Өлең, жыр, ақындар

Әмина Өмірзақова

Әмина Ерғожақызы Өмірзақова (1919-2006) — театр және кино актрисасы, Қазақстанның халық әртісі. Ә.Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданы Қараауылда дүниеге келген. 1938 жылы Ленинградтағы театр институтын тәмамдайды. 10 жыл «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етеді. 1949 жылдан бастап Қазақ Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды.

Әмина Өмірзақованың кейіпкерлері — көбіне қайырымды, сүйкімді, жұмсақ мінезді әйелдер. Ш. Аймановтың «Тақиялы періште» фильмінде Әмина Өмірзақова ең жылы жүректі ана рөлінде ойнаған. Онда кейіпкер өзінің жолы болмаған ұлын жақсы қызға үйлендіргісі келеді.
Әмина апай «Ана туралы аңыз» фильміндегі ана рөлі үшін Ленинград кинофестивалінде «Ең таңдаулы ана рөлі үшін» деген атаққа, 1966 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Актриса өзінің ғажайып кейіпкерлерінің тізбегін құрды. Олар — Шиллердің «Зұлымдықпен махаббатындағы»— Луиза, Ә. Таразидің «Бұл — менің тағдырымдағы» — ана, Б. Мұқаевтің «Қош бол, ертегісіндегі» — Айжан. Әмина апайдың орындауындағы ана бейнесі кімді болмасын толғандырмай қоймайды. Қазақ киносының әйел-жұлдыздарын еске алсақ, біздің көз алдымызға ең алдымен Әмина апайымыздың жарқын да ашық бейнесі келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз