Өлең, жыр, ақындар

"Дінтану" мамандығы

Қазіргі таңдағы діни жағдайдың күрделілігі дін саласында білімді мамандарды қажет етеді.Дінтану-еліміздегі ең жас әрі үлкен сұранысқа ие мамандық. Ал Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие,еліміздегі білім мен ғылымның ірі орталығы-әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшін "дінтану" маңызды мамандықтардың бірі болып отыр. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану пәні зайырлы түрде оқытылады.Мамандар кәсіби қызметін:мемлекеттік,діни және қоғамдық ұйымдарда,бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және т.б. салаларда іске асыра алады.Университеттегі дінтану және мәдениеттану кафедрасының тариxы 1949 жылы философия және экономика факультетінің ашылуымен бастау алған.Өмірдегі ең жауапты істердің бірі-болашақ мамандықты дұрыс таңдау.Осыған орай біз сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "дінтану" мамандығына оқуға түсуге шақырамыз.

Жанғали Шыңғыс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз