Өлең, жыр, ақындар

Телефон тәуелділігінен құтылудың 7 тәсілі

Телефоныңызды бір минутқа да қолыңыздан тастай алмай, қайта-қайта хабарламаларды тексере беретін болдыңыз ба? Бұл мақалада осы дерттен арылуға көмектесетін жеті лайфхак туралы айтып бермекпіз.   

1. Сағат тағып жүріңіз

«Сағат қанша болғанын көре салайын» — телефон экранына бір үңіліп қалудың көп айтылатын сылтауларының бірі. Десек те, бұған көп уақыт жұмсалады, өйткені зейін жаңа келген хабарландыруларға аударыла береді. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулерге қарағанда қолына сағат тағып жүретін кісілердің көңілі смартфондарға бір жарым есе аз аударылады екен.  

2. Классикалық оятарды пайдаланыңыз

Адамдар смартфондарын оятар ретінде пайдалануы жиі болып тұрады. Алайда, бұл өте жаман қателік. Таңертең төсектен тұру үшін телефонның орнына дәстүрлі оятарды қолданыңыз. Осылай істесеңіз, сіздің тағы бір рет почтаңызды немесе Facebook-ты тексеріп тастайтын мүмкіндігіңіз болмайды.  

3. Үнсіз режимді пайдаланыңыз

Жұмыс кезінде немесе сабақта отырғанда смартфонды үнсіз режимге қойған немесе құрылғыны өшіріп тастаған дұрыс. Осылай болса, сіз тезірек жұмыс қалпына түсіп, маңызды міндеттерді тиімдірек атқара аласыз.   

4. «Смартфонсыз аумақ» құрыңыз

Гаджет тәуелділігіне қарсы «смартфонсыз аумақ» деген нәрсе аса пайдалы. Үйіңізде ұялы телефонды пайдалануға болмайтын бөлмені сайлаңыз. Бұл, мысалы, жатын бөлмесінде смартфондарды асыра пайдаланбауға мүмкіндік береді.  

5. Қажеті жоқ аккаунтарыңыздың көзін құртыңыз

Қазіргі заманда әлеуметтік желілердің санына жетіп болмайсың. Бірақ сіз солардың барлығында болуға тиістісіз бе? Жоқ! «Көп болғаны — жақсы деген сөз емес» деген ережеге бой ұсынып, әлеуметтік желілерден қажеті шамалы және пайдаланылып жүрмеген аккаунтарды өшіріп тастаңыз. Осылайша сіз көңіліңізді алаңдататын хабарламалардың санын азайтасыз.   

6. Екі минут сайын смартфоныңызды тексеруді қойыңыз

Смартфон діріл қаққандай болды ма? Жай-күй индикаторы жыпылықтап тұр ма? Көпшілігіміз телефонымыздың әр бір хабарламасын тезірек оқып, жауап беруге тырысып тұрамыз. Смартфоныңыздың экранына әр екі минут сайын көз сала бергенше, оны сирегірек, бірақ ұзағырақ пайдаланып тұрыңыз. Осылай еткенде сіз барлық хабарламаларға жауап беруге және барлық хабарландыруларды тексеруге үлгеріп отырасыз. Тіпті таймер қойып қоюға да болады: уақыт біткен кезде келесі «сеансқа» дейін телефонға жоламайсыз.    

7. Гаджеттерді күнделікті өмірде қолдану уақытын шектеңіз

Смартфондар өміріміздің өте маңызды бөлшегі болып алды. Ақылды телефонның көмегі арқылы дүкендерде ақша төлеуге, пойызға немесе ұшаққа цифрлық билеттер алуға болады. Тәуелділіктен арылу үшін олсыз оп-оңай амалдауға болатын салаларда смартфонды пайдалануды азайтқан жөн болады. Классикалық әдістерді еске алыңыз: билеттерді басып шығарып алыңыз, зат сатып алған кезде қолма қол ақшаға алуға тырысыңыз немесе карта арқылы төлеңіз.  

Смартфоннан басы бүтін құтылудың қатал, бірақ өте тиімді жолы 

Егер айтылған кеңестердің ешқайсысы қолайыңызға жақпаса, мына әдісті қолданып көріңіз:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Дәурен

Ең соңғысы дұрыс сияқты :)

Шұғыла

Смартфонсыз аумақ деген кеңесті пайдалану керек екен, ойыма кірмепті

Настя

рақмет кеңестеріңізге

SaldatbekAibek

Ең соңында жарып тастадыңғо картопты ахахахахахахах

 

Мұнарбек

Технологияның құлы болдық қой, жалпы адам тарих бойынша табынатын бұттарын қолдан жасап жүрді емес па?)

Марал

Телефон шын мәнінде бәле болды)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз