Италияның ұлы ақыны Данте Алигьеридің "Тәңір тәлкегі" (Әзірге "Божественная комедияны" осылай деп отырмын) дастанын аударумен жылдар бойы шұғылданып жүрмін. Жекелеген үзінділері республикалық газет-жорналдарда жарияланған. "Литературная газетада" ол туралы хабар да берілген еді.
Өздеріңізге белгілі, "Тәңірдің тәлкегі" үш кітаптан тұрады ("Тамұқ", "Ғарасат майданы", "Ұжмақ"). "Тамуқ" деп аталатын бөлімін ада-күде аударып болдым. Көлемі бес баспа қағаз; кіріспе сөзі, анықтамалары бар. Дүние жүзі әдебиетінің алтын қорына айналған бұл шығарманы қазақ оқушылары да қабылдар, халқымыздың мәдени мұрасына қосылған рухани үлестердің бірі болар деген ниеттемін. Әрине, алдын ала кем-кетігін ескертіп, кеңес беретін жолдастарға алдын ала, күнібұрын рахмет! Соның үшін де "Тамұқты" 1969-жылдың жоспарына енгізулеріңізді өтінемін.
Өтінішпен М. Мақатаев.
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі