Өлең-жыр байқауы

Жатыр мойны обыралды үдерістерін емдеу және нақтамалау

Жатыр мойны обыры — әйел денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп тудыратын күрделі сырқат. Сонымен бірге, жатыр мойны обырын ерте анықтап және обыралды өзгерістерді емдеу арқылы алдын алуға әбден болады.

Заманауи көзқарас бойынша, адам папилломасының вирусы (АПВ) жатыр мойны дисплазиясы дамуының этиологиялық факторы ретінде қарастырылады, ал ұзак уақыт АПВ персистенциясы ауруды қайталануына немесе зақымданудың қатерлі түрге ауысуына ықпал етеді.

1968 жылы Рихарт жатыр мойны обыралды жіктелуін үш дәрежеде пайдалануды ұсынды: «цервикальді интраэпителиальді неоплазия (CIN). CIN1 дисплазиянын жеңіл дәрежесіне сәйкес келеді, CIN2 — орташа  дисплазия, CINЗ — ауыр дисплазия және ішкіэпителиальді карцинома».

Клиникалық картина: симптомсыз ағым, спецификалық шағым жоқ.

Диагностика

1. Айнамен жатыр мойнын қарау. Лейкоплакия аумағы анықталады. Шиллер сынамасы көпқабатты жазықтық эпителиясы учаскесін, глицерин қосылған Люголя ерітіндісімен әр жерден боялғанын анықтауға мүмкіндік береді.

2. Кольпоскопия жатыр мойны патологиясымен ауыратындарды тексерудің басты әдістерінің бірі. Кольпоскопияның мақсаты — зақымданған  ошақтарды анықтап шырышты қабат жағдайын бағалау және көздеп алу биопсиясын іске асыру, гистологиялық зерттеумен. цервикалді каналды қырнау. Эпителиалді дисплазия үшін келесідей белгілер сипатты: лейкоплакия түріндегі ісік аймағына айналуы, лейкоплакия негіздері, аумақтары (мозаикалар, мылқау иодтар — жағымсыз аумақтар).

3. Клиникалық-зертханалық нақтамалау: бактериоскопиялық және бактериологиялық әдістермен АПВ тесті.

Ары қарай жүргізілуі:

Дисплазия қабыну үдерісіне жиі ұласады, сондықтан науқасты жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларға толық тексеру қажет. Инфекция анықталған жағдайда, іншектің микробиоценозын қалыпқа келтіріп, антибактериалді терапия жүргізу қажет. СІN, 1,2 пациенттерін кольпоскопиямен қарау және 2 жыл бойы әрбір 6 ай сайын цитобақылау көрсетілген. 40 жасқа дейінгі әйелдерге — қабынуға қарсы және көрсетім бойынша.

40 жастан асқан әйелдерге диатермоконизация. Ал 45-тен асқан әйелдерде гинекологиялық патология қосылған жағдайда, жатыр мойнының анатомиялық бұзылу кезінде оталау көлемі жатырды толық алып тастауға дейін жетуі мүмкін.

СІN3 емдеу кезінде ООД бакылауында.

Кольпоскопия және цитологиялық зерттеулердің қорытындылары қанағаттанарлық болса және АПВ-ға тесті деректері теріс, ем нәтижелі болған жағдайда, науқасты скрининг режиміне ауыстыруға болады.

Б. Б. Уаисова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз