Эссе және өлең-жыр байқауы

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары және Қазақстандағы тиым салынған ұйымдар.

Қазіргі кездегі әлемдегі ең ауыр мәселелердің бірі ол діни экстремизм және терроризм. Біз бұл мақалада осы дерт және оның алдын алу мақсатында сөз өрбітеміз. Экстремизм термині латынша сөзбе-сөз шеткі деген мағына береді яғни шектен тыс көзқарастармен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіппен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Діни экстермизм  - қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, сонымен қатар осыған қарсы «идеяны» аггресивті түрде насихаттау. «Діни экстермизм» терминінің нақты құқықтық  белгіленген «шекарасы» жоқ және ол саяси эксремизм сияқты діни догмалардың арасында қызметін жүргізеді. Діни экстермизмнің көрінісін саяси қызығушылықтарын іске асыру жолындағы,  мемлекеттік және халықаралық құқықты мойындамайтын діни ұйымдардардан байқаймыз. Мысалы кейбір ұйымдардың зайырлылықты құптамай шариғи, яғни халифалық билікті қолдауы.

Діни  экстремизмнің пайда болуына алып келетін факторлар:

  • халықтың тұрмыс деңгейінің төмен болуы;
  • халықтың діни сауатсыздығы;
  • жұмыссыздық деңгейінің өсуі

Діни экстремизмнің алдын алу үшін ең бірінші халықтың әлеуметтік эконмикалық жағдайын көтеру және мектептерде дінтану пәндерін білікті мамандар беру керек. Еліміздегі 4000 мыңға жуық діни ағымды зерттеу үшін әлі де психология және зайырлылық ұстанымдарын жақсы меңгерген білікті дінтанушыларды даярлау қажет екендігін сеземіз.  Елбасымыздың рухани жаңғыру жолдамасын алға қоя отырып дәстүрлі дініміздің белсенділігін арттыру, дін мен дәстүрімізді қайтадан жандандыруды негізгі мақсат ете білу керек.

Еліміздегі тиым салынған ұйымдарға қарсы насихат жұмыстарын жүргізіп олардың елімізде таралуына барынша қарсы тұру қажет екендігін байқаймыз. Еліміздегі тиым салынған ұйымдар тізімі.

Мекеме атауы

Әрекетке тыйым салу негізі

 

Аль-Каида

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі

 

Курд халықтық конгресі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі

 

Өзбекстанның исламдық қозғалысы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі

 

Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі

 

Асбат-аль-Ансар

Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі

 

Мұсылман бауырлар

Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі

 

«Талибан» қозғалысы

Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі

 

Боз Гурд

Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі

 

Орталық Азияның моджахедтер жамағаты

Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі

 

Лашкар-и-Тайба

Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі

 

Әлеуметтік реформалар қауымы

Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі

 

АУМ Синрике

Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешімі

 

Түркістан ислам партиясы

Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешімі

 

Халифат жауынгерлері

Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешімі

 

Шығыс Түркістанның исламдық партиясы

Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешімі

       16.

«Джунд-аль-Халифат»

2011 жылғы 25 қарашадағы Атырау қаласы сотының шешімі

 

       17.

«Сенім. Білім. Өмір» ДҚБ

2012 жылғы 7 маусымдағы Шығыс Қазақстан облысы ауданаралық экономикалық мамандандырылған сотының шешімдері

      18.

«Таблиги джамагат»

2013 жылғы 26 ақпандағы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі

      19.

«Ат-такфируаль-хиджра»

2014 жылғы 18 тамыздағы Астага қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі

ҚазҰУ оқытушысы Дінтану ғылымдарының PhD докторанты – Адуллаев Н.

ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедарсының 4 курс студенті – Ахметов Д. Бекмолдаев Б.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...