Өлең-жыр байқауы

Түс

Таң. сағ. 6.00

3-4-ноябрь 52-жыл.

..."Қойшының баласына біткен мінездері бар". Қателесесіз, дүниедегі адамның қоры қойшы деп ойлаймысыз?!

Мен мұны ұмытпаймын. Өңімде, өмірде айтпағаныңмен, түсімде айтып үлгердің. Рахмет.

Мүмкін, жуық арада өңімде де естірмін. Әрине, бұлай деуің заңды да.

Баяғы менің тозған үйім. Оның еденінің дымқылдығы сонша: тіпті қарт айтқандай, капуста егуге де болады.

...Анам, Анам! Жеті қат жер астында жатсаң да біліп отырсың-ау! Кешір, ана, өмірде керген жақсылық пен жамандығым ойымнан ұмыт болғанымен, дән теріп тамақтандырған сен ойымнан қалай ұмыт боларсың?

Апатайым, неткен айбынды, зор едің! Алқабынан алтынын ақтарып алып жатқан асқар тау де сенімен теңдесе алмайды! Сен әрқашан биіксің, зорсың! Олай болуға хақың да бар.

...Нақам – ақ, көңілім, асылым – Анам. Адамға деген жақындық, адалдық сенің осы бір ұсқынсыз тұлғаң мен бейнеңнің қай жерінде екен, ә!

...Тәтем! Тәте-ай, мүмкін, өмір соққысын көбірек көргеннен болар, жасқаншақтық, жағымпаздық неге сенен кетпейді? Неге тура айтпайсың?

...Тоқаным – бауырым. Біздің шыққан арнамыз лайланып тасталған, шамаң келсе, осыдан құтылуға тырыс!

Сол бір үйде оқшау тұрған көшеден,

Жылай-сықтай күнелткемін кеше мен...

* * *

Айлар өтті...

Болды, міне, жыл жарым.

Жас сәбидей қуантасың, алдайсың,

Білмейсің бе бір жасырын сыр барын?

1952-жыл.

Ноябрь.

* * *

...Өткен жылы (1952-ж. 31-март) дәл бүгінгі күні мен туған жерімде едім...

Әлі есімде, ауылдан оқшау, қара судың бойында жатқан, төңірегін қалың ши басқан туыстарымның қабірінің басында болып едім. Менімен бірге Сыдық, Тоқталы болған-ды.

20-сында ма болмаса 25-інде ме, есімде жоқ, қайтыс болған кәрі анамның денесін жасырған топырақтың бетін әлі күн құрғатып та үлгермепті. Үшеуіміз аттан түсіп, қабірден иіскеп топырақ алып тастадық.

Су бойында өскен жас шыбықтар әлі көктеп үлгермепті. Сонда да болса менің ойымда бір тал жас шыбық қиып әкеліп, қабірдің басына шаншып қойсам ба деген сезім туды. Бірақ өзімде де, жолдастарымда да пышақ болмады.

Әрине, шаншып қойған күнде де одан қандай нәтиже шығар еді. Бұл тек қолдан түк келмегеннің ісі еді...

Міне, он сегіз жыл тәрбиелеген анаммен мен осылай қоштасқамын.

...Сол күнгі (31-март, 52-ж.) Сыдықтың айтқаны әлі есімде: "Әй, момын бауырым-ай, анау қудың (Лашынның) қалжыңын шын көріп: "Бүгін бармай-ақ қойшы!" – деп жалынды-ау... Ертең қайсы күн дегенімде барып түсінді.

Шынында, ол алғаш айта бастағанда, менің де жүрегім тітіреп барып, артынан түсіндім...

Кім білсін, менің сол барысым көп нәрселердің бетін бүркеп те кеткен болар...

Мен Шибұтқа жеткенде, бірінші Әбдіке қарсы алды.

...Ту, қандай күлкілі. Екеуміздің көріскеніміздің аты не?

Жұлдыз! Егер анаңның адалдығы рас болса, сенің фундаментің 1952-жылы, 31-март күні түнде жасалды.

Балапаным, мүмкін, менің бұл айтқаным саған ұят та болар, бірақ арсыз әкең өмірдің насекомын жыйнауға құмар-ақ...

Мұқаметқали Мақатаев.

31-март 1953-жыл.

Алматы.

1972-жыл. Есеп.

5-февральдан 28-ноябрьге дейін N1, N2, N3, N4- дәптерлер жазылды.

"Аққулар ұйықтағанда", "Қырандар, хош болыңдар" 31-сентябрьден 9-октябрьге дейін жазылған екен.

N1-дәптер – 5/ІІ-15/ІІ-72-Ж.

N2-дәптер – 16/ІІ-4/ІІІ-72-Ж.

N3-дәптер – 14/ІХ-7/ХІ-72-Ж.

N4-дәптер – 9/ХІ-28/ХІ-72-Ж.

Так держать!

М. Макатаев.

Айналасы бір жетіде "Аққулар ұйықтағанда", "Қырандар, хош болыңдар" жазылды.

Газеттердің тапсырмасын былай қойғанда...

1972-жыл 9-ноябрьден 28-ноябрьге дейін цикл өлеңдер жазылды.

1972-ж. жазы сауықпен өтті.

* * *

27-март 1972-жыл.

Шын талантты ақын берерін бергеннен кейін, сыйымен өле білгені де жақсы. Алайда таңдамалыларының толық жинағына өзі редактор болғанның да зияны жоқ...

30-март.

"ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ БІР ЖЫЛЫ" (баяндама, ойлар).

"Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиісті"...

Дүниеге жаңа келгендеймін. Ой-санам, жүріс-тұрыс, мінезімде сұмдық өзгеріс бар. Сәл кештеу оянған жоқ па?.. Әлде дер шағы ма екен?!

2-апрелъ 1972-жыл.

"В жизни не знаю, в поэзии не врать!!!" (Өмірде білмеймін, өлеңде өтірік айтпау керек).

Бүгін (дәл қазір, 2-апрель, түнгі он екілерде) тырналар ұшып өтті. Столға отырғаным сол еді, тырнаның даусын естідім. Біздің жаққа қарай ұшып кетті. "Ақ тырналар аспанға сына қағып..." ұшып кетті...

Пушкин мен Абайға айналып соға берем, соға берем. Апырмай, Пушкин-ай, соншаның бәрін қашан жазып үлгерді екен.

17-апрель 1972-жыл.

"Қазақ жырының бір жылы" – баяндама өтті (12- апрель, 1972-жыл), түсінді ме, жоқ па?! "Поэзия туралы ойлар" – болашақтың шаруасы.

21-апрель 1972-жыл.

Не көрінді?! Не жетпейді?! Сволочи!!!

22-февраль 1973-жыл.

...Адамдардың арасында болған алауыздық мені де шарпымай өткен жоқ. "Жұлдыздың" делосын өткізіп беріп, поэзиямды өзім алып қалдым... Әзірге немен тынары белгісіз, барым менің, балам менің, жарым, жақсылығым менің – поэзиям, тек сені сақтап қалсам екен. Сені де өлтіргісі келе ме, қалай?! Олай бола қоймас, егер бола қалса, қалған өмірдің қызығы не маған. Ойлап отырсам, менде бір арман бар екен. Ол – қалайда халқыма жағыну, ұнау соған. Тек соған ғана жасырмай шынымды айтсам деп едім. Халқым, үнімді қалай жеткізем саған?.. Айналам тарылып, құрсауланып барады. Жағдай қиын, өте қиын...

Келесі жылы жаңа жинағым жарық көре ме, жоқ па?

– Ей, қалам ұстаған, қаламдас бауыр-қарындастарым, Халықты ұмытпаңдар! Халықсыз күндерің қараң! Оны сүйемін деп байбалам салмаңдар. Оған тек ғашық бола біліңдер!

5-март 1973-жыл.

Газеттердің тапсырмасын қоспағанда, 3-марттан Н. заставасынан басталды... Бітті.

2-март 1973-жыл.

Белгісіз бір дүлей күш қол-аяғымды матап, тіптең ойыма да құрсау салып тастаған сияқты. Не ойлап, не жазарымды білмеймін. Белгісіз біреудің көңілін тауып, ойынан шықпақ болам. Ол не, кім? Білмеймін...

Күн көріс қиындап барады. Балаларымның тағдырынан қорқам.

6-март 1973-жыл.

...Поэзия – ғылым. Зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол тек – поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шаруа бұл!

7-март 1973-жыл.

Мәскеуден хат келді. Білмеймін...

9-март 1973-жыл.

Шолпаным айта жүретін, Шолпанымның ұрпағы айта жүретін өлең-ертегі жазып көрейінші...

17-март.

Өткен аптада Мүсіреповте (үйіңде) болдым. Бұл адаммен жақын келіп сұхбаттасқаным осы. Үйінде өзі жалғыз екен. Жылы қарсы алды. Екі сағаттай әңгімелестік. Мен Ғабеңді бойындағы дарынның барын беріп болған адам деп айта алмаймын. Ал бойында жасырынып жатқан жанар тауы бар екеніне күмәнім жоқ. Уақыт-ай!.. Әдебиет, жалпы искусство жөнінде болар-болмас шолу жасап, пікірлестік. Қарт әріден ойлайды. Қазіргі қазақ поэзиясы қатты толғандырып жүрген көрінеді. Бірдеме десем бе дейді.

"Аққулар ұйықтағандаға" тебіреніп пікір айтты, сүйсініп қалды. мен ыңғайсыздандым, онымды түйе қойды да, қоя қойды. Өлеңдер оқыдым. Кетерде маған қалам сыйлады (алтын қалам).

Қарт қартайған екен. Бүкіл үйде жалғыз өзі отырғаны қатты әсер етті маған... кабинет! жұпыны, жазу столы тіпті жұпыны, басы артық дүниелер, әлеміш-жәлеміштер жоқ. Ұзынды-қысқалы, бір түстес, үшкір ұшталған қара қарындаштар. Тілдей параққа арапша жазып тастапты, жаңадан жазылған, сірә. Қорапқа салған екі мылтығы тұр. Кіреберісте саятшының сауыт-саймандары... Ретін тауып, өзімен ұзағырақ сөйлесер ме еді, біраз бірге болып, достасар ма еді. Тәңірім-ай, бұлар деген аяғын үзеңгіге салып тұрған адамдар ғой...

(Абай, Жамбыл өмірбаяны...)

Енді өзім туралы. Жыр түсінер қауым өлеңдерің жақсы дейді, әр тұстан қолпаштаған хаттар да алып жүрмін, бірақ сенуім қиын. Жаман жыр жазу қиынға түсіп барады. Жақсы жыр басылмаса, жарық көрмесе, қайтем?! Білмеймін... Тәңірім әзірге шешемді тірі қоя тұрса екен. Өстіп, тұралап жүрген кезімде қисая қалса, ел-жұртқа масқара болам ба деп қорқам...

20-март.

Құрбы-құрдас, замандастар мен туралы көп-көп қауесет таратады. Біріне бірі айтады, "өзімсініп" өзіме де айтып қалады. Көбісін бояп, бірінен бірі жаңартып айтады, ал мен олардың қай қырымнан қасығысы келіп тұрғанын түсінбейді ғой дейсің бе?.. Түсінем. Бекер обалдары не керек, бәрінің сыйлайтынын да білем. Білем де қоям, қарсы болмаймын, айта берсін, арамдық ойласа, өздерінің басынан артылмасын. Тек менің жұртқа зиянсыз екендігімді түсіне ме, жоқ па?!

Мен үшін дүниенің ең қорлығы – адамның айыбын бетіне басу, оның нашарлығын дәлелдеу. Бұл. – бір. Екінші – болмайды, жарамайды, жоқ деп айта алмайтыным. Қорлықты осыдан тартып жүрмін. Көңілшектік – менің осал жерім. Сірә, сүріне беретінім де осыдан болар.

Уақыт өз рөлімді маған да бөліп берген, соны дұрыстап ойнап шығу жолында мен де тырбанып бағам, әрине. Демек, мінездегі жасандылық (артистік) маған да бөтен емес-ау...

23-март.

Ұмытшақтық пайда бола бастады, әсіресе... Бәрі де тұйыққа тіреліп тұрғандай. Жылжыған бір іс жоқ әзірге. Еш нәрсеге зауқым шаппайды. Қалам ұстағым да келмейді. Бір зілзала бойымды басып барады, немен тынары белгісіз.

Балаларым ғой... Олар болмаса, өкінішсіз-ақ өлуге болар еді.

9-апрель 1973-жыл.

Адам өмірінің бақытты – балалық шағы. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені...

21-апрелъ 1973-жыл.

18-апрельде Сәбит Мұқанов қайтыс болды. Ертең (22-сі) жерленбекші. Егер бұрынғылардың айтқаны рас болса, енді екінші, нағыз шып өмірі басталатын адам осы Сәбең болуға тиісті.

Жұрт не ойласа да өзі білсін, менің ойымша, Сәбит – үлкен дүние. Өзі – Өмір. Хатты жаңа тани бастаған қазақтың қалаулы ұлдарының ішіндегі ең ірісі осы адам болуға тиісті.

Өзі өсірген өмірі мен заманы тұрғанда, Сәбеңді ұрпақтар ұмытпақ емес! Бұл – қазақтың Бальзагі (Жетпіс жылдығында солай деп ем...)

Құрметті адам өлгенде де құрметті! Хош, кәрия! Топырағың торқа болсын!..

* * *

Жарығым! Жарық дүнием сен ғанасың... Егер сен болмасаң, қазір-ақ, қазір-ақ, қазір-ақ!..

...Бүгін таңертең балконға шығып едім, мұрныма ауылдың көктемінің иісі келді. Сонау "Айқайтастан" соққан жайлаудың самалының иісі келді.

Сонау соғыс жылдары шешем екеуміз, әжем де бар, қой айдап жайлауға алғаш көшіп барған балауса, балғын шақ (есіме түсті. Әлі мал аяғы таптамаған Шалкөденің жап-жасыл жазығы тұрды көз алдымда. Сол кезді, сол табиғатты бірінші рет маған көрсеткеніңе құлдық, тәңірім!

Сұлу сүйіп, сауық құрмай барам. Мейлі, өкінбеймін. Туған жерімнің тұнып тұрған қылшығына қылаң түспеген сұлулығын алдымен мен сүйгем! Соның бәрінің қызығы менде, менімен өзіммен бірге кетеді. Ол аймақ баяғыдай, менің балауса шағымдай сұлу емес қазір. Жоқ, сұлу емес. Ол да бөлек қазір, мен де бөлек. Екеуі де өлген. Тек менің кеудем мен миымда ғана. Менімен бірге өледі...

* * *

23-апрель.

Кеше (22-апрель) Алматы Сәбит Мұқановты ақырғы сапарына аттандырып, қоштасты. Түнеріп келіп, нөсерлете жаумай, анда-санда бүркіп қана тұрған күннің райы, ыстық та емес, салқын да емес, қоңыржай, шыбынсыз көктем, ағылған жұрт нөпірі, өзіне оңаша бөлінген Көктөбенің баурайы – бәрі де символично. Халық өз ұлынан ештеңесін де аяған жоқ, ақ ниеттерімен ақырғы рет қоштасты. Сірә, өз халқының мұншама ықыласына бөлену – енді кімдерге қиындау болар...

Өзбектен келген жазушы (Сафаров) өз тілінде жақсы сөйледі. Ғабең (Мүсірепов) толқып сөйледі, қорқып сөйледі. Құдай-ау, анау "Экспресс", Пикассосы құрғырларда несі бар еді... Керегі не еді сол жерде?!

Сонымен, Сәбеңнің екінші өмірінің бірінші күні басталды. О, оның ұзақ өмірі енді басталды. Сәбеңде арман жоқ! Өз өмірінің шежіресін жазып үлгірді ол. Ал оның өмірі – дәуірдің өзі.

Айтса да, данышпан Мұхтар жатқан жерге жерленбей, қыр басына, мұсылмандардың қасына жерленді. Бұл да символично!

Жыртақтаған жігіттерді жек көріп кеткенім-ай! Қарғадай бастарынан бақастықты, тақастықты, пәскене-қоқыстықты қайдан үйренеді осылар?! Бұл жақсылық емес. Жастық жақсылыққа ғана ұмтылмайтын ба еді?..

І5-ноябрь 1973-жыл.

Сонымен, хош бол, Москва!..

Менің үйіме лаң кірді. Немен тынары белгісіз. Бәрін де бүлдірді Айбар. Шын уайым, шын қайғы осылай болады екен-ау.

18-ноябрь.

Айбар осыншама оңбағандыққа барып, осыншама сарсаңға салады деген үш ұйықтасам түсіме кірмейтін. Байғұс балам-ай, қисайта салса, құрдымға кетейін деп тұрғаны есіне кіріп те шықпайды. Балалығы дейін десем, қулық-сұмдық өмірлік мәселелердің бәрін де түсінеді, бәріне де жетік сияқты. Ұстаздары, сөз жоқ, баламды түсінбейді. Оларды Айбар, Айбарды олар түсінбеушіліктің ақыры осыған әкеп соқты. Ақырының немен тынары белгісіз. Соры қайнап, өмірі сорлылықпен өте ме, қайдам?!

Екеуміз бір-бірімізді түсінеміз. Сол түсінігі түйсігін қазір оятса ғой, кейін кеш боп кетеді. Мұны енді не істеймін, нендей айласын табам?!

* * *

21-ноябрь 1973-жыл.

"Сызат алды дегенше, сына берді десеңші". Тәңірің түбін берсін, біздің семьяға сызат түсті, оны әкелген – менің кіші ұлым Айбар. Біз де, әрине, кінәліміз ғой. Ақымақтың айтқанын орындап, тым шолжаңдатып жібердік. Меніңше бізден де гөрі екі есе кінәлі мектебі, мұғалімдері. Балам сол мектепке барғаннан қуғын-сүргінге ұшырады. Отырса опақ тұрса сопақ, деп, жолдастарына, бүкіл мектепке Айбарды жеккөрінішті етті.

Саумалдап тәрбиелеудің орнына, он екіде бір гүлі ашылмаған баланы үсті-үстіне жазаның астына алды. Ақыры бала ашынды, ашынды дағы, тіптен бағынуды қойды. Ақыры осыған әкеп соқты. Амалым таусылып, Айбарымды ол мектептен құтқардым. Енді қайтем, қайда жіберем, білмеймін... Нағашылары қабылдай ма, жоқ па?! Қабылдар еді-ау, Айбар үйреніп қалған әдетінен арыла ма, жоқ па?! Қалайда Айбарды қалада ұстап болатын емес. Кеше тергеуде болып қайттым. Жұмаға жымысқы іс қалған жолдасымен беттестіреді, не болары белгісіз. Тәлкекке салған тағдыр- ай!..

* * *

24-ноябрь 1973-жыл.

Кеше Айбар түрмедегі досымен беттесті. Бала ақылды Пала екен, Айбарды сатпады. Бәрін де өз мойнына алуға даяр. Айбар да өзі қатысқан қылмысын жасырмай мойындады. Сонымен, тергеудің алдындағы іс тыныштықпен анықталған тәрізді. Айбар бұрынғы мектебіне оралғысы жоқ әбден мезі болған.

Қайда, кімге барып орналасады, әзірге белгісіз...

27-ноябрь 1973-жыл.

Айбардың ісі аяқталған жоқ. Заңшылар исполком жанындағы комиссияға тапсырамыз дегенді шығарып отыр. Олары не демекші?! Аларын алып, айыбын тағып, баламды қолыма берсе екен. Айбарды ауылға аттандырсам ба деген ем, одан да түк шықпады. Ісі аяқталғанша осында болуы шарт екен. Баламды үгіттеп, бүгін мектебіне жібердім, не деп, қалай қарсы алып жатыр екен жыланкөз апасы.

* * *

7-декабрь 1973-жыл.

Жұмыссыз жүргеніме жаңа жылда бір жыл толады. Қайтіп, қалай жан бағып жүргеніме таңданам. Айбардың ісі аяқталған жоқ. Соның салдарынан басқа да жағдайлар бар, мен қазір мырза қамаудамын.

18-декабръ 1973-жыл.

Балам (Айбар) оңалып кетсе, әзірге бақыт маған сол. Кеше Совет ауданының исполкомында ісі қаралып, бір жылдық шарт пен 30 сом штраф салып, мектебінде қалдырды. Шешесі барды, менің арызым қатысты.

Ақымақ директор (қатын), оның итаршылары шабуыл жасап бағыпты. Қарғадай бала несін алды екен оның.

Мендегі шаруасы не еді наданның?!

* * *

Үнемі Москвада тұрып, сонда тірлік еткендей, Москва неге ой-түсімнен шықпайды?

Алматыға, адамдарға деген біртүрлі жатырқау бар. Как ни твори, Москва – есть Москва, там все проще. Там можно кое-чему научиться и можно добиться кое-чего (Қалай дегенмен Москваның аты Москва, онда бәрі оңайырақ. Ол жерде бір нәрсені үйренуге, әлденеге қол жеткізуге болады. Бастан өткен аяулы бір дәурен сияқты. Бір нәрседен арманда қалған, сол жерде бір асылымды ұмыт қалдырғандаймын... Өмір болса, тұра тұрсын, досты сол халықтың арасынан іздеу керек екен.

19-декабрь 1973-жыл.

Әзілдегенсіп, жаны ашып, жақын тартқансып, ақыл айтқансып, арыңа тікенектей қадалатын әріптестерден түңіле де, құтыла да алмай-ақ қойдым. Байқағаным – менің ардың-күрдің, қызынып, қылғытып жүретінімді қалайды екен бұлар. Сау жүрсем, сақтана бастайды. Әсіресе – X... Ой, зұлым-ай! Неғылған іші тар ит еді?! Аңдып-ақ жүргені, сәл адаса қалсаң, аяйтын түрі жоқ. Оңашада сырласқан болады да, екі адамның басы қосылса, көзімді бақырайтып қойып, әзілдегенсіп, білдірмей жамандай бастайды. Бассыз-ай, мен соны түсінбейді деп ойлайды-ау, шамасы. Әй, екі аяқты есек-ай, мен сенің қазаныңа қол сұқпаймын ғой, несіне сонша зұлымданасың?!

* * *

Бұл күні менің қатын-баламнан басқа жақының қалмаған сияқты. Күні-түні келгенде, олардан да шошқа мінез көрем... Мүлде бір жат ортаға душар болған жандаймын. Ешкімге залал істемеп едім ғой, неге бәрі сырт тебеді?!

24-декабрь 1973-жыл.

Бұл жыл да өтті. Жырмен басталған жыл жырмен аяқталды. Күйбеңмен, азаппен өткен өлі күндерді қойшы. Жырсыз өткен күндер – мен үшін өлі күндер. Тәңірдің бұл алданышты қиғанына да құлдық. Поэзия болмаса қайтер едім?! Ақынның өз мемлекеті, өз қоғамы, өз дүниесі бар. Бұл аз дүние емес. Демек, мен сол үшін өмір сүрем, сол үшін күресем. Күресем?! Кіммен, немен күресем? Өзіммен өзім бе?!

Соңғы сөзді айтып өлу керек қой... Қандай сәби едім. О, Тәңірім! Түйсік бере көр, түсінік бере гөр!..

* * *

(Осыдан кейін бірнеше парақ жыртылған. – Сарашы).

* * *

1-январь 1974-жыл.

Вот оно что собственное достоинство! А я, глупец, не только не оберегал его, а вовсе не знал. Старался быть простым, оказался простаком. Не только мои "Друзья", даже собственная моя семья, дети сумеют обвести меня вокруг пальцев. О, какое Вы чудовищное существо, Человечье! Нельзя, храни свое достоинство! Береги имя поэта, ибо ты истинный поэт, будь достоин тому! Будь простым, как сама природа, но и будь непреклонным, как она. Ты отличаешься от современников. Чем, не скажу... Так, будь же гордым! Выше голову, брат!..

(Жеке оз басыңның қадір-қасиеті деген осы екен-ау! Ал мен ақымақ оны қорғамақ тұрмақ, тіпті білмеппін де. Қарапайым болғым келді, алайда ашық ауыз екем, тек менің "достарым" ғана емес, тіпті өз отбасым, балаларым да мені жер соқтырып кетеді. О, сен қандай қорқынышты нәрсесің, Адамзат! Болмайды, өз қадір-қасиетіңді қорға! Ақын атынды сақта, нағыз ақынмын десең, соған лайықты бол! Табиғаттың өзіндей қарапайым бол бірақ, ол сияқты қайсар да бол. Сен өз замандастарыңнан өзгешесің. Неңмен екенін айтпаймын... ендеше, өр болсаңшы! Басыңды көтер, бауырым!..)

* * *

В 12.00 встречали Новый год. Тихо. Мирно. Скучновато. Я, собственно, не веселился. На этот раз что-то не получилось. О, Мир, скучай. Я скучаю. К чему все это?! Ради гордости! Ради своей самооценки!

(12.00-де Жаңа жылды қарсы алдық. Тыныш. Бейбіт. Зерігіңкілеу. Мен өз басым көңілденгенім жоқ. Бұл жолы бірдеңенің қиюы келмеді. О, дүние, зарық! Мен зарыққан халдемін. Мұның бәрі не үшін?! Мақтаныш үшін! Өзіңді бағалау үшін!)

* * *

3 января 1974 г.

В своем творчестве где слаб, где силен, я прекрасно понимаю сам. Где я слаб – не моя вина, а где силен – это не заслуга среды, в которой я жил. Не заслуга времени, при котором я находился в вечном опасении, вечно контролируя сам себя.

Нынче трудно быть поэтом...

(Өз шығармашылығымда қай жерде әлсіз, қай жерде күшті екендігімді өзім жақсы білем. Әлсіз жерім менің кінәм емес, ал күшті жерім – мен өмір сүріп отырған ортаның еңбегі емес. Үнемі өзімді өзіме қадағалатып, мәңгі мені қауіптендірумен келе жатқан уақыттың да еңбегі емес.

Қазір ақын болу қиын...)

* * *

11-январъ 1974-жыл.

Судьба поэта, его последние часы меня куда более волнует, чем судьба ее мятежной страны. Интересно, о чем он думал перед смертью?! Наверное, он в мыслях сказал "Чили, радуга моя!" Иди же что-то в этом роде. Да, все проходят через сердца поэта.

(Оның тынышсыз елінің тағдырынан гөрі, ақынның оз тағдыры, өмірінің соңғы сағаттары мені көбірек толқытады. Өлер алдында не туралы ойлады екен, шіркін?! Бәлкім, іштей: "Чили, шуағым менің!" – деген шығар. Немесе соған жақын бір сөз айтсаң болар. Иә, бәрі де ақынның жүрегі арқылы өтеді).

* * *

27 января 1974 г.

Будь ты проклята моя поэтическая судьба! Будь ты трижды проклята среда, окружающая меня! Среда, которой душой и сердцем я отдался, поверил, надеялся на лучшее. Коротаю свои униженные дни, дни которые мне ничего не принесли, кроме горечи да страданий. Теперь-то я понял, что нет человека на свете несчастнее меня. Не знаю, чем все это кончится. Одно мое желание – успеть воспевать свою лебединую песню. Не уж-то, я действительно хотел умереть добровольно?! Нет, чуть-чуть подождем, посмотрим что будет дальше...

(Ақындық тағдырым, қарғыс атсын сені. Мені қоршаған орта, үш мәрте қарғыс атсын сені! Мен жаныммен, жүрегіммен берілген, сенген, жақсыдан үміттенген ортам. Өзімді төмендеткен, маған қайғы мен қиналыстан өзге ештеңе әкелмеген күндерді бастан өткерудемін. Жер бетінде менен өткен бақытсыз адам жоқ екендігіне енді ғана көзім жетті. Мұның бәрі немен бітетінін білмеймін. Менің бір ғана тілегім – өзімнің ақтық өлеңімді айтып үлгеру. Мен шындығында өз еркіммен өле қояйын деп отырмын ба?! Жоқ, сәл-пәл күте тұрайын, ары қарай не боларын көрерміз...)

Сегодня, 27 января 1974 г. написана поэма под названием "Чили, свет мой!", за один присест, без перерыва, без единой помарки, с 10 утра до 12 ночи. Попробуйте-ка, сразиться со мной...

(Бүгін, 1974-жылғы 27-январьда, бір отырғанда, үзіліссіз, бірде-бір түзетусіз, таңертеңгі 10-нан түнгі 12-ге дейін "Чили – шуағым менің!" атты поэма жазылды. Менімен сайысып көріңдер кәне...)

М. Макатаев.

* * *

10-февраль.

Газеттерге ұсынғандардан әзірге хабар-ошар жоқ. Жарыққа шығара ма, жоқ па, білмеймін. Үлкен бір жиында, үлкен бір мемлекет адамының алдында аруақ атқыр ахаңның арқасында үлкен бір ұят іс істеппін. Ол адам бәлен де демес-ау, бірақ көлеңкесінен қорқатын замандастар маған абайлап, сақтанып қарауы мүмкін ғой...

Жаным ауырып, күйзелу үстіндемін.

"Зову я смерть: мне невтерпеж". "Өлім шақырамын: мен асығыспын" (Шекспир).

Ұят та, басқасы да шыдатпай барады. Не істеуім керек?

* * *

2-май 1974-жыл.

Білгендерін істеп бағуда. Не жаза бар, бәрін қолдануда. Милицияға да бірнеше рет тапсырды. Енді қаматпақ ойлары. Көлеңкемнен қорқатын халге жеткізді. Милиция қашан келіп, қашан алып кетер екен деген қауіптемін, әнеу күні милицияда асылып өлмек те болдым, балаларымды қимадым. Мойныма тұзақ салып сәл тұрдым да, ойландым...

* * *

(Осы арада тағы да жыртылған. – Сарашы). ...Бұл халге де жеткізді. Соншама не істеп қойдым бұларға? Себепсіз адам өлмейді. Бірақ біздің ел оған пысқырып та қарамайды. О, не деген қиын уақытта өмірге келгеміз, бауырым...

* * *

25-май 1974-жыл.

"Чили, шуағым менің!" 27-февральда (1974-ж) "Социалистік Қазақстанда" толық басылды. Қуаланды қу байтал халімде жарық көрді. Жұрттың бәрі бір адамдай жақсы қабылдады. Көргісі келмегендер көрмей-ақ қойсын.

Бір нәрсеге өзіме өзім дән ырзамын. Ол – өзімнің ақындық болжамым, ақындық интуициям. Пабло туралы менің поэмамнан кейін Одақтық баспасөзде көп материалдар жарияланды. Әрине, олардың бірімен де мен таныс болған емен. Солармен кейін таныса отырып, дәл басып, бұрын білмеген жайттарымды алдын ала нақ айтқаныма мақтанам. Неруданың сүйегін қабірінен қазып, ұрлап әкетіпті, кітаптарын өртепті. Мен мұны білгем...

* * *

На следующий год, в этот же день, в каком положении окажусь, мне абсолютно неизвестно. Вообще, вся моя сознательная жизнь вокруг этих сомнений крутятся. Я не знаю даже, что будет завтра, всегда нахожусь в неизвестном направлений.

19-мая сего года, в жизни первый раз, пожалуй, первый и последний раз обратился к большому человеку. На его имя отправил болы мое письмо на русском языке. Честно, отчаянно по всем признался, ни на кого не жаловался. Что будет от моей затеи, что ждет меня впереди, неизвестно. Письмо мое дойдет ли до него не знаю, он сам лично ознакомится ли, или нет! Только одна надежда успокаивает меня, это то, если он лично ознакомится, то, неужто такой, большой человек не имеет такое большое сердце?! Не простой же смертник к нему обращается, а поэт, поэт с большой душой...

(Келесі жылдың осы күні қандай күйде болатыным маған мүлдем белгісіз. Жалпы, менің бүкіл саналы өмірім осы күдікті шыр айналумен келеді. Мен тіпті дәл ертең не болатынын да білмеймін. Әрдайым белгісіз бір күйде қалам.

Биыл 19-майда өмірімде бірінші рет, бәлки, соңғы рет үлкен кісіге өтініш білдірдім. Оның атына орысша жазып үлкен хат жібердім. Шынымды айтып, ашына бәрін мойындадым. Ешкімнің үстінен шағым айтпадым. Бұл әрекетімнен не шығатыны, мені алдымда не күтіп тұрғаны белгісіз. Хатым қолына тие ме, білмеймін, ол өзі оқып танысар ма екен әлде жоқ па? Мені тек бір нәрсе үміттендіреді: егер ол өзі танысса, сондай үлкен адамда қалайша үлкен жүрек болмайды?Оған өтініш білдіріп отырған көптің бірі емес, ақын ғой, үлкен жанды ақын... Әзірше күтудемін).

25 мая 1974 г.

Милые дети мои! Не будьте глупыми! Жизнь полно опасностей, будьте осторожными! К любому проявлению жизни относитесь серьезно, трезво, не будьте слишком добрыми, снисходительными. Пока существует жизнь, существует и зло. Добром и снисхождением не сломить зла. Силе только лишь силой можно противостоять, иначе погибнете! Не делайте зла никому, а если кто злобствует над Вами, ответьте ему тем же способом. Это – простая арифметика. Не держите душу нараспашку, как ни горько, в наш век это к хорошему не приведет...

Одним словом, сумейте любить и ненавидеть, но оставайтесь человеком! Будьте всегда человеком! Будьте всегда начеку, старайтесь всегда защищать свое "Я!".

Дети мои! Дети мои! Если Вы меня поняли...

(Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар. Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды. ...Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан адам қалыптарында қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді бағалай біліңдер!

Балаларым менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені...)

* * *

Жил-был давным-давно царь Нерон. Люди привыкли его называть дураком. Я не знаю, действительно ли он был таким. Однако, я знаю и глубоко понимаю его по его же выражениям:

"О! Какой великий актер умирает!" – в этих словах вся суть его жизни! Это – чистосердечное признание человека, живущего не своей жизнью: хотя б и он дурак. Все мы – артисты: даже в малом...

(Ерте-ертеде Нерон патша өмір сүрген. Жұрт оны ақымақ деп атауға дағдыланып кеткен. Шынында да ол сондай болды ма, мен онысын білмеймін. Бірақ мен оны өз сөзі арқылы білемін және терең түсінемін. "О! Қандай ұлы актер өліп барады!" – оның бүкіл өмірінің дәні сол сөзінде. Ол қанша ақымақ болса да, өз қалауынша өмір сүрмеген адамның шын жүректен мойындауы. Біз бәріміз – артиспіз, тіпті ұсақ-түйек те де...)

* * *

Неужели, умный и преуспевающий счастливец тот, кто умеет приспосабливаться к создавшему условию, к любому безвыходному положению, умеет обходить любые опасности, не сопротивляется, лишь только изгибается как молодой, зеленый тальник под бурей?! А не тот, кто не покорен ни с кем, всегда старается сопрогивляться к любому явлению зла и насилия и сгоять как старый дуб под бурей, предпочтя, лучше вырваться с корнем, чем быть униженным рабом зла?!

Как ни говори, в наш век, мы первого считаем умницей и завидуем ему, а последнего называем либо дураком, либо неудачником и сопровождаем бедного кислой улыбкой, свысока, с презрением смотрим на такого. Могу привести тысячу примеров, да Вы сами сможете того...

Милые дети мои, в этом отношении, мне трудно Вам выбирать одного из двух, выбирайте сами. Мне неизвестно, как сложаться судьбы Ваши...

(Тап келе қалған жағдайға дереу бейімделе кетіп, кез келген лажсыз жағдаймен амал тауып, кез келген қауіпті айналып өте алатын, қарсыласпайтын, тек бірақ жел шайқаған көк шыбықша майысып қана қоятын адамдар ғана ақылды әрі табыстан табысқа жеткіш, бақытты болып саналмақ па? Ал ешкімге бас имейтін, кез келген жауыздық пен зорлыққа әрдайым қарсы тұруға тырысатын және жауыздықтың қорланған құлы болғанша, түп-тамырымен қопарылып қалғанды артық санайтын қарт еменше қара дауылға қасқайып қарсы тұратындар неге бақытты деп есептелінбейді? Қалай дегенмен де, бұл ғасырда біз алдыңғыларды ақылды санаймыз. Және оларға қызығамыз, ал соңғыларды не ақымақ санаймыз, не жолы болмағандар дейміз де, байғұсты кекесінмен менсінбей шығарып саламыз, ондайға жоғарыдан, жақтырмай қараймыз. Мыңдаған мысал келтіре алам, ол өздеріңнің де қолдарыңнан келеді...

Сүйікті менің балаларым, бұл жөнінде маған сендерге екінің бірін ұсыну қиын, өздерің қалап алыңдар. Сендердің тағдырларыңның қалай болатыны маған белгісіз...)

* * *

(Осы беттен де кейін жыртылған. – Сарашы).

29-май 1974-жыл.

Молчит мой большой человек, молчат мои коллеги. Неужели судьба поэта, судьба моя не встревожила никого? Не знаю, неужто они хотят опять осуждать меня, когда я сам себя беспощадно осудил. Может быть, под конец, я сделал неверный шаг, обратившись туда, куда не следовало бы?! Не исключено, что частенько чистосердечное признание превращается в бумеранг. Что, если опять, снова начнутся суды да пересуды?!

Дело Айбара еще не кончено, закон угрожает уплатой. Судьба моя, судьба моей семьи висит на волоске. Чем все это кончится, неизвестно.

(Менің үлкен кісім үнсіз, қаламдастарым да үнсіз. Менің тағдырым, ақын тағдыры қалайша ешкімді селт еткізбеді? Білмеймін, мен өзімді өзім әбден аямай айыптап біткенде, олар мені қалайша тағы қайта жазғырмақ? Мен, бәлкім, өзі де онды біткелі тұрғанда, өтініш айтпайтын жаққа өтініш айтып, шалыс қадам жасап қойдым ба?! Кейде шын жүректен айтқан сырыңның бумерангқа айналып, өзіңе қайта оралып соғуы да ғажап емес. Егер тағы қайтадан бас-көз жоқ сөгу, даттау басталып кетсе, қайтем?!

Айбардың ісі әлі біткен жоқ заң төлемімен қорқытады. Менің, менің отбасымның тағдыры қыл үстінде тұр. Мұның бәрі немен бітері белгісіз).

* * *

Какой я человек, откровенно говоря, незнаю. Слабо-характерный, это правда. Но, душа моя, слишком добрая, сердце мое очень мягкое, как оно само. Может быть, от того и разделяю, неверно, мнение Толстого: "Несопротивление злу, насилию". Верно ли?!

(Ашығын айтқанда, өзімнің қандай адам екенімді де білмеймін. Көңілшек екенім рас. Алайда жаным менің тым мейірбан, жүрегім менің өте жұмсақ Сірә, сондықтан шығар Толстойдың "жауыздыққа зорлыққа қарсыласпауын" менің де қолдайтыным? Солай ма?!)

* * *

Не могу сказать, что люди коварные по тому, что мало знаю их. Я не исследователь, а поэт. Горечи и радости людские меня интересует больше, чем сам человек. Плох ли, хорош ли он, не мне рассуждать, ибо сам отношусь к отряду таковых... Меня увлекает судьбы людские, окружающая их действительность, время в котором они живут, общество, которое управляет ими...

(Адамдарды жауыз деп айта алмаймын, өйткені оларды аз білем. Мен зерттеуші емеспін, ақынмын. Адамзаттың қайғысы мен қуанышы мені жеке адамның өзінен артық қызықтырады. Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де солардың бірімін. Мені жұрттың тағдыры, оларды қоршаған ортаның шындығы, олар өмір сүріп отырған уақыт, оларды басқарып отырған қоғам қызықтырады...)

1-июнь 1974-жыл.

Вчера в Союзе встретил одного человека из Большого дома. Оказывается, этот человек знает о моем письме. Меня потревожило сомнение, неужели, мое обращение к нему, попалось в руки таких, вроде бы этого. В таком случае мало надежды, по тому что я-то знаю, кто чей, кто кому служит... Неужели сердца людей превратились в мясной массив?! Неужели государственные мужы перестали относиться к нуждам народа, частицей которого являюсь и я ?! Начинаю понимать людей. Во мне что-то умерло. Начинаю терять доверие к людям, от того и не имею ни малейшей симпатии к власть имущим! Люди отличаются от скота потому, что между ними должно существовать неподкупное, взаимное, чистое доверие, сознательное, человеческое уважение друг к другу. Без этого мы потеряем, окончательно уничтожим себя и других. Лишаемся того богатства, которого называем "Дух"... Без духа ничего не делается. Считай себя трупом, когда тебя покидает дух! Значит, для спасения духа стоит бороться.

(Кеше үлкен үйдің бір адамын Жазушылар одағында жолықтырдым. Ол ч-к (ченеунік. – сарашы) менің хатым жайында білетін болып шықты. Ана кісіге деген өтінішім мынау секілді біреулердің қолына тиді ме деген күдік биледі мені. Егер олай болса, онда үміт аз, өйткені мен кімнің кім екенін, кімнің кімге қызмет жасайтынын білем... Шынымен-ақ адамдардың жүрегі бітеу етке айналып кеткені ме? Мемлекеттік қызметкерлердің шынымен-ақ халықтың, оның бір бөлшегі болып саналатын мен сияқтылардың мұң-мұқтажына құлақ асуды қойғаны ма? Адамдарды енді түсіне бастағандаймын. Менің ішімде әлдене өлді. Адамдарға деген сенімімді жоғалта бастадым. Сондықтан қолында билігі барларға титтей де ықыласым жоқ! Араларында бір-біріне деген сатусыз, екі жаққа бірдей таза сенімі, саналы, кісілікті сыйласымы болғандықтан да адамдардың малдан айырмасы бар. Біз онсыз бір-бірімізден айрыламыз, өзімізді де, өзгені де біржола құртамыз. Жан дейтін байлықтан айрыламыз. Жансыз ештеңе жасалынбайды. Жан кеткен соң, өзіңді өлік деп есепте! Демек, жан сақтау үшін күресуге болады).

* * *

...Сидит один кретин и советует мне написать поэму о "золотом человеке", о мнимом казахе. Я сказал, что это невозможно, прочтя ему на днях написанное мною стихотворение о "золотом человеке" и сказал: "Где человек, который дороже золота? Знаю только одно – если этот золотой человек действительно из нашего рода, то он знал бы свою цену, золота. Выясни, кто этот "золотой человек"? Объясни, думал ли этот золотой труп при жизни, что все золото превратится в золотой гроб, и поколениям останется лишь только золото? Мне надо узнать, кто он, кем был, заслужил ли он за этого золотого одеяния?! Мне неведомо, откуда он достал столько золото, если известно, что золото достается не легким путем и не каждому. Так что, пойми дорогой, поэзия не журналистика, а поэт не журналист, чтобы забегать за каждой сенсационной случайностью. Разве можно написать поэму только за то, что нашелся скелет в золотом одеянии?! Я охотно напишу поэму о черепе человека, не захороненного в безлюдной степи, чем о человеке весь в золоте".

(...Бір кеще отырып алып маған, жорамал қазақ "Алтын адам" туралы поэма жаз деп ақыл айтады. Оның мүмкін еместігін айтып, жуырда жазған "Алтын адам" атты өлеңімді оқып бердім. "Алтыннан қымбат адам қайда?" – дедім әлгіге. Бір нәрсеге ғана көзім анық жетеді: егер ол адам шынында да біздің арты тегіміз болса, ол өзінің де, алтынының да бағасын білген екен. "Алтын адамның" кім екенін анықта, маған түсіндіріп бер: өзінің бүкіл алтыны алтын табытқа айналатынын, ал кейінгі ұрпаққа тек алтынның өзі ғана жететінін тірлігінде бұл алтынға оранған өлік ойлады ма екен? Маған оның кім екенін, қандай адам болғанын, ана алтын киімді киюге тати ма – соны білу қажет. Сонша алтынды оның қайдан тапқаны маған белгісіз, ал алтынның оңайлықпен табылмайтыны бәрімізге аян. Сондықтан мені дұрыс түсін, қымбаттым, поэзия журналистика емес, ал ақын дабыра туғызатын жағдайларға жүгіре беретін журналист емес, алтынмен киіндіріп қойған қаңқа сүйек табылғаны үшін ғана поэзия жазуға бола ма?! Алтынға малынған адам туралы жазғанша, елсіз далада көмусіз қалған адамның бас сүйегі жайында қуана-қуана поэма жазар едім).

* * *

10-июнь 1974-жыл.

Сегодня до обеда был на допросе у одного младшего сержанта милиции, а после обеда один известный поэт прочитал мне свои стихи и подарил мне свой новый сборник стихов, конечно, с большой надеждой он ждет моего отзыва. Вот она – моя жизнь...

О, какое отвратительное время настало для меня!

(Бүгін түске дейін бір милицияның кіші сержантында сұрақта болдым, ал түстен кейін бір белгілі ақын маған өз өлеңдерін оқып, өзінің жаңа өлеңдер жинағын сыйлады; әрине, ол менің пікірімді үлкен үмітпен күтеді. Менің өмірім – осы.

О, мен үшін қандай бір жексұрын күндер туып тұр десеңші!)

* * *

Как поэта, волей-неволей, меня понимают люди, а как человека едва ли кто понимает, даже самые близкие мне. Так поймите же, я родился Человеком и останусь им, а поэтом я стал, понимаете, стал т. е...

(Қаласа да, қаламаса да жұрт мені ақын ретінде түсінеді; ал адам ретінде кім түсіне қояр дейсің. Тіпті ең жақындарым да. Түсінсеңдерші, мен туғаннан адаммын, адам қалпымда қалам; ал мен кейін ақын болдым, ұқсаңдаршы, болдым, яғни...)

* * *

К 175-летию Пушкина.

Вот что знаю я о нем: Пушкин, прежде всего был коняшкой своих детей. Это – прекрасно! Не всякий гений может быть таким!

(Пушкиннің 175 жылдығына.

Менің ол жайында білетінім сол: Пушкин, бәрінен бұрын өз балаларының ат көлігі болды. Бұл – тамаша! Ұлылардың бәрі ондай бола алмайды).

* * *

21-сентябръ 1974-жыл.

Все мне чуждо, отвратительно, омерзительно! Я давным-давно перестал понимать, кто мне друг, кто враг. Нет! Нет у меня друзей! Вижу только со всех сторон сползающих осьминогов к себе. Могу ли я отбиваться, не знаю. В таком (лучае только чудо меня может спасти. А я твердо верю в чудеса. Чудо должно свершится!

А пока меня хотят обезоружить. Враги мои безперестанно наступают. Они готовы уничтожить меня. Если кто-нибудь скажет, отдав ружье одному: "стреляй в него", – то тот или иной, не дрогнув рукой готов сию же минуту убить меня: меня – любившего вес род человеческий, не сделавшего никому зла.

Друг мой неизвестный! Ты говоришь, что у меня семья, спой дом, свой очаг. Еще что тебе не хватает? Нет, это не правда! Нет у меня семьи, нет родителей и родственников. Дом, в котором я живу, это не дом, а гроб при жизни. Спрашиваешь, почему тогда живешь, заботишься о семье, стараешься жить, стихи пишешь, книжонку хочешь выпускать?

Отвечаю: для детей, для своих капли кровей! Все-таки, они продолжение моих не дожитых дней, хотя, иногда, и они, мои маленькие хищники, тоже показывают мне свои когти, и готовы в любой момент причинить мне боль, глубокую рану. Для них, для моей жены я давно перестал быть отцом и мужем, а превратился в машину, добывающую деньги. Вот так они меня принимают и признают. Во мне что-то умерло, невозможно теперь оживить его... Все равно, последнее слово останется за мной. Надо-же, в конце-концов, допеть лебединую песню.

Ей, шарманщики! Не вам судить меня! Настоящие судьи впереди еще. Пройдут года, придет новое поколение, и они поставят каждого из нас на свое место. Испокон веков так было, так и есть, так будет! О себе я вот что скажу Я ровесник поколения XXI века, а может быть, родственник еще дальних поколении...

Бәрі маған жат, жексұрын, жиіркенішті! Кімнің дос, кімнің қас екенін ұғудан мен баяғыда-ақ қалғанмын. Жоқ! Менің достарым жоқ Мен тек айналамнан өзіме қарай жылжып келе жатқан сегіз аяқты сұмдықтарды ғана көрем. Қорғана аламын ба, білмеймін. Мені бұдан тек қана бір керемет құтқара алады. Ал мен кереметке қатты сенемін. Кереметтер болуға тиіс!!!

Қазірше мені қарусыз қалдырғылары келеді. Дұшпандарым тоқтаусыз шабуылдауда. Олар мені құртып жіберуге де дайын. Егер біреу қолына мылтық беріп, ат десе, қайсысы болса да қолы қалтырамастан бүкіл адамзатты сүйген, ешкімге зияны тимеген мені сол заматта-ақ атып жіберуге әзір.

Менің белгісіз досым! Сен маған: өз отбасың, өз үйің, өз ошарың бар, тағы саған не жетпейді дерсің? Жоқ олай емес. Менде отбасы, ата-ана, туыс жоқ Мен өмір сүріп жүрген үй – үй емес, тіршілігімдегі табыт. Онда неменеге өмір сүріп, отбасыңның қамын жеп, пірі болуға тырысып өлең жазып, кітап шығармақ болып жүрсің дерсің.

Жауап берейін: балаларым үшін, өз тамшы қаным үшін. Қалай болғанда да олар менің өмірімнің жалғасы ғой. Кейде олар да – менің сол кішкене жыртқыштарым да – маған өз тырнақтарын көрсетіп қояды, кез келген уақытта менің жанымды ауыртуға, қатты жарақаттауға олар да даяр. Олар үшін, әйелім үшін мен әке, күйеу болудан баяғыда қалғам, ақша табатын мәшинеге айналғам. Олар мені солай қабылдайды, солай таниды. Менің ішімде әлдене өлген, оны енді қайта тірілту мүмкін емес... Бәрібір соңғы сөзді мен айтам. Қалай болғанда да ақырғы әнімді айтып бітуге тиіспін ғой.

Ей, безілдектер! Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен ХХІ-ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да...

* * *

Қайнекей ғұлама адам еді, ол да желінді... Франсуа Вийонды ол аса жақсы түсініп, жақсы аударып еді; бітіре алды ма екен, жоқ па екен?! Жатқан жерің торқа болсын...

1 октября 1974 г.

Не тот глупец, кто будучи не имея ни грамма таланта, претендует стоять в одном ряду с талантливыми литераторами; глупец тот, кто мерит свое творчество с сегодняшним днем и своим ура – патриотизмом хочет остаться на литературном поприще. Глупец тот, кто ищет и псе время находит вакантное место в литературе. Нынче талантливые люди в литературе мало играют роль. Теперешней нашей литературе нужны послушные холопы. Они, конечно, "борозду не портят". Существующие правила их вполне удовлетворяют. С разрешения пишут, работают, кушают и ходят. Они дисциплинированы. Еще бы, когда талант рвется, хочет своей дорогой двигаться и сбивается с дороги, что-нибудь да натворит, те холопы тут как тут. Бессовестные, они готовы заменить таланта, и представьте, "заменяют". Занимают посты и командуют над талантами. О, как горько! Горьче не бывает...

Бойында бір тамшы таланты жоқ бола тура, талантты әдебиетшілердің қатарында тұрғысы келгендер ақымақ емес, өз шығармашылығын бүгінгі күнмен және өзінің ұранды патриотизмімен өлшейтін, сөйте тұрып, әдебиетте қалғысы келетіндер – ақымақ. Үнемі іздеп жүретін және ылғи әдебиеттегі "бос орынды" тауып ала қоятындар ақымақ. Осы күні талантты адамдар әдебиетте аз рөл атқарады. Қазіргі біздің әдебиетке құлдық ұра беретін құлдар қажет. Олар, әрине, "борозданы бүлдірмейді". Осы күнгі ережелер оларды толық қанағаттандырады. Рұқсатпен жазады, жұмыс істейді, тамақ ішеді және жүріп-тұрады. Олар тәртіпті. Өйтпегенде ше, талант буырқанса, ол оз жолымен қозғалғысы келеді және жолдан шығып кетіп, бірдемені бүлдіріп те алады, сондайда құлдар аяқ асты табыла кетеді. Ұятсыздар, олар таланттың орнын баса қоюға дап-дайын және ойлап қараңызшы, "орнын басады да". Орынға отырады да, таланттардың үстінен бұйыра бастайды. О, қандай күйінішті! Одан өткен күйініш болмайды...)

* * *

6 октября 1974 г.

Настанет ли время очистить нашу литературу от сорняков ?! Вряд ли. Нынешняя наша существующая литература всяких дельцов, земляков и друзей, подхалимов и трусов. Кое-как появится на литературном горизонте один пройдоха, и этот пройдоха притащит с собой себе подобного Санчо-рецензента. И этот "рецензент" до поры до времени тянет свои лапти на этом же поприще. Стремится взять быка за рога. Кому подхалимничает, кого пугает (сам пугается), оглядывается, нет, дальше так не пойдет, и, он, при помощи своих собратьев-халтурщиков, не стесняясь, делает шаг в большую литературу, теперь сам хочет быть творцом. Поэтому то, что ни месяц, у нас, в нашей литературе появится новая, но неизвестная, безымянная "звезда". Мы по замечаем, что наша добрая почва пометили <еще одного горттнка. До каких пор так должно продолжайся?! Осмелится кто-нибудь вырвать сорняки с корнями?! По моему это не дело одного рук. Потому и я призываю тех, кто страдает за чистоту нашей литературы, талантов меньшинств: Друзья, таланты! Соединяйтесь! Объявляйте войну против всех халтурщиков! Выведите на чистую воду всех их покровителей! Поймите же, наша литература начала задыхаться!

(Әдебиетімізді арамшөптерден тазартатын күн туар ма екен?! Қайдам?! Осы күнгі әдебиет – нағыз таланттардың әдебиеті емес, пысықтардың, жерлестер мен достардың, жағымпаздар мен қорқақтардың шатпағы. Әдебиеттің көкжиегіне өйтіп-бүйтіп бір алаяқ іліне қалса, ол өзі сияқты бір Санчо-сыншысымақты сүйрелей келеді. Ол "сыншысымақ" белгілі бір уақытқа дейін өз шәркейін сол салада сүйретіп жүріп жатады. Жағдайы барда айпап-жайпап қалуға тырысады. Біреуге жағымпазданады, біреуді қорқытады (өзі де қорқады), содан соң жан-жағына қарайды: жоқ бұдан ары бүйте беруге болмайды екен; ол өзінің шатпақайшыл серіктестерінің көмегімен ұялмай-қызармай үлкен әдебиетке аяқ салады, сөйтіп енді өзі шығармалар жаза бастайды. Сондықтан бізде ай сайын әдебиетімізде жаңа, бірақ өзі белгісіз, аты-жөнсіз бір "жұлдыз" пайда болып жатады. Ал біз құнарлы топырағымыз тағы бір арамшөпті өсіргенін елемейміз. Қашанға дейін осылай созыла бермек? Арамшөптерді түп тамырымен жұлып тастауға әлдекімнің батылы жете ме? Менің ойымша, ол бір ғана кісінің қолынан келетін іс емес. Сондықтан мен әдебиетіміздің тазалығы үшін қиналатындарды, азшылық таланттарды мынаған шақырам: Достар, таланттар! Бірігіңдер! Барлық шатпақайшыларға қарсы майдан ашыңдар! Олардың жебеп-жебеушілерін түгелдей әшкерелейік! Ұқсаңдаршы, біздің әдебиетіміз тұншыға бастады!)

* * *

24 января 1975 г.

После всяких потрясений (и морально, и материально), оказался в больнице. Ожидал ли я этого, не знаю. Врачи говорят, что у меня хронический гепатит с переходом в цирроз печени. Насколько правда, тоже не знаю. Но сам прекрасно понимаю, где, как, что у меня болит. Прекрасно чую, у меня болезнь не одна, чую, что душа вся в крови...

Больница мне помогла. Там в больничной палатке, ночью в буфете (столовая) работалось отлично. После долгой разлуки мы встретились (с поэзией) как влюбленные. Видать, соскучились друг без друга. В течении двух месяцев (с 8 декабря 1974 г. по 24 января 1975 г.) написано около 4000 стихотворных строк. Работал на совесть, не думая, возмется ли кто-нибудь опубликовать их.

Во мне начинается прозрение. Начинаю понимать других, окружающую среду. Не понимаю, иногда мне кажется, что весь род людской становится другом, а бывают моменты, что родная мать окажется мне врагом. Это, наверно, от того, что я отношусь к людям чересчур сочувственно, от них жду того же. Хочу быть понятным. Хочу, чтобы мне сочувствовали люди, чтобы уважали меня. Потому что сам уважаю их безмерно. По отношению ко мне, что вздумается, пусть люди говорят. Остановить их не в моей власти. Но их скрытая враждебность не скроется от моего взора, все равно узнаю. Узнаю, да когда-нибудь культурно или безобразно нагрублю. Иначе я болею. Почему все это я говорю, да потому, что имею дело с людьми, исследую их. Меня интересует не сам человек, не оболочка, а характер, отношение, мысли и психология людей. Стараюсь понять их. Понимая людей, сам хочу быть понятным. Вот она – суть всей моей поэзии. Для меня поэзия – крик души. Больше ничего...

(Сан алуан сілкілеуден соң (моральдық та, материалдық та) ауруханадан бірақ шықтым. Мұндайды күттім бе, білмеймін. Менікі бауырдың қаттылануына айналып бара жатқан созылмалы гепатит дейді дәрігерлер. Қаншалықты дәл екенін тағы білмеймін. Бірақ қай жерім, қалай, нем ауыратынын өзім жақсы білемін. Аурудың біреу ғана емес екенін де, жанымның қанға батып жатқанын да жақсы білем...

Аурухана маған көмектеспеді. Аурухананың палатасында, түнде буфетте (асханада) өте жақсы жұмыс істелді. Ұзақ .айрылысудан соң (поэзиямен), ғашықтарша ұшырастық.

Байқаймын, бір-бірімізді сағынып қалыппыз. Екі айдың ішінде (1974-жылдың 8-желтоқсанынан 1975-жылдыц 24- каңтарына дейін) 4000 өлең жолы жазылыпты. Әлдекім жариялай ма, жоқ па дегенді ойламастан, арыммен жұмыс істедім.

Менің көзім енді ашыла бастағандай. Басқаларды,қоршаған ортамды ұға бастадым. Неге екенін, кейде маған бүкіл адамзаттың баласы дос болып көрінеді, ал кейде туған шешем де қас сияқтанып кететін сәттер бар. Ол, сірә, менің адамдарға соншалық шектен тыс жаным ашып, есесіне олардан да өзіме сондай жанашырлық күткендіктен болар.

Жұртқа түсінікті болғым келеді. Мен олардың маған жаны ашығанын, мені сыйлағанын қалаймын. Өйткені өзім оларды шексіз сыйлаймын. Мен жайында не ойлайтындарын жұрт мейлі айта берсін. Оларды тоқтату менің билігімдегі нәрсе емес. Алайда олардың жасырын жаулықтары менің назарымнан тыс қала алмайды, бәрібір білем. Білем, сонан соң ерте ме, кеш пе, мәдениетке жата ма, жоқ па, әйтеуір, бір қатты айтып тастаймын. Әйтпесе, мен ауырамын. Мұның бәрін неге айтып отырмын, себебі мен адамдармен істес болам, оларды зерттеймін. Мені адамның өзі, сыртқы сүлдері емес, мінез-құлқы, қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсінуге тырысамын. Адамдарды түсіне отырып, олардың да мені түсінгенін қалаймын. Менің бүкіл поэзиямның мәні, міне, осы. Поэзия – мен үшін жанымның шырылы. Басқа ештеңке де емес.)

* * *

26 января 1974 г.

Я отношусь к Блоку как к полубогу. У Пушкина своя, особенная особенность; у Лермонтова, у Некрасова свои. В русской поэзии, мне кажется, Блок стоит особняком. Ни на кого не похож. Он выше своей поэзии. Очень культурная, серьезная поэзия у него. Блок – разочарованная душа. А его "Двенадцать11 – крик (вроде "Реквием" Моцарта) мятежной души.

"Возмездие" его – это плач целой эпохи, целого поколения. Блок мне напоминает орла. Он парит высоко-высоко, хочет и не хочет садиться на эту грешную землю. Если бы не закон тяготения, возможно, он остался бы на небе. Вся его жизнь напоминает "Коршуна" своего. У Блока не существует природы без человека и наборот. Природа и человек для него одно целое. Как можно понять природу без человека? Без его отношений к ней, без его настроения в тот или другой момент? Природа осознана, понято человеком. Значит она должна быть воспета вместе с ним.

Природа – она, сама собой украшение, не стоит ее украшать. Например, земля – земля, луна – луна, солнце – солнце и т.д. С чем еще можно сравнить их? Какое отношение того или другого человека к ним, кто как воспринимает, это другое дело. А искать всякие эпитеты для них, не кощунство ли?!.

У Блока все проще, понятно "Черный вечер, белый снег..." Опять-таки, в поэзии большую роль должен играть Дух. Остальное зависит от самого поэта. У кого не существует Дух, может удалиться от поэзии, нечего ему делать на этом поприще. К сожалению в наш век трудно таких прогнать, если они сами, по совести, не решаются на это. Потому что век-то наш добрый, хотя и жестокий...

Тәңірім-ай, сколько у нас поэтов и писателей! И все хотят быть прославленными. Все хотят быть обнародными, однако, даже не оглядываются, как смотрит на это народ к затеям.

Какая стала нынче наша добрая литература? Она стала кормилицей всем: и талантам, и бездарным, и пенсионерам и т.п. Придет молодой начинающий с двумя-тремя стишками, кое-где показывается и смотрит, не тут-то дело, пробиться невозможно. Потом попробует свою силу в прозе. Она тоже стоит перед ним непробиваемой стеной. Отчаявшись, молодой начинающий возьмется за критику. Зная, что подхалимничать тому или другому авторитету в поэзии и в прозе не очень-то легко, а в этой области удобно и выгодно. И он начинает свою деятельность. Иногда даже кого-то (того, кто не очень- то страшно, т.е. не занимает пост) пугает, и в один прекрасный день, становится "знатоком" нашей литературы и вершит суд над ней.

Я иногда хочу исследовать похождения скороспелок, каким путем они пришли в литературу, в чьем саду они росли, под чьим крылом они находятся, кто их покрыватели, да некогда мне...

Так продолжаться невозможно. В конце концов, всему будет конец, терпи и жди...

(Мен Блокты жарты құдай санаймын. Пушкиндікі өзіндік, өзіне ғана тән өзгешелік; Лермонтов пен Некрасовтікі де өздерінше. Менің ойымша, Блок орыс әдебиетінде оқшау. Ешкімге ұқсамайды. Ол өз поэзиясынан биікте тұр. Оныкі мәдениетті, күрделі поэзия. Блок – көңілі қалып, түңілген жан. Ал оның "Он екісі" – асау жан-дүниенің айқайы (Моцарттың "Реквиемі" сияқты).

Оның "Кепиетжазасы" – бүкіл ұрпақтың, тұтас бір дәуірдің көз жасы. Блок маған қыранды елестетеді. Ол өте, өте биікте қалықтайды, мынау күнәлі топыраққа қонғысы да келеді, қонғысы да келмейді. Егер тартылыс заңы болмаса, бәлкім, сол аспанда қала берер ме еді. Бүкіл оның өмірі өзінің "Қырғиына" ұқсас. Блокта адамсыз табиғат кездеспейді және керісінше. Табиғат пен адам – ол үшін біртұтас. Табиғатты адамсыз, оның әр сәттегі көзқарасынсыз, көңіл-күйінсіз қалай түсінуге болады? Адам табиғатты түйсінген, түсінген. Сондықтан табиғат онымен бірге жырлануға тиіс.

Табиғат сол өз қалпында әдемі, оны әдемілеудің қажеті жоқ, Қалай көрінсе, суреткер оны сол қалпында беруі керек. Мысалы, жер – жер, ай – ай, күн – күн, тағы-тағылар. Оларды немен салыстыруға болады? Оларға қай адамның қалай қарайтыны, қалай қабылдайтыны, ол басқаша жағдай. Ал оларға теңеу табам деп іздеу кәдірсіздік емес пе?

Блокта бәрі оңай, қарапайым: "Түнек кеш, Аппақ қар". ...Айналып келгенде, поэзияда рух үлкен рөл атқаруға тиіс. Қалғаны ақынның өзіне байланысты. Кімде рух болмаса, ол поэзиядан аулақ, жүруі керек, оған ол салада істейтін ештеңе жоқ, Өкінішке орай, егер олар өз ұяттары оянып, өздері солай шешпесе, біздің мына ғасырда оларды қуып тастау қиып. Өйткені біздің ғасыр қаталдығы болғанмен, бәрібір мейірбан...

Тәңірім-ай, бізде ақын, жазушы қаншама? Бәрі де атақты болғысы келеді. Бәрінің де халыққа танымал болғылары бар. Алайда сол әрекеттеріне халықтың қалай қарайтынына бұрылып бір өздері көз салмайды-ау.

Қайран әдебиетіміз қазір не боп кетті? Ол бәрін асыраушы: таланттыны да, талапсызды да, зейнеткерлерді де, тағы-тағыларды. Екі-үш өлеңін алып жаңа жаза бастаған жас келеді, бірер жерге көрсетеді, бұл істен ештеңе өнбейтінін, өтіп кетудің мүмкін еместігіне көзі жетеді. Сонан соң өз күшін проза жазып байқайды. Ол да алдында алынбас қамалдай тұрып алады. Ашынған, жаңа жаза бастаған жас сонан соң сынға жармасады. Поэзия мен прозадағы беделділердің біріне болмаса біріне жағымпазданудың оңай еместігін біліп, ал сын саласын ыңғайлы әрі тиімді санайды.

Сонымен өз әрекетін бастап кеп жібереді. Кейде тіпті біреуді (әрине, онша қауіпті еместі, яғни қызметі жоқты) қорқытып та тастайды, сөйтіп күндердің күнінде біздің әдебиетіміздің "білгіші" болып шыға келеді. Және әдебиетімізге үкімін жүргізе бастайды.

Мен кейде дүмбідездердің әдебиетке қандай жолмен келгенін, кімнің бақшасында өскенін, кімнің қанаты астында қатайғанын, оның қамқоры кім екенін, бүкіл кезген жолын зерттегім келеді, уақытым жоқ...

Бұлай бола беруі мүмкін емес. Түптің түбінде бәрінің де ақыры болады, шыда, күт...)

* * *

31 января 1975 г.

Как обидно (не дай бог!), умереть, не успев даже приобрести себе пару новых костюмов. Как горько родиться и жить в вечной нужде. Если я вспоминаю детство, юношество, мне становится жутко, обидно. Вся молодость прошла мимо меня. Никак не могу вспомнить хотя бы одного дня, который оставил бы маленький радостный след в моем сознаний. Вот уже пошел сорок четвертый год как я появился на этот свет, а вся эта жизнь выглядит так оскорбительно, так омерзительно, что порой хочется покинуть все добровольно...

Откровенно говоря, я раньше не знал, что такое здоровье, что такое болезнь. Оказывается, судьба моя не лишила меня возможности и в этом отношений. Раньше не знал, а теперь пришлось познать все недуги здоровья... Боюсь ли я смерти? Боюсь! Боюсь потому, что не вкусил радость жизни, что не встречался с радостью творчества, что всю свою жизнь провел в нужде, в вечном страхе перед ней. Короче, как-то оскорбительно родиться, жить и умереть ничего не увидевший, ничего не изменивший...

(Өзіңе бір жаңа екі костюм алып кимей-ақ өліп кетуің (құдай оның бетін әрі қылсын) қандай аянышты. Жетіспеушілікте туып және үнемі жетіспеушілікте өмір сүру қандай өкінішті. Егер бала, бозбала кезімді есіме алсам, сұмдық үрейленем, қатты жебірленем. Бүкіл жастық шағым менің өзіме соқпай жанай өтіп кетіпті. Санамда титімдей бip қуаныштың ізін қалдырған, ең құрыса, бір күнімді есіме түсіре алмаймын. Мен бұл жарық дүниеге келгелі, міне, қырық төртінші жылға аяқ басып барады екен, бар өмірімнің қор, жиренішті болып көрінетіні соншалық, кейде өз ырқыммен-ақ қиып кете салғым келеді...

Шындығын айтқанда, мен бұрын денсаулық дегеннің, ауру дегеннің не екенін білмеуші ем. Тағдырым мені бұдан да тыс қалдырмапты. Бұрын білмесем, енді бар сырқаттың сырын түсінуге тура келді. Мен өлімнен қорқам ба? Қорқам. Қорқатын себебім: өмірдің қуанышын татып көргем жоқ, шығармашылықтың қуанышын жолыққам жоқ, бар өмірімді жоқшылықта, жоқшылықтан үнемі үрейленуде өткіздім. Қысқасы, туғанда да, өмір сүргенде де және өлгенде де біркелкі болу: ештеңе көрмеу, ештеңе өзгермеу – қашанда қорлық қой...).

* * *

10 февраля 1975 г.

Если издадут в 1976 г. мои "Избранные", думаю, тогда в конце концов, мне станет чуть легче: и духовно, и материально. Хорошо же ведь иметь "Избранную". Я ее назову "Тамаша айым – тамызым" ("Август – месяц священный").

Если заключу договор с издательством, то это должно быть именно в августе. Обычно, они заключают договор в этом месяце, на следующий год. Это во-первых, а во-вторых, август – последний месяц лета; в третьих, конец моему похождению, все-таки я уже не молод, вот уже исполнится 44 года. И, конечно, конец моей молодости. После лета наступает осень... Вот почему мне хотелось назвать свою "Избранную" "Август – месяц священный". Дай, Боже, чтобы моя мечта свершилась! Подари, Боже поболыпе жизни, чтобы умереть довольным!...

(Егер 1976-жылы менің "Таңдамалым" шықса, онда менің ақыр аяғында рухани да, материалдықта жағдайларым ептеп те болса жеңілдеп қалар еді. Оны мен "Тамаша айым – тамызым" ("Август – месяц священный") деп атаймын.

Егер баспамен шартқа отырсам, онда сол тамыз айында отыруым керек. Әдетте, олар келесі жылдың шартын сол айда жасайды. Бұл – біріншіден, ал, екіншіден, тамыз – жаздың ақырғы айы; үшіншіден, менің жортуылдарым да бітеді, қалай дегенмен мен енді жас емеспін ғой, міне 44-ке келдім. Әрине, бұл менің жастығымның соңы. Жаздан кейін күз келеді. Сондықтан мен таңдамалымның атып "Тамаша айым – тамызым" деп қоймақпын. Құдай, қолдай гөр, арманым орындалса екен! Ризалықпен өлу үшін, ұзағырақ, ғұмыр сыйлай көр, құдай!..)

* * *

12 февраля 1976 г.

Старая болезнь. Больница. Лечение. От И января по 15 февраля. Видать, болезнь моя серьезная... Если врачи не врут, если правильно поставили диагноз, то меня спасти может только чудо. На этот раз я сам осознал, что я действительно болен. Похудел здорово. Самочувствие прескверное. Усталость, общее недомогание. Да еще грыжа, откуда взялась проклятая, не знаю; раныпе и в помине не было; мешает повсюду. В конце этого месяца назначена операция.

Мои "Избранные" пошли под названием "Өмірдастан", по своей воле. И верстку, и подписную самому читать не удалось, из-за болезни.

Не знаю, как она выглядит. Одним словом, бедную мою я оставлял на произвол судьбы. Я прекрасно знаю, как относятся мои коллеги к моим творениям... Под любым предлогом они готовы задеть меня конспиративно.

Закончил четвертую тетрадь, от корочки до корочки исписано, часть которой в больнице, часть дома. Итақ у меня готов еще один новый сборник стихов. Дайте мне скорее издателя, а я обеспечу его новыми стоящими вещами.

Я не привык писать стихи урывками, когда как, где попало. Нет! Поэзия – это порыв души. Когда порыв появляется, надо сидеть не отрываясь от работы. Кому как, а я не встану, пока не иссушу, не выжму все соки вдохновения. Болезнь болезнью, но работалось отлично. Иногда даже оно (творчество) исцеляет меня от всех недугов.

Стихотворения прежде всего напряженнейший труд, труд кропотливый, нервный. Любит уединения и покой. Если во время такого напряжения на полдороге я остановлюсь, то потом трудно будет мне гнаться за мыслями. Отвыкну от прежнего азарта.

(Ескі ауру. Аурухана. Емделу. 11-январьдан 5-февральға дейін. Ауруын оңай болмаса керек. Егер дәрігерлер алдамаса, диагнозды дұрыс қойған болса, онда мені тек бір керемет күш қана сақтап қалады. Бұл жолы шынында да ауру екенімді мен өзім де ұғындым. Қатты жүдедім. Көңіл күйім нашар. Шаршадым, бүкіл өне бойым сырқат. Оның үстіне жарық деген кесел жабысыпты, қарғыс атқырдың қайдан пайда бола кеткенін білмеймін. Бұрын мүлде қаперімде жоқ нәрсе, әбден кедергі болды. Осы айдың аяғында операцияға белгілеп отыр.

Менің "Таңдамалым" өз келісіміммен "Өмірдастан" деген атпен кетті. Ауруыма байланысты қалыптасып да, соңғы қолқойымын да өзім қарай алмадым.

Қалай болып шығарын білмеймін. Бір сөзбен айтқанда, байғұсты тағдырдың тәлкегіне тастадым. Өз әріптестерімнің менің шығармама қалай қарайтындарын тым жақсы білемін. Кез келген сылтау тауып, олар мені білдірмей бір іліп қалуға дайын турады.

Жартысын ауруханада, жартысын үйде, алдыңғы тысынан артқы тысына дейін түгел жазылған төртінші дәптерді бітірдім. Сонымен, менің тағы бір жаңа жинағым даяр. Маған тездетіп баспагер тауып беріңдерші, мен оны жаңа татымды дүниелермен қалай қамтамасыз етер екем.

Мен өлеңді үзіп-жұлқып, орайы келгенде, кезі келген жерде жазуға әдеттенбегем. Жоқ! Поэзия – жан бұлқынысы. Бұлқыныс пайда болғанда, қаламнан қол үзбей отыру керек. Кімнің қайтетінін қайдан білейін, мен өзім шабыттың бүкіл сөлін сығып алып, құр сүлдерін қалдырғанша орнымнан тұрмаймын. Аурудың аты ауру, бірақ жұмыс өте жақсы істелді. Кейде ол (шығармашылық) мені бүкіл сырқатымнан сауықтырып жібереді.

Өлең шығару – ең әуелі қажырлы еңбек. Азапты, жүйкеге салмақ салатын жұмыс. Оңашалануды және тыныштықты сүйеді. Егер мен ондай толғақ үстінде жарым жолда тоқтай қалсам, кейін онда ой соңынан қуалау маған қиын. Алғашқы құмарлықтан ажырап қалам).

* * *

14 февраля 1976 г.

Если когда нибудь, кого нибудь интересует моя жизнь, мое творчество, я вот что скажу им:

Дорогие товарищи мои! Если Вы действительно намерены исследовать мою биографию, мое творчество, то не забудьте прочесть все, что написано мною. И прошу не отделяйте меня от моих стихотворений. Напоминаю, что мое стихотвоерние ничего не составляет отдельно. Оно совокупно как поэма. Есть начало и конец. Это вроде бы зов иногда очарованной, иногда разочарованной души.

Мнимое переживание, мнимая любовь и радость, мнимый патриотизм и т.д. – враг поэзии. Не надо творить ради расположения публики, а надо ради расположения Духа. Каждый пишущий человек может рассмешить, разволновать читателя (это зависит от его мастерства), но чтобы войти в его душу, прочно остаться в его памяти, надо быть предельно откровенным, душевным и понятным. Иногда твои образы и праобразы обыкновенной, понимающей публикой откладывается на задний план. Каждый читатель в художественном произведений ищут себя, частицу своей души.

Поэтому я через своего "Я", не утаивая, в стихах вел летопись своей жизни. Тут и горести и радости моей души, которые я думаю, должно отражаться в чужих сердцах.

И тақ друзья, все мое творение – это лишь только одна целая поэма. Поэма о жизни и смерти, о переживании и радости человека. Если не верите, попробуйте-ка собрать все мои стихотворения и составить сборник. И учтите, чтоб каждое мое стихотворение стояло на своем месте, т.е. по годам и по росту, а потом прочтите, не отрываясь. На сюжет можете не обращать внимание, а следите за композицией, архитектоникой... Если там меня нет, нет поэта! Тогда казните меня как хотите.

(Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аудара қалса, оларға былай дер едім:

Менің қымбатты достарым! Егер сендер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңде болсын, менің жеке өлеңім өзінше ештеңе құрамайды. Ол поэма іспетті біртұтас. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның үніндей. Жалған күйініш, жалған махаббат пен қуаныш, өтірік патриотизм және тағы-тағылар – поэзияның жаулары. Көпшіліктің көңілін аулау үшін емес, жаныңның жайбарақаты үшін жазу керек. Әрбір жазатын адам күлдіре де, абыржыта да алады (бәрі оның шеберлігіне байланысты), бірақ оның жанына кіріп, есінде мықтап қалу үшін, барынша ашық, сезімтал әрі түсінікті болу қажет. Кәдімгі түсіне білетін көпшілік кейде сенің образдарың мен праобраздарыңды кейінге ысырып тастайды. Әрбір оқырман көркем шығармадан өзін, өз жанының құрамдарық іздейді.

Сондықтан мен өзімнің "Менім" арқылы жасырып жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс мұңы мен қуанышы – бәрі сонда.

Сонымен, достар, бүкіл менің жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүгін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қам жеулері мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңімді жинап бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын, яғни жылына және бойына қарай, сонан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қоюларыңа болады, ал композициясы мен архитектоникасына зер салыңдаршы. Егер мен онда болмасам, онда ақынның да болмағаны).

* * *

14 февраля 1976 г.

Кто из современной молодежи ломает голову над чтением "Евгений Онегин" Пушкина или "Чайльдом Гарольдем" Байрона? Едва ли найдется. Я сомневаюсь, хватит ли терпения у них прочесть до конца Лермонтовский "Демон". Нынешнее поколение живет сегодняшним днем. Для них жизнь не театр, а мимолетная эстрада. Они в чудеса не верят; для них ничто не чудо; у них вкусы быстро меняются. Им чуждо, мне кажется, глубоко мыслить, познать себя и других.

А что, если, назло им, написать роман в стихах про их жизнь, на их же лексиконе? С этим заставлять их, злодеев?

(Қазіргі жастардың қайсысы Пушкиннің "Евгений Онегинін" немесе Байронның "Чайльд Гарольдін" оқып басын қатырады. Ондайлар зорға табылар. Лермонтовтың "Шайтанын" аяғына дейін оқып шығуға олардың шыдамы жетер-жетпесіне күмәнданам. Қазіргі ұрпақ бүгінгі күнімен өмір сүреді. Олар үшін өмір театр емес, өте шығатын эстрада. Олар кереметке де нанбайды: оларға ештеңе керемет емес; олардың талғамы тез өзгереді. Маған терең ойлау, өзін және өзгені тану оларға жат сияқты боп көрінеді.

Егер қасақана солардың өмірі жайында солардың өз сөйлеу мәнерінде өлеңмен роман жазса қайтер еді? Сол арқылы мәжбүр етсе көксоққандарды ?..)

* * *

16 февраля 1976 г.

Без художественной критики не существует художест-венная литература. Она (критика) должна брать на себя очень многое. Критика должна быть и судьей, и адвокатом, и, когда необходима, должна быть очень суровым, да жестоким обвинителем. Иначе литература, да и вообще искусство напоминает первобытное общество. Каждый действует по своему, при том сознавая, что действует не хорошо, инстинктивно, не художественно. Однако, лезет и лезет. Во всем этом виновата критика. Нет у нас здоровой критики. Нет ее здоровые, справедливые, умеющие представители. Есть только подхалимы. Они между собой соревнуются восхвалять того или другого авторитета. С этим они огораживают себя, чтобы вечно остаться литературным нахлебником. Эти ура- критики не различают художественного произведения от халтуры. У них на первом плане стоит сам автор. Кто он таков, каков он пост занимает. А в тени таких халтурщиков медленно погибают таланты.

(Көркем сынсыз көркем әдебиет өмір сүрмеңді. Сын өз мойнына талай нәрсені алуға тиіс. Сын қазы да, адвокат та болуы керек, ал қажет бола қалған жағдайда ол өте қатал мейірімсіз айыптаушы да бола білуі керек. Әйтпесе, әдебиет, жалпы өнер атаулы алғашқы қоғам құрылысын елестетеді. Әркім өз білгенінше, мұнысы жақсы еместігін сезе тұра, жабайы түйсікпен, көркемдікке жат әрекет жасайды. Алайда кимелей береді, кимелей береді. Соның бәріне сын кінәлі. Бізде дұрыс сын жоқ Оның таза, әділ, білгір өкілдері жоқ Тек жағымпаздар бар. Олар беделділерді мақтау үшін өзара жарысқа түседі. Олар сол арқылы әдебиеттің асырауында өздерінің қала беруін қамтамасыз етеді. Бұл урашыл-сыншылар көркем шығарманы шатпақтан ажырата алмайды. Олар үшін автордың өзі бірінші орында тұрады. Оның кім, қандай қызметте екеніне көңіл аударады. Ал ондай шатпақайлардың көлеңкесінде таланттар бірте-бірте сөне береді.)

* * *

"...А сколько погибло цивилизаций и великолепных произведений искусства только потому, что в свое время не было хороших критиков".

("Тек қана өз уақытында жақсы сыншылардың болмауынан қаншама өркениет пен ғажайып өнер туындылары құрып кетті екен десеңші!")

Чехов.

* * *

У кого нет определенного, здравого взгляда на жизнь, на общество, в котором он живет, тот не поэт. Тот человек не имеет право считать себя думающим гражданином общества, не только поэтом.

Настоящий современный поэт должен быть, прежде всего мыслящим, т.е. философом. Голая красота поэзии подобна к голой красавице, ею можно лишь полюбоваться. Обязанность поэта не обрисовать, не описывать, а раскрыть тайну красоты, что именно спрятано за той красотой. Как опытный диагностиқ современный поэт должен нащупывать пульс времени, должен болеть болезнью эпохи общества. Быть философом в поэзии, это значить осознать окружающий мир, познать суть вещей. Однако не надо быть холодным, рассудительным философом, надо до конца остаться "инженером человеческих душ"...

(Өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға белгілі бір көзқарасы жоқ адам ақын емес. Ондай адамның өзін ақын ғана емес, қоғамның ойлай білетін азаматымын деуге де қақысы жоқ.

Қазіргі нағыз ақын алдымен ойшыл, яғни философ болуы қажет. Поэзияның жалаң сұлулығы жалаңаш сұлуға ұқсайды: оны тек қызықтауға ғана болады. Ақынның міндеті суреттеп шығу, баяндап беру емес, қайта сол сұлулықтың құпиясын, оның ар жағындағы нақ сол жасырынды ашып беруде. Осы заманғы ақын тәжірибелі құбылнамашыдай уақыт тамырын дәл басып, дәуірдің, қоғамның дертін өз дертіндей қабылдауға тиіс. Поэзияда философ болу деген сөз – өзін қоршаган әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу. Алайда салқынқанды, ақылгөй философ болу жарамайды, ақырына дейін "адам жанының инженері" болып қалу керек...)

* * *

17 февраля 1976 г.

Какой поэт не воспевает природу? Но с какой стороны подходит к ней? Это – вопрос. Например, возьмем Пушкина. У него природа и человек и его настроение едины. В поэзии Пушкина человек и природа воспето вместе, не отставая друг от друга.

В каком настроении человеқ в таком же положении окажется природа или наоборот. Они зависимы друг от друга. Мне кажется...

(Қай ақын табиғатты жырламайды? Бірақ қайсысы қай жағынан келеді? Бұл – сұрақ Мысалы, Пушкинді алайық Онда табиғат пен адам және оның көңіл күйі біртұтас. Пушкин поэзиясында адам мен табиғат бірге жырланады, бір-бірінен қалыспайды. Менің ойымша...)

* * *

Хвала и честь тем людям, которые живут сегодняшним днем, сегодняшней жизнью. Провел день хорошо, и хватит. Провести жизнь свою в достатке без нужды, без переживаний, оставить хорошее, богатое наследство вот смысл жизни для них. Что же, правильно они делают.

К чему стремлюсь я, жертвуя собой?! Жертвуя всеми?! Все к чертям! В конце концов, я ведь тоже должен пользоваться всякими земными благами... Но как?!

(Бүгінгі күнмен, бүгінгі өмірмен ғана тіршілік жасап жатқан адамдардың даңқы мен атағы арта берсін. Бір күнін жақсы өткізді ме, жетеді. Олар үшін өмірдің мәні – өз ғұмырын қыжалатсыз молшылықта, уайым-қайғысыз өткізіп, артына жақсы, бай мұра қалдыру. Несі бар, олардікі дұрыс.

Өзімді құрбандыққа беріп, мен неменеге талпынам? Бәрін құрбандыққа қия отырып?! Шайтан алсын бәрін! Түптеп келгенде, жер бетіндегі жақсылықтың рахатын менің де көруім керек қой. Бірақ қайтіп?!)

* * *

В одно я твердо верю, что поэзия умрет вместе с естеством, т.е. с человеком и природой. Пусть очерствеет душа человечества, все равно останется один разумный человек. Тот – поэт. Последнее слово за ним.

(Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне – кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін, қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сонікі.)

* * *

Что должен иметь поэт, чтобы быть поэтом?

Первое: талант. Талант с образованием, с эрудицией (диплом не обязательно).

Второе: совесть, чтобы стыдиться самому перед собою, прочтя слабые вещи.

Третье: Простоту. Пусть не гениальную как у Пушкина и Абая, но простоту человеческую, чтобы быть понятным другим. Не умничать, не рассуждать, а воспевать.

Четвертое: Интуицию. Чего не видят другие, увидеть и познать.

Пятое: Труд, чтобы постоянно совершенствоваться.

Шестое: Дух. Всегда держать себя духовно богатым.

(Ақын болу үшін ақында не болуы керек?

Бірінші: талант. Білімді, сұңғыла талант (диплом міндетті емес).

Екінші: ұят, өзінің нашар өлеңдерін оқығанда өзінен өзі ұялу үшін.

Үшінші: қарапайымдылық Пушкин мен Абайдікіндей болмаса да, басқалар түсінетіндей адамдық қарапайымдылық Ақылдымсымау, түсіндірмеу, тек жырлау.

Төртінші: түйсік. Басқалар көре алмайтынды көру және тану.

Бесінші: еңбек, үнемі шындалып отыру үшін.

Алтыншы: жан. Жан байлығын әмәнда сақтау қажет).

* * *

18-февраль 1976-жыл.

Здоровье мое как дом разрушенный. Пока поправки не чувствую. Особенно трудно под утро. Как будто бы камень лежит в груди, тяжело, под правыми ребрами что-то дает знать о себе. Печенка ли, легкие ли, не знаю. Трудно представлять откуда у меня столько болезней:

1. Цирроз печени (сам не верю, врачи говорят...)

2. Внутренний кровоточащий геморрой (с 1972 года).

3. Грыжа (с 1975 года).

4. Радикулит.

5. Гастрит.

6. Ревматизм.

7. Головная боль.

8. Бессоница.

Сердце! Только оно – одна моя опора.

(Менің денсаулығым қираған үй сияқты. Әзірше түзелген сиқым байқалмайды. Әсіресе таңға жуық қиын. кеудемді тас басып жатқандай ауыр, оң жақ қабырғамның астынан әлдене сыздайды. Бауыр ма, өкпе ме, білмеймін. Осыншама аурудың қайдан жабықанын маған елестетудің өзі қиын:

1. Бауырдың қатаюы (дәрігерлер солай дейді, өзім сенбеймін).

2. Қанталаған көтеу (1972-жылдан).

3. Жарық (1975-жылдан)

4. Қуяң.

5. Гастрит.

6. Ревматизм.

7. Бас ауруы.

8. Ұйқысыздық

Жүрек! Менің жалғыз тірегім – тек сол).

* * *

25 февраля 1976 г.

Бесспорно, наш фольклор богатый. Его можно поставить на уровне с любым фольклором любого народа. Если сравнить наш фольклор с нашей литературой, то последняя выглядит куда беднее. Это от того, что она еще молода, еще не окрепла. Пишущих хоть отбавляй, а написанные (серьезные полнокровные) еще малы. Мы довольствуем количеством написанных. Не пора ли задумываться над тем, что художественная литература не труд коллективный. Она рождается глубоко индиви-дуально. Она не отчет, не фотография определенного времени. Она должна пережить испытания общества эпохи. Километровые списки не составляют литературу, когда ее достоинства миллиметровые...

(Фольклорымыздың бай екені даусыз. Оны кез келген халықгың кез келген фольклорымен қатар қоюға болады. Егер фольклорымызды әдебиетімізбен салыстырсақ онда соңғысы кәдімгідей кедей көрінеді. Ол оның әлі жасандығынан, буыны қатпағанынан. Жазғыштар көп болғанмен, жазылғаны (мәнді, толыққандысы) әлі аз. Біз жазылған нәрсенің санына қарап қарықпыз. Көркем әдебиет ұжымдық еңбек емес екенін ойлайтын уақыт жетпеді ме? Ол мейлінше даралықтан туады. Және белгілі уақыттың есебі де, фотографиясы да емес. Ол қоғамның, дәуірдің сынынан өтуге тиіс.

Егер қалір-қасиеті миллиметрлік қана болса, шақырымға созылған тізімдер әдебиетті құрай алмайды.)

* * *

28 февраля 1976 г.

Если бы не болезнь, этот год для меня начался неплохо. Вышли "Избранные" – "Өмірдастан" тиражом 15 тысяч; весьма неплохо. По содержанию, по тематике меня удовлетворяет. Удивительно то, что написанные мною 10– 20 лет тому назад читаются как новые. Все на месте...

(Әттең, ауруым болмаса, биылғы жыл мен үшін жаман басталмады. "Өмірдастан" – таңдамалым он бес мың дана боп шықты: аса жаман емес. Мазмұны, тақырыбы мені қанағаттандырады. Бұдан 10–12 жыл бұрын жазғандарымның жаңа дүниедей оқылатыны қуантады. Бәрі орнында...)

"Жазушы" баспасының көркем аударма бөліміне Мұқағали Мақатаевтан



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз