Өлең, жыр, ақындар

Зинедин Зидан жасыл алаңға шықты

2016 жылы Мадридтік Реалдың ескі ойыншысы дәл сол клубқа бас бапкер болып келді. Онымен 2018 жылдың мамыр айында қоштасқан корольдік клуб аз уақыт ішінде 3 мәрте қатарынан чемпиондар лигасын, 2 мәрте қатарынан Әлем Клубтар Кубогін, 2 мәрте UEFA  супер кубогін, және бір-бірден Испания Ла-Лигасы мен Супер Кубогы иегері атанып үлгерді. Арада бірнеше ай өтер-өтпес Зидан клубпен қайта қауышты. Оған себеп әрине әлемді дүркіретер Реал Мадрид клубының 1 апта ішінде 3 бірдей маңызы зор кубоктің жарыс жолынан шығып қалуы. Дегенмен командаға қайтадан келген Зиданның клуб президенті Флорентино Переске қояр бірнеше талабы бар екен:

 1. Команданы толыққанды бақылауда ұстайды

 2. Қажет емес деп тапқан ойыншыларды сату

 3. Марсело және Иско сатылмайды

 4. Неймар сатып алынбайды

 5. Хамес Родригесті қайтып алмайды

 6. Мбаппені сатып алуға тырысады

Зидан алғашқы матчын Сельта Виго командасына қарсы өткізеді, қазіргі таңда жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Ал ендігі сұрақ; Криштиану Роналду Зиданмен бірге Реал Мадридке қайта оралама?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз