Өлең, жыр, ақындар

Мен көрген Əміре

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Абаева Ақтілек

Əміренің аруағы бір сілкінген шығар....

Фильмді музыка құтқарған ғой. Шіркін, музыканың құдіреті дейсің. Профессионал түсіргені көрініп-ақ тұр. Тек кімді түсіргенін түсінбеген ғой, қайран! Қазақияның қанындағы қасиетті жіті түсіне алмаған режиссер Джефф Веспа оны қайдан білсін?!

Мұстафа туралы "басқаша" ой қалыптастырған. Соның кесірінен Əміреге таяқтың ұшы тиді. Шоқаймен кездеспегенде ғой деп қаласың. Француженкамен болған сценаға сөзім жоқ, оған тіптен тоқталғым да келмейді.

Санжар бір өмірге құлшыныс жоқ, аспаннан түскен, эмоциядан жұрдайға жақындайтын Əмірені ойнап шығыпты. Бірақ киген киім сыптай боп жараса кетіп, келбетімен талай актёрді шетте қалдырған. Тек сəл сал-серіге тəн серілікті қажет етті.

Əн айтқанда дауыс Санжардікі емес екені байқалады. Əміренің вокалдық дауысын сомдаған Сержан Мұсайынның дауысына ерем деген актёр бар шеберлігін салғанымен ілесіп, шыңына жеткізе алмады. Десе де домбыраны үйреніп, өзі шертіп тұрғанына алғыс.

Бұл ел тарихындағы Голливуд пен Қазақ фильм бірлесе түсірген тұңғыш туынды. Əрине, Голливудтық сарын байқалады.

Мəдениет министрі Арыстанбек Мұхамдиұлы аталмыш киноның таныстырылымында: " Фильм еліміздің аудиториясына емес, шетелдік көрермендер үшін түсірілген" деген еді. Шетелдік көрерменге арналғанымен бұл біздің тарих еді ғой!

Қорытындылайтын болсам, музыканы жанындай жақсы көретін жан ретінде айтарым, фильмде мені музыка "ұстап" отырды. Əсіресе, Леонид Собинов жəне Жорж Тильдің дауыстары.

Айтпақшы, 1925 жылы бұл кісілер Əміремен сайысқа түспеген. Миға сыйымсыз дүниені режиссер көркемдік үшін қолданған ғой, қайтсін. Мен көрген "Əміре" осындай енді...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз