Өлеңдер бөлімі

Апорт

Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кауказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.

Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысаналар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды. 70-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...