Өлең, жыр, ақындар

Қайғы жолы немесе Атырау-Астрахань тас жолы

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Саргубенова Шолпан

Еуропа мен Азияны, Ресей мен Қазақстанды, Еділ мен Жайық бойында орналасқан, қазақ еліне мәлім Атырау-Астрахань жолының жағдайы  қашанда назар аудартады.  

Атырау-Астрахань тас жолының жалпы ұзындығы — 277 шақырымды құрайды. 30 жылдан бері тас жол жөндеу көрмеген. Жол өте тар,  таксиге отырып осы екі елдің шекерасындағы жолмен жүрсеңіз шұңқырдан көз ашпайсыз. Ажал құшқан осы тас жолдың бірнеше шақырымдары қаншама адамның  өмірін қиды. 2018 жылдың  өткен айларында орын алған жол апаттарында — 7 адам қаза тауып, 10 зардап шеккен .

Жол — бұл күтімді қажет ететін және оған қарап, елдің жалпы әл-ауқаты туралы қорытынды жасауға болатын кез келген мемлекеттің бірінші айнасы .

Атырау-Астрахань тас жолының бойымен өтіп бара жатып, соғыс болып немесе бомба жарылған жер дерсіз. Жолдар тар, үңірейген шұңқырлар. Осы тас жолмен жүрген әрбір бесінші жеңіл автокөліктің дөңгелегі жарылады. Ал көршілес Ресей мемлекетіне жолға шықсаңыз,  Қазақстандық кеденнен өткен кезде ғана алдыңыздан теп-тегіс асфальт шығады.

Екі мемлекет бір-біріне етене жақын орналасса да, жолдары екі түрлі, тіпті салыстыруға келмейді. Расымен де жол мұраты — жету дегендей, соңғы нүктеге жеткенше, шаршап, үнемі машина құлап кетеді-ау, немесе қарсы шығып қалама деп ойлайсың. Тіпті басқа қалалардан келген қонақтар осы тас жол туралы естісе қорқынышты сезімде болады. Неге дейсіз ғой? Себебі көлікті осы жол арқылы жаңа көлікті "өлтіру" әбден мүмкін ғой. Мұнайлы өлке Атырау Қазақстанның бай, экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы қалалардың бірі. Екі құрлық пен екі елді байланыстыратын тас жолын жөндеу жобасы ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастау алды.

Қазір алғашқы 60 километрдің құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша жол екі жыл ішінде аяқталуы тиіс.

Тас жолдың Атыраудан Ресеймен шекараға дейінгі ұзындығы 277 шақырымды құрайды. Жол құрылысында 500-ден астам адам қызмет етуде. Бүгінгі күні "қайғы-жолы" деп аталған жолдың, жөндеуден кейін өз қалпына келіп ең тегіс жолдың біріне айналатынына сенімдімін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз