Өлең, жыр, ақындар

Орбұлақ шайқасы

XVII ғасырда Қазақстан жеріне күш-қуаты мол Жоңғар хандығы жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Қазақтар өз жерін таңғажайып табандылықпен, ерлікпен корғады. Әскери тарихта осындай ұрыстардың бірі — Орбұлақ шайқасы ерекше орынға ие болды.

1643 жылы жоңғар билеушісі Батыр қонтайшы Іле-Талас алқабына 50 мыңдык әскер жібереді. Осы кезде шамаман 10 мың қырғыз Батырдың үстемдігін мойындаған еді. Мұны естіген қазақ сұлтаны Жәңгір жоңғарларға соққы беруге асығады. Қысқа уақыт ішінде оның туының астына 600 адам жиналады. Осы ұрыста топ бастаған арғын Ағынтай, алшын Жиенбет, қаңлы Сарбұқа, найман Көксерек, дулат Жақсығұл, шапырашты Қарасай, Суан Елтінді есімді батырлар халық жадында мәңгілік сақталып қалды.

Бар-жоғы 600 жауынгермен 50 мыңдық әскерге тойтарыс беру өте қиын. Сондықтан Жәңгір көмек сұрап, Самарқанд билеушісі Кіші жүзден шыққан Жалаңтөске шабарман жібереді. Өзі жоңғарлардың алдын алу үшін Жетісуға аттанады. Орбұлақ жерінде торуыл құрып жатқан Жәңгір жер жағдайын ескеріп, тау шатқалына өз батырларын оңтайлы орналастырып жасырып қояды. Қаймықпай ішкерілей енген жоңғарларға Жәңгір сұлтан ту сыртынан лап қояды. Садақ пен білтелі мылтықтарынан оқ жаудырып, бірнеше мың жауынгердің көзін жояды. Осы сәтте Жалаңтөс батырдың 20 мыңдық әскері дер кезінде жетіп үлгереді. Олар бірігіп, жауды талқандайды. Сөйтіп, жоңғарлар қазақ жерінен кетуге мәжбүр болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

іңкәр

өте керемет

іңкәр

өте керемет дами беріңіз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз