Өлең-жыр байқауы

Анар

Анар — анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік. Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Кәдімгі анар (Punica granatum) Орталық Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазеке анар, Қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі. Биіктігі 3-5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді. Анар жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Бақта қатар аралығы 4 × 2 м немесе 4 × 3 м етіп отырғызылады.

Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Анар тұқымынан және өсімді (вегетативті) тәсілмен, ал қолда отырғызылатын сорттары, көбінесе, сүректелген қалемше немесе ұластыру арқылы көбейеді. Орта есеппен әр ағаштан 25-30 кг өнім алынады. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Кейбір анар 300 жылға дейін өседі. Жемісінің салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, дөңгелек (диаметрі — 8-10 см), шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар. Жемісінің шырынында 80-90 % су, 8-12 % қант, 0,5—5 % түрлі қышқылдар, 3-4 % көмірсу, С, B дәрумендері болады. Шарапқа және тағамға тұздық ретінде қосылады. Анардың қабағынан таспа құрт түсіретін дәрілік препарат дайындалады, тамырынан бояулық зат алынады, сондай-ақ тұмау, күйік, іш құрылысы ауруларында пайдаланылады.

Оқуға кеңес береміз:

Анар қабығы

Анар және оның пайдасы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз