Әрі қарай тапсырмаларды орындай берсек томпақтың бізге берер сыйлығы бар екен деп оқушыларды сабаққа қызықтырып алдым. Келесі тапсырмам «кітапты қалай ұстау керек?» деген сұраққа жауап іздеу айдары болды. Бұл жерде оқушылар өз ойларын айта білді. Бірі таза ұстау керек десе, бірі сызбау керек деп толықтырып отырды. Мен сіздермен келісемін, әрине. «Бірақ, томпақ не дер екен,балалар?» - деп кітапқа арналған ескертуді айтып, оқушының ойын толықтырдым. Осы жерде оқушыларды «Глобус» , « қалам», «компьютер» деп көрнекілік таңдауы арқылы топқа бөлдім. Әр затқа тоқталып мағынасын аштырып алдым. Глобуста — бүкіл ел бар оларда да кітап бар деп; «қалам» - бүкіл адамда бар онымен жазбаса ісіміз алға баспаған, баспайды да деп; «компьютер» - жаңа заман талабы, ғаламторды қолдана білу керек деген сыйпаттама айтып, өз ойларын ортаға сала білді

4. Томпақтың келесі тапсырмасы деп ребустың шешім табу айдарын өткіздім. Бұл жерде оқушылар суреттегі заттардың алғашқы әрпінен сөз құрастыру керек болатын.Қаламды қолдануы арқылы жауабын да таба білді

5. Келесі бөлімі «білгіштер бекеті» деп алдым. Бұл бекетте компьтердің қанйдай қатысы бар? Еген сұраққа интернет желісі арқылы ертегі қарап, өлең тыңдайтындарын айтып, топтың атауын аша білді.  Оқушылар кітап туралы жаттаған өлең шумақтары мен мақал-мәтелді  айтып сабақты жалғастыра білді. Осы жерде «томпақтың сіздерге өзінің білетін мақал-мәтелі мен өлең шумағын сіздерге арнапты, қане оқимыз!» деп қосымша оқулықта кездеспеген өлең шумақтарымен таныстырып қайталаттырып, жаттықтырып жібердім.

6. «Кітап арқылы не білеміз» деген бөлімде кері байланыс деп есепке алып балалармен сұхбат жүргіздім! Содан соң «біздің осы айтқан ойымызбен томпақ келісер ме екен?» деп интертақтаға жауабын шығардым. Оқушылар жауап берген сұрақтарына сәйкес келгенін түсініп қуанып қалды.

7. «Кітап әлемді шарлайды» деп келесі бөлімге атау қойған себебім, глобус таңдаған оқушыларға сол глобустың не екенін түсіндіру мақсатында алдым. Берілген оқу құралдардың кітапқа қатысы бар ма? Деп сұрақ қою арқылы жауабын алып 3 тілде айтуын талап еттім. Сурет арқылы көрсетілген зат есімдерді айта білді. Мысалы: дәптер-тетрадь — копибук

8. Қосымша жаңалық енгізу мақсатына балаларға әр кездің өзіне арналған мейрамы бар сияқты, кітаптың да тойланатын мейрамы бар екен деп таныстырып жібердім.

9. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен томпаққа ниет тілектерінді жазып рахметтеріңді айтыңдар деп рефлекция жасадым.

Менің ойымша оқыту барысының нәтижелі болуы оқытушының таңдап алған әдістемелік шеберлігіне байланысты деп ойлаймын.

Бүгінгі күннің талабына сай оқытуда жаңа инновациялық технологияларды меңгеру, оны әр пәнді өткізуде қолдану, ғылыми тұрғыда жетілдіру, соның нәтижесінде оқушылардың жалпы білімге және кәсіби мамандыққа деген көзқарастарын қалыптастыру және олардың танымдылыққа талабын, жеке жұмысты істеу қабілеттігін нығайту, оқыту әдістерін жетілдіру болып табылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...