Өлеңдер бөлімі

Android баптауларының смартфонды ыңғайлырақ ететін жасырын функциялары

Android OЖ (Андройд операциялық жүйесі) орнатылған смартфондар әр түрлі пішімде және көлемде жасап шығарылады, бірақ іш жағында олардың барлығы бір ғана базалық негізде істейді. Android кодының смартфонды нақты пайдаланып жүрген адамның қажеттіліктеріне бейімдеп беретін баптамалары бар. Өкінішке орай, пайдаланушылардың өздері смартфондарын өздеріне қолдануға ыңғайлы етіп алуға асықпайда да, смартфонды дефолт (бағдарламаның бастапқы зауыттық нұсқасында пайдаланылатын мәндер) бойынша пайдаланып жүре береді. Біз смартфонды жылдамырақ және жақсырақ істейтін етіп баптауға мүмкіндік беретін кейбір өзгертулерді жинақтадық.    

Кастомдық қара тізім

Белгілі бір контактілерді бұғаттайтын қосымшаларды пайдаланудың кәдімгідей қаупі бар — смартфонға неше түрлі бәлені жұқтыруыңыз мүмкін. Жалпы алғанда олардың керегі де жоқ: Android жағымсыз абоненттерді туралап дауыстық почтаға жіберіп отыруға мүмкіндік береді. Қажетті контактіні таңдаңыз да, мәзірде «Тек дауыстық почтаны» белгілеңіз.  

Бос жад

Егер смартфоныңызға Android 7.0 Nougat немесе одан кейінірек шыққан нұсқасы орнатылған болса, сіз Smart Storage функциясын пайдалана аласыз. Ол функция автоматты түрде бос орынның жеткіліксіздігін айқындайды да, сирек қаралатын фото- және видеофайлдарды бұлттық қоймаға жібереді.   

Қауіпсіз режим

Бұл пайдалы функция туралы, неге екенін, көпшілік білмейді. Android пайдаланушыға кез келген сәтте смартфонды Safe mode режиміне қоюға мүмкіндік береді: операциялық жүйе барлық бөгде қосымшаларды өшіріп, өзі қосылады. Бұл қосымшалардың қайсысы жүйенің қатып қалуына апарып соғып отыратынын анықтау үшін немесе қайсысы батарея ресурсын басқалардан көбірек тұтынатынын біліп алу үшін пайдалы болмақ.  

Басты экранды тазалау

Барлық қосымшалар әдепкі тәртіп бойынша басты экранға таңбашаларын орнатады. Әңгіме пайдалы қосымша туралы болса, бұл өте ыңғайлы, ал жиі қолданылмайтын қосымша туралы болса, жынға тиіп бітеді. Google Play баптауларын ашыңыз да, позициядан «Таңбаларды қосу» құсбелгісін алып тастаңыз. Айтпақшы, сол жерде қосымшалардың автоматты түрде жаңартылып отыруын өшіріп тастауыңызға болады.  

Жылдам баптау

Екі саусағыңызбен экранды төмен қарай сипасаңыз, Android-тың жылдам баптау панелі ашылады. Ол Wi-Fi, Bluetooth, қолшам сияқты баптауларға дереу кіруді қамсыздандырады. Оның үстіне, панельді кастомизациялап жіберуге болады: төменгі сол жақ бұрыштағы қалам белгісін (кей құрылғыларда төменгі оң жақ бұрышта «өңдеу» деген сөз тұрады, соны түрту керек) бассаңыз, осы жерге кез келген қосымшаны салып қоя аласыз.

Телефонды іздеу

Телефонды жоғалтып қоюдан қорқасыз ба? Онда Android-тың орнатылып қойған құрылғының қайда екенін қадағалап отыру жүйесін қосып қойыңыз: «Баптауларды» ашыңыз, «Қауіпсіздік және орналасқан жерге» өтіңіз де, «Менің құрылғымды табуды» түртіңіз.  

Шрифт өлшемін үлкейту

Android-тағы көбінесе қолайсыз болып келетін шрифттерді оқығанда көзді сығырайтудың және талдырудың енді қажеті жоқ. «Баптаулар» қосымшасын ашыңыз да, «Экранды» таңдаңыз, содан соң, өзгертулер енгізу үшін, «Шрифт өлшемін» басыңыз. Өзгертулерді енгізу үшін сілтеуішті (указатель) сырғытпа (ползунок) бойымен жылжытыңыз және ақырғы нәтиже қандай болатынын анықтау үшін алдын ала көру терезесін тексеріңіз. Android-тың қажетті шрифт өлшемі орнатылған соң қосымшалардың көпшілігі оны автоматты түрде қолданып отырады.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...