Өлең, жыр, ақындар

Білім ордасына хиджаб киіп келу дұрыс па?

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Қайыржанова Гүлдана
                         
Қазір 21 ғасыр білім-ғылым қарқынды дамып,еліміздің өркениеті күн санап өсіп келеді. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін өз-өзін дамыту, оқу, жұмыс жасаумен әлек. Сол жандардың арқасында дінге бас бұрған жандар да баршылық. Осы арада тілге тиек қылатындай толғауы терең мәселе жатыр. Осы мәселе сол намазхан адамдардың балаларыны балаларының мектеп табалдырығын орамал жамылып  аттауы. Менің ойымша, әр жердің өз қағидасы болады. Мектепте де оқушы мен оның ата-анасының ұстануы тиіс ережелер бар. Тәртіпке бағынған құл болмайды, дейді ғой, яғни, қалыптасқан тәртіп қатаң түрде сақталуы тиіс. Өйткені, ата-анасы намазхан болғанның өзінде мектеп  жасындағы кіп-кішкентай бүлдіршін өмірдің ағы мен қарасын көріп үлгермеген, мектепке оқу үшін, өзіндік даму үшін, достарымен қызықты  уақыт өткізу үшін келетіні бәрімізге мәлім. Сол секілді, Атырауда дінге қатысты дау қайта басталып кеткені бәрімізге белгілі. Хиджаб киген оқушы қыздарымыз, мектеп босағасынан қайтып жүр. Атырау облыстық білім беру департаменті бастығы Қилымғали Қайненов бұны өте күрделі мәселе деп атап, оны мектеп директорлары ата-аналармен бірлесе отырып шешуі тиіс деген. Атырау облысы әкімінің пікірінше, бүгінде облыс жастары әртүрлі теріс пиғылдағы діни ағымдардың алдында әлсіз топқа айналып, ұлттық және діни араздық жағушылардың жетегіне кете бастаған, және тіптен, жағдайды реттей алмайтын мектеп директорларының орындарын босатуды талап етіп, мектеп инспекторларын тек мектеп босағасын күзетумен айналысып жүр деп сынаған әкім олардың құқық органдарымен бірлесе жұмыс істеуі керектігін айтып, алдағы уақытта өзі оларға қатаң талап қоятындығын да ескертті. Ал ғаламтордағы кейбір пікірлерге тоқталсақ, мәселе дұрыс қозғалған, қоғамда аз да болса да кездесетін жағдай. Біздің Еуропаға еліктеуіміз басым, кіндігін ашып жүрген қыздарымыздың еркін жүруі бізді оншалықты ойландармайды. Ал, орамал байлағандарға шошына қараймыз. Ал біреуі, мектеп — ең бірінші тәрбие ордасы. Адамды кішкене кезінен бастап олай тәрбиелеуге болмайды, деп жарыса пікір жазуда. Әрине, әркімнің өз құқығы бар. Десек те, білім ордасының өзіне сай киім үлгісі бар. Бұл мәселені тек оқушының ата-анасы ғана шеше алады деп ойлаймын. Себебі, әр ата-ана баласының мектептен шығарылып қалмай, білім алуын, болашағын ойласа бұған жол бермес еді, және осындай дау сотқа дейін бармас еді. Сондықтан, бұл орайда ата-анадан кеткен қатенің жазалануы дұрыс деп ойлаймын. Әр ата-ана өз баласының болашағы мен жақсылығын ойласа, әр қадамының артын ойлауы тиіс...                               


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз